Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +18 oC
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдану тәртібі

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi

04.09.2015 18:16

Қызмет берушінің лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсетуді Алматы облысы әкімдігінің интернет ресурсында көрсетілген «Облыс басқармалар» бөлімінде электрондық мекенжайы бойынша орналасқан қызмет берушінің мамандары жүзеге асырады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген немесе дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым қызмет алушының таңдауы бойынша: қызмет берушінің басшысының атына немесе Талдықорған қаласы, Тауелсіздік, 38, телефон: 8 (7282) 24-76-88 мекенжайы бойынша орналасқан Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөліміне беріледі, «Электрондық үкімет» мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс орталығына 8-800-080-7777 (1414) телефондарына хабарласуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда қызмет алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды тұлғаға жолданады.

Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда), қызмет алушының пошталық мекенжайы, шағымды берген күні көрсетіліп, қызмет алушының қолы қойылады.

Шағым беру кезінде әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне шағым беріліп отырған лауазымды тұлғаларының лауазымы, аты-жөні, шағым беру себептері және талаптары көрсетіледі.

Шағымды қызмет берушінің кеңсесіне тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға шағымның қыбылданғандығын растайтын шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты тиісті қызмет берушінің кеңсе қызметкерлерінен алуға болады.

Шағымды қарау «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 25-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге шағым беру тәртiбi туралы қосымша ақпаратты 8(7282) 24-76-88 телефоны бойынша Алматы облысы әкімі аппаратынан алуға болады.


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх