Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +10 oC
ЕАЭО аясында өнімдерді импорттауға қандай өзгерістер енгізу жоспарлануда?

ЕАЭО аясында өнімдерді импорттауға қандай өзгерістер енгізу жоспарлануда?

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті және «ҚазСтИн» Республикалық мемлекеттік кәсіпорын филиалының мамандары бірлесе отырып, Алматы облысы Қарасай және Жамбыл аудандарының іскер топтары үшін өнімдерді жеткізу бойынша семинар өткізді.

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауарларды сатуға рұқсат беру ерекше назар аударуды талап ететін рәсім болып табылады. Оның табысты өтуінің кепілі - барлық стандарттар мен ЕАЭО-ның (КО ) техникалық регламенттердің талаптарын қанағаттандыруының арқасында, кедендік қызметкерлер тауарларды өткізуге рұқсат береді.

Іс жүзінде ЕАЭО аумағына тауарларды әкелу ережесіне сәйкес, тауарды рәсімдеу сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік декларациясы арқылы жүзеге асады.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы ұсынған жоба өнімдерді жеткізу тәртібі туралы қазіргі Ережені алмастыруға арналған.

Мамандар келесі: өз қажеттіліктеріне қатысты терминологиясы бойынша түсініктеме берді – бұл декларанттың шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын қоса алғанда, өндіру мен тұтынумен байланысты өнімді пайдалану болып табылады.

Өнімнің бірлі-жарым данасы деп "бір даналы өнімнің данасын немесе бір функционалдық мақсатқа арналған бір даналы өнімнің жекелеген даналарының жиынтығы" деп түсіну қажет делінген.

Семинарға қатысушылардың сұрақтарына толықтай жауаптар берілді.


Орналастырылған күні: 04.06.2019 09:59

Өзгертілген күні: 04.06.2019 10:01:28

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх