Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?

01.09.2015 00:32

Мемлекеттік қызметке қалай орналасуға болады?

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу конкурстық негізде жүзеге асады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген азаматтар Ережеде көрсетілген құжаттарды конкурс өткізуші мемлекеттік органға тапсырады, олар конкурстық комиссияда қаралады.

Конкурсты бос қызмет орны бар мемлекеттік орган өткізеді, конкурс жөнінде хабарлама жариаланғаннан соң, мынадай кезеңдерден өтеді:

1) бос қызмет орнын хабарлаған конкурс өткізуші мемлекеттік органның қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдап, талдайды;

2) конкурсты өткізіп жатқан уәкілетті органның үміткерлерді тәртіп бойынша тестілеуі;

3) конкурсты өткізіп жатқан комиссияның үміткерлермен әңгімелесуі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік қызметке орналасушы тұлғалар, төменгі талаптарға сай болуы қажет:

4) Қазақстан Республикасының азаматтығы болу;

5) он сегіз жастан жас болмауы қажет,егерде, осы лауазымға сәйкес республика заңында белгіленбеген болса;

6) кәсіби дайындық дәрежесі және белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне, қажетті білімінің болуы.

Орталық мемлекеттік органдарында және оның аймақтық бөлімдерінде конкурстарды өткізерде, хабарлама «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланады. Жергілікті мемлекеттік органдарында конкурс өткізу туралы хабарландырулар әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес келетін сол аумақта таралатын мерзімдік баспасөз беттерінде жарияланды.

Қосымша ақпаратты Агенттіктің web-сайтынан

Қажетті құжаттар

Конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күні ішінде конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тиісті мемлекеттік органға хабарландыруда көрсетілген мемлекеттік органның мекен-жайына ұсынады.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар, мемлекеттік органға мына құжаттарды тапсырады:

  • өкілетті орган бекіткен үлгідегі өтініш
  • өкілетті орган бекіткен үлгідегі толтырылған сауалнама;
  • кадрлар есебі жөніндегі (нақтылы тұратын мекен-жай және телефон, сонымен қатар байланыс мәліметтері) толтырылған жеке парақша;
  • білім жөніндегі құжаттардың көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
  • еңбек кітапшасының көшірмесі, нотариалдық растауы, немесе басқа да заңдық тұрғыда бекітілген тәртіпте;
  • бекітілген үлгіде денсаулығы туралы анықтама;
  • 3х4 көлемдегі бір фотосурет;
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігінің көшірмесі.
  • Білімі және жұмыс тәжірибесі, біліктілік дәрежесі және беделі жөніндегі қосымша мәліметтерді беруге болады (біліктілік дәрежесін жетілдіру туралы, ғылыми дәрежелерінің, мінездемелердің, кеңестердің, ғылыми жарияланымдар т.б құжаттардың көшірмесі).

Мемлекеттік қызметшілерді тестілеу рәсімі

Конкурс, Агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздың № 06-7/32 бұйрығы бойынша Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесі негізінде өткізіледі.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде ала аласыз.Тестілеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады:
логикалық тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест.

Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барсында келесідей тестердің түрлері:
кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.

Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік программа көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

Мемлекеттік қызмет өтілін есептеу

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет стажын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереженің қағидаларына сәйкес анықталады. Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет стажына басшылық лауазымда, мамандыққа байланысты лауазымда, мемлекеттік қызмет мамандығына ұқсас мемлекеттік ұйымдарда соңғы жұмыс істеген мерзімі енгізіледі.

Мемлекеттік қызметке кіру алдында, мемлекеттік ұйымдағы соңғы жұмыс орнын анықтау барысында, жұмысқа орналасқанға дейінгі соңғы жұмыс орнын емес, мемлекеттік ұйымдағы соңғы қызмет орнын назарға алу қажет.

Мысалы:

  • 1980 ж 1985 жж. – мемлекеттік ұйымдағы жұмыс;
  • 1985 ж 1990 жж. – мемлекеттік ұйымдағы жұмыс (ҒЗО);
  • 1990 ж 1995 жж. – жеке фирмадағы жұмыс;
  • 1995 ж 1996 жж. – АҚ жұмыс;
  • 1996 ж 1997 жж. – мемлекеттік қызметте болу (Салық инспекция);
  • 1997 ж қазірге дейін мемлекеттік қызметте болу (Облқаржбақылауы).
  • Бұл жағдайда мемлекеттік ұйымдағы ҒЗО соңғы жұмыс орны болып 1985 жылдан 1990 жылдар аралығындағы жұмыс кезеңі саналады.

1995 жылдың 1 наурызынан (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің қолданысқа енген күні (жалпы бөлімі)) Мемлекет иелігінде акциялар мен пайлардың барлығына тәуелсіз акционерлік қоғамдар, қоғамдық бірлестіктер, басқа да ұйымдар мемлекеттік ұйым болып саналмайды және мемлекеттік қызмет стажына енгізілмейді.

Жұмыс орныңыздың мемлекеттік ұйымға жататынын анықтау үшін, 1995 жылы 1 наурызға дейінгі қолданыста болған заңнамаға сәйкес қарау тиіс.

«Басқарушы лауазым» түсінігіне байланысты анықтама Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің стандартизация, метрология және сертификация Комитетінің 1999 жылғы 16 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік классификациялары 01-99 «Жұмыс классификациялары» бекітілген, оған сәйкес қызметкерлердің мамандығы және қызметкерлердің лауазымдарын сәйкестендіретін жұмыс классификациялары анықталады.

Мамандықтың сәйкестігін анықтаған кезде «сәйкес» сөзінің тура мағынасына назар аудару қажет. Мамандықтың сәйкестігі дегеніміз мемлекеттік ұйымдағы және мемлекеттік қызметтің мамандығы тепе-тең болуы тиіс. Мамандық, жұмысқа тиісті білімді талап ететін нақты саламен анықталады.
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің кәсіби дайындығының ережесін анықтау мақсатында құқықтық мдениеті, қарым-қатынасқа бейімділігі, азаматтармен жұмыс істей білуіне аттестациядан өтеді.

Мемлекеттік қызметшілерді аттестациядан өткізу

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестациялау Ережелеріне сәйкес, аттестация кезінде негізгі бағалау критериі қызметкерлерге жүктелген міндеттерді орындай алуы. Аттестациядан жүкті әйелдерден басқа, барлық қызметкерлер өтуі қажет.

Мемлекеттік қызметті өткеру барысында, әр үш жыл сайын аттестациядан өту қажет, бірақ, қызметке орналасқан күннен кейін алты айдан соң.

Бұл ретте аттестация белгіленген уақыттың өтуінен кейін, алты ай ішінде өткізілуі қажет.

Аттестацияға тізбекті кезеңдер енген:

  • аттестация өткізуге дайындық;
  • мемлекеттік қызметші істері жөніндегі өкілетті орган белгілеген тәртіпте аттестациялануға тиіс, қызметкерді тестілеу;
  • аттестацияны өткізуші комиссияның қызметкермен әңгімелесуі;
  • аттестациялық комиссияның шешім шығаруы.
  • Аттестациялық комиссия, мағлұматтарды зерделеп және тестілеу барысында, өкілетті орган белгілеген тиісті лауазым санатының шекті мәннен кем емес баға алған қызметкермен әңгімелесіп, мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
  • атқаратын лауазымына сәйкес және жоғары санаттағы лауазымға орналасу үшін кадр резервіне ұсынылады;
  • атқаратын лауазымына сәйкес;
  • қайтадан аттестациялануға тиіс;
  • атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттер

«Республика азаматтарына кепілдік беретін Конституция және Қазақстан Республикасы заңының құқықтары мен бостандығын қолдана алады.

  • Өзінің өкілеттігі шегінде, мәселелерді қарастыруға және оларды шешуге, олардың орындалуын құзыретті органдардан және лауазымды тұлғалардан талап ете алады.
  • Қызмет міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды және мағлұматтарды белгіленген тәртіпте ала алады
  • Қызмет бабын орындау барысында, нысанның жекеменшік түріне байланыссыз кез келген ұйымға белгіленген тәртіпте келе алады …»
  • «Конституция және Республика заңын сақтау
  • Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен, мемлекеттік қызметкері тәртібінде ант беру
  • Азаматтардың және заңды тұлғалардың бостандығы және құқықтық мүдделерінің құқықтық қорғалуын және сақталуын қамтамасыз ету, азаматтардың шағымдарын заңда бекітілген уақытта және тәртіпте қарастыру, оларға байланысты тиісті шара қолдану
  • Лауазымдық міндеттерге сәйкес және берілген құқықтар шегінде өкілеттілікті орындау
  • Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау…»
  • Осы және басқа да құқықтар және мемлекеттік қызметкердің негізгі міндеттеріҚазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында және басқа да заңды актілерінде регламенттеу.

Қызмет этикасы жөніндегі мәселелер «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің арнамыс кодексінде» айтылған.
Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің нақты міндеттемелері типтік біліктілік талаптарын басшылыққа ала отырып анықталады және тиісті мемлекеттік органдардың басшылары бекіткен, лауазымдық нұсқауларда қамтылған.

Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы шектеулер

Мемлекеттік қызметті өткеру барысындағы шектеулер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында қамтылған. Төменде көрсетілгендер:

Мемлекеттік қызметшінің құқығы жоқ:

  • ұсынылған органның депутаты және жергілікті өзін өзі басқару органының мүшесі болуға;
  • педагогика, ғылыми және басқа да шығармашылық қызметтерден басқа, төленетін қызметпен айналысуға.
  • Мемлекеттік қызметші, туысқандары атқаратын лауазымға тікелей бағынышты лауазымды атқара алмайды (ата-аналарымен, жұбайларымен, ағаларымен, әпкелерімен, балаларымен) немесе жекжаттарымен (ағаларымен, әпкелерімен, ата-аналарымен және ерлі-зайыптылардың балаларымен) заңда қарастырылған жағдайларды қоспағанда.

Табысы туралы мағлуматты беру

Меммлекеттік лауазымға немесе мемлекеттік немесе солардың жүйелеріне теңестірілген лауазымдарға үміткер тұлғалар, тұрақты тұратын жеріне байланысты,салық органына төмендегі құжаттарды береді:

  • табысы туралы мағлұматтарды;
  • салық салу обьектісі болып табылатын мүлік жөніндегі мағлұматты, сонымен қатар Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мүлкі жөніндегі мағлұматпен қоса бағалау құны мен мүліктің орналасқан мекен-жайын көрсетуі тиіс.
  • мәліметтер:
  • Қазақстан Республикасы аймағынан тыс жерде орналасқан және өз еліндегі банк мекемелерін көрсетіп, банктегі салымдары және бағалы қағаздары жайлы, сонымен қоса белгілі тұлға және одан басқа тұлғалар қолдана алатын қаржылары туралы;
  • акционер ретінде немесе жарғылықты капиталдағы үлесіне қатысушы заңды тұлғалардың құрылтайшысы ретінде жанама немесе тура қатысуы туралы және толық банктік және көрсетілген ұйымдардың басқа да деректемелері туралы;
  • трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы, егерде тұлға немесе оның жұбайы (қалыңдығы) трастардың бенефициары болса тиісті банктегі есепшоттардың нөмірі туралы;
  • >басқа да келісім-шарт қарым-қатынасы бар ұйымдардың деректемелері және атаулары, олармен келісім-шарт қарым-қатынасында болса, айлық есептеу көрсеткішінен мыңдап санаған мөлшерінен асатын, жұбайына (қалыңдығы) немесе тұлғаға тиіесілі қаржыны және затты қарау немесе уақытша сақтау келісімдері мен міндеттері (сонымен қатар ауызша) туралы.
  • Мемлекеттік лауазымдағы тұлғалар өздерінің өкілеттіктерін орындау барысында, сонымен қатар жағымсыз мінездеме себептерімен жұмыстан шығарылған тұлғалар, жұмыстан шығарылғаннан кейін үш жыл бойы салық заңнамасымен бекітілген тәртіпте тұрақты тұратын жеріне байланысты мағлұматтарды беріп тұруы тиіс.

Меммлекеттік лауазымға және мемлекеттік немесе солардың жүйелеріне теңестірілген лауазымдарға кандидаттардың немесе мемлекеттік қызметтегі тұлғаның қалыңдығы (жұбайы) тұрақты тұратын жеріне байланысты салық органына, Қазақстан Республикасы аймағында және одан тыс жерде орналасқан салық салуға жататын мүлік обьектілері және табыстары туралы мағлұматтарды беруі тиіс.
Мәліметтерді және шындыққа жанаспайтын мағлұматтарды беру немесе бермеу, толығымен бермеу (жағымсыз мінездеме себептерімен жұмыстан шығарылған тұлғаларды санамағанда) егерде жасаған істерінде қылмыстық жазаланатын нышандар болмаған жағдайда тұлғаны тиісті лауазымдық өкілеттіктерінен айыруға немесе Қазақстан Республикасының Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында қаралған тәртіпте мемлекеттік және соған теңестірілген жүйелерді орындаудан босатуға немесе жұмыстан шығаруға негіз болады.


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх