Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Кәсіби мемлекетті қалыптастырудың негізгі талаптары түсіндірілді

http://www.anticorruption-almobl.gov.kz/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алматы облысы бойынша департаментігі сайтының материялдар 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша Департаменті мемлекеттік басқару саласындағы жүйелік реформалар мен кәсіби жүйенің басым бағыттары, соның ішінде меритократия, тиімділік, нәтижелік, транспоренттік және қоғамдағы есептілік принциптерін мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру барысында үстіміздегі жылғы 29 желтоқсанда Алматы облыстық білім басқармасында арнайы кездесу ұйымдастырды.

Кездесуде Департамент қызметкері мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша, мемлекеттік қызмет саласы мен мемлекеттік қызмет көрсетуде орын алатын кедергілерді жою бойынша, сонымен қатар, Елбасының биылғы Жолдауының басым бағыттары жөнінде баяндама жасады.

Кездесудің қорытындысы бойынша басқарма ұжымына агенттік тарапынан әзірленген анкеталар таратылды және сыбайлас жемқорлықтың орын алу мәселелеріне қатысты бірқатар сұрақтар көтерілді. Шараның қорытындысы бойынша өзара екіжақты пікір алмасу жұмыстары ұйымдастырылды.


Орналастырылған күні: 29.12.2015 15:57

Өзгертілген күні: 06.01.2016 16:00:24

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх