Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +31 oC

Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметі туралы ақпарат

Әдеп жөніндегі уәкілдің институты «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 12 - қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізілген. 

Облыстық жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерімен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 332 алдын алу және түсіндіру іс-шаралар өткізілді, оның ішінде дәріс пен семинарлар - 184, бейнесюжет пен радиоматериалдар - 20, БАҚ-та – 55 және интернет-ресурстарында - 73 жарияланым. Бұдан бөлек, 134 аймақтарға шығу ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 623 жеке консультативті көмек көрсетілді және 513 азаматтардың жеке қабылдауын өткізді. 

Қызметтік әдеп бұзған фактілері бойынша 25 жазбаша өтініштер бойынша 1 расталды.
Әдеп жөніндегі уәкілдердің ұсыныстары негізінде тәртіптік жауапкершілікке 1 мемлекеттік қызметші тартылып, 24 мемлекеттік қызметші көтермеленді.
Әдеп жөніндегі уәкілдерімен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және ұжымда моральдық-психологиялық ахуалы жағдайына жасырын сауалнамалау арқылы 3006 мемлекеттік қызметшілер қамтылды, олардың нәтижелері бойынша 5 түрлі шаралар қолданылды.


Орналастырылған күні: 24.07.2019 14:55

Өзгертілген күні: 24.07.2019 14:57:49

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх