Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Панфилов ауданында кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында Панфилов ауданында кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы

 

Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының «Діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру керек»- деген 5-ші басымдылығын басшылыққа алып, Алматы облысында 15 ақпан - 15 наурыз аралығында кеңейтілген профилактикалық жұмыс пен нысаналы топтар арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Деструктивті діни ағым ұстанушыларымен жеке ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізу үшін ІІІ-топ құрылып, оған Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстаздары Ризабек Батталұлы, Жасұлан Жүсіпбекұлы, Алау Әділбаев, Шәмшат Әділбаева, ҚазҰУ мәдениеттану және дінтану кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы Б. Бейсенов,  сонымен қатар, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының теолог мамандары мен Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұстаздары, мемлекеттік қызметкерлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, маслихат депутаттары, ауыл ақсақалдары және зиялы қауым тартылды. Кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шекаралық аймақта орналасқан Панфилов ауданынан басталды.

Бүгінгі күні Панфилов ауданының аймағында 40 діни бірлестік өз қызметтерін атқаруда. Оның ішінде: 36 ислам мешіті, 2 орыс православ шіркеуі, 1 Рим-католик, 1 протестанттық (елуіншілер) шіркеулері.

98 мамандардың қатысуымен 65 іс-шара өткізу жоспарланды. Жоспарлы және жоспардан тыс 151 іс-шара өткізіліп, 11502 адам қамтылды (аудан халқының 9,1 % құрайды).

І-Ақпараттық-түсіндіру тобы зайырлы мемлекеттегі діннің рөлі, тарихи, мәдени адами құндылықтар, дәстүрлі ислам жайлы, жат пиғылды ағымдардың идеологиясы туралы мағлұматтар беріп, жалпы саны  95 іс-шара өткізді.

Елімізге белгілі «Өнер Қырандары» театрының «Заман-ай» қойылымы көрсетіліп, қоғамымызда орын алып жатқан өзекті мәселелерді аса шеберлікпен қозғап, шынайы көрсете білді. Әлем жұртшылығын алаңдатып отырған теріс ағымдардың зияны мен зардабын шынайы көрсететін  қойылымды тамашалаған халық ерекше сезімге бөленді. Сонымен қатар, жастар санасында деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасының еңбек сінірген қайраткері режиссер Болат Ұзақов Астана қаласынан арнайы шақыртылып, А. Исханның «Дертке дауа – Хақ жолы» әлеуметтік драмасын Талдықорған қаласы Б. Римова атындағы драма театрында сахналады. Осы қойылым облыстың барлық аудан, қалаларында «Рухани керуен» аясында жолға шығатын болды.    

II-топ дәстүрлі емес діни ағымның ұстанушы 79 азаматпен, оның ішінде 10 жетекшілерімен жеке ақпараттық-түсіндіру, оңалту жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде 14 азамат дәстүрлі исламның ханафи мазхабына толығымен өткенін мойындады. Бұл жұмыс алдағы уақытта да өз жалғасын табады

Айлық аясында имамдардың біліктілік деңгейлерін жетілдіру мақсатында танымал теологтар мен Тадықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұстаздары оқыту семинарларын өткізді.

Мемлекеттік мекемелерде, ірі кәсіп орындарында, шаруа қожалықтарында зайырлы мемлекеттегі діннің рөлін, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлтаралық татулықпен, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылықтарын насихаттау жұмыстары әкімшілік тарапынан, ішкі саясат, мәдениет, спорт мекемелерімен ардагерлер кеңесі, депутаттық корпус, ұлттық мәдениет орталықтары мен діни ғибадатханалар арқылы жүйелі түрде атқарылу тапсырылды.

III-топ діндар жамағатпен  52 іс-шара өткізді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері бірлесіп, аудандағы 36 мешіттің  24 мешітін қамтыды. Аудан бойынша мешіттердің жамағаттарымен кездесулер өткізіліп, мешітке келетін әйел, діндар жамағатымен уағыз-насихат жұмыстары  жүргізілді.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардан өзге, аудан аумағында орналасқан діни әдебиеттер сататын орындарға, әлеуметтік желілерге талдау жүргізіліп, діни экстремизмді насихаттауға тосқауыл қойылды.Бірқатар әлеуметтік мәселелер өз шешімін тапты. Шет елде діни білім алып жатқан студенттердің ата-аналарымен, екпеден бас тартқан тұрғындармен  кездесулер өткізілді.

29 наурыз күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Мұқашұлы Омардың төрағалық етуімен қорытынды жиналыс өтті. Жиналысқа облыстық прокуратура, «Нұр Отан» партиясының облыстық және аудандық филиалдарының өкілдері, департамент, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері,  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы және Талдықорған өңірлерінің өкілдері, Дін істері басқармасы және Діни мәселелерді зерттеу орталығының қызметкерлерімен ауданының әкімшілігі қатысты.

Жиналыс соңында Панфилов ауданында атқарылған жұмыстар негізінде деструктивтік ағымдардың көбеюі байқалған облыстың басқа да аудандарында кеңейтілген ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын атқаруға тиісті тапсырмалар берілді. Атап көрсеткенде:  

-       Тұрғындар арасында радикализм идеясының тарап кетуіне жол бермеу мақсатында  деструктивтік діни ағым ықпалына түскен азаматтар мен олардың жанұяларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,әлеуметтік-психологиялық портреттерін толтырып, қоғамға қайта бейімдеу (тұрақты жұмыспен қамту,отбасылық жағдайын шешу,әлеуметтік жәрдем ақыларды қарастыру, мамандықтар бойынша қайта даярлау) шаралары қамтамасыз ету;

-       Аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыс тиімділігін жақсарту шаралары қаралып, ақпараттық-түсіндіру топтың құрамын білікті, жауапты мамандармен толықтырып, берілген тиісті ұсынымдар негізінде әр ауыл округтары, кәсіп орындар мен мекемелерде жұмыс атқару;

-       Имамдардың кадрлық құрамын қайта қарап, білікті әрі тәжірибелі имамдар мен қысқа мерзімде толықтыру мәселесін қарау;

-       Имамдарды қолдау мақсатында құрылған корпоративтік қорлардың жұмысын  қайта қарап, қаржыландыру мәселесі мен имамдардың әлеуметтік жағдайын көтеру  қаралсын;

-       Жергілікті құзыретті органдарымен өзара байланыс жұмыстарын жүйелеу.

-       Мектеп, колледж және жоғарғы оқу орындарында өтетін іс-шараларға теологтар, жоғарғы оқу орындарының дінтану мамандарын тарта отырып, талқылау, ашық сабақтар, бейнематериалдар көрсетілімін ұйымдастыру арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

-       Әр апта сайын мешіт жамағатына және христиандық діни бағыттағы  ғибадатханалардың келушілеріне  зерделеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізу;

-       Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде мемлекеттік жүйенің зайырлы қағидаларын, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін түсіндіретін материалдар орналастыру;

-       Аудан аумағында орналасқан діни ғибадатханалардың базасын жаңартып әділет органдарында тіркеуден өткізіп, 16 сандық құрамға еңгізу жұмыстары рәсімдеу;

 



Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 04.04.2017 17:14

Өзгертілген күні: 04.04.2017 17:18:20

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх