Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -23 oC
Батылдығы мен ерлігі үшін тағылған «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісі

Батылдығы мен ерлігі үшін тағылған «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісі

Есік қаласындағы №2 В.Терешкова атындағы орта мектептің мәжіліс залында орта және жоғарғы сынып оқушыларының, директор және мұғалімдердің, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығының» мүшелерімен және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Тұраров Серікқан Жеңісұлының қатысуымен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласындағы №2 В.Терешкова атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы 13-жастағы Чебаник Алексей Алексеевичті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар Төтенше жағдайлар комитетінің алғыс хатымен Есік қаласының тұрғындары және «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» ұйымының мүшелері, әр саланың мамандары 1963 ж.т. Булохов Александр Иванович, 1964 ж.т. Козлов Николай Владимирович және 1960 ж.т. Гусев Сергей Александрович марапатталды.

Олар 2017 жылдың 18 маусым күні 5 жастағы қыз баланы қазылған шұңқырдан алып шығып батылдық пен ерлік танытқаны үшін марапатқа ие болды. Дер кезінде көмекке келіп, 13 жасар Чебаник Алексейді қазылған шұңқырға түсіріп, қыз баланы шұңқырдан алып шығарған. Оны жансақтау бөліміне жеткізіп, барлық қажетті емдік іс-шаралар қолданылды. Бүгінгі таңда қыз баланың жағдайы бірқалыпты, денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Шара соңында оқушылар арасында «Көкшетау Техникалық Институтына» оқуға түсу туралы видеороликтер көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

Алматы облысы ТЖД

Еңбекшіқазақ ауданының ТЖБ

 


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 18.01.2018 17:38

Өзгертілген күні: 18.01.2018 17:46:00


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх