Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +11 oC
«Іле ауданының көше жарықтандыруды жаңғырту жәнесенімді басқару » жоспарланатын мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасына жеке қаржылық бастама туралы ынта білдіру сұранысы

«Іле ауданының көше жарықтандыруды жаңғырту жәнесенімді басқару » жоспарланатын мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасына жеке қаржылық бастама туралы ынта білдіру сұранысы

«Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының» (бұдан әрі – Қағида) 12-тармағына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерін, қаржылық және өзге ұйымдарды мемлекеттік-жекешелік жобаларды жоспарлауға, жоспарлаудың ашықтығын арттыруға тарту мақсатында аталған жобаны іске асыруға ынта білдіру сұранысы туралы хабарлайды.

Жобаны іске асыру шеңберінде көзделген болжамды қызмет түрлері:

- Іле ауданыкөшелерін жарықтандыруды МЖӘ жасалған шарт тараптарымен келісілген көлемде қамтамасыз ету бойынша қызмет (Іле ауданыныңкөше жарықтандыруын жаңғырту және пайдалану, «Smart City» көше жарықтандыруды басқарудың зияткерлік жүйесін және көше жарықтандыруды басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізу, жарықтандырудың зияткерлік жүйесіне айрықша құқықтар (авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);

- түгендеу, көше жарықтандыру аудитін өткізу;

- әрбір шам нүктесін қалалық көше жарықтандыруды басқару бойынша зияткерлік жүйесін енгізу;

- көше жарықтандыруды басқарудың диспетчерлік орталығын құру (жағдайлық орталық);

- жабдықтарды бөлшектеу және монтаждау.

Жобаның болжамды құны: 769 211 224 теңге. Инвестициялық шығыстардың орнын толтыру мен операцияға жұмсалатын шығынның орнын толтыру  түрінде мемлекеттік қолдау шарасы сұралады.

Болжамды жұмыс көлемі:

- көше жарықтандыру шамдарын ауыстыру 3 711 дана;

-3 711 шам нүктелерін зияткерлік басқару жүйесімен жарықтандыруды басқару шкафтарын орнату (22данаға жуық);

- көше жарықтандыруды басқарудың диспетчерлік орталығын құру (жағдайлық орталық).

Шамдардың негізгі сипаттамалары:

- жарық көзі – жарық сәулелі диодтар;

- шамның қоректендіру желісінің кернеуі – 220 ±10%;

- қуаты коэффициенті – 0,9 төмен емес;

- шамның корпусы – алюминий қоспасы;

- қорғау деңгейі –IP 65 төмен емес;

- түсті температурасы – 4000 К;

- жарық диодтарының қызмет ету мерзімі –50 000 сағаттан кем емес;

- драйвердің ұясына аспапсыз қол жеткізудің болуы;

- шамдардың жұмыс температурасы–  -500С<Та<500С;

- шамдардың тиімділігі –145 Лм/Вт кем емес.

Ұсынылатын сыртқы жарықтандыру жабдығының жеке әріптесіне қойылатын талаптар:

- LED технологиясын әзірлеу және өндіру тәжірибесі 25 жылдан кем болмауы қажет;

- толық цикл өндірісі болуы қажет, атап айтқанда:

·      LEDшамын жобалауды әзірлеу

·      корпус өндірісі

·      жарық диод өндірісі

·      драйвер (қоректендіру блогы)

·      жарық диодтарға арналған матрица

·      аса кернеуден қорғайтын желілік фильтр 10K

·      жарық ағынын шашырату үшін линзалар

Сыртқы жарықтандыруды зияткерлік басқару жүйесін енгізу бойынша жеке әріптеске қойылатын талаптар:

- жарықтандырудың зияткерлік жүйесіне айрықша құқықтар (авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік);

- қашықтықтан бақылау, сыртқы жарықтандыру жұмысының режимін басқару және желідегі шамдарға мониторинг жүргізу;

-  байланыс жоғалған жағдайда жарықтандыру жүйесіне берілген алгоритмдер бойынша үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету;

- әрбір шам үшін, және шамдардың топтары үшін монитор экранында сыртқы жарықтандырудың жедел жағдайын көрсету;

- электр энергиясын жинау және жұмсалатын шығысының статистикасы;

- ішінде орнатылған жабдықтарға өздік диагностика жасауды және қорғауды жүзеге асыру;

- бағдарламалық қамтамасыз етуге және аппаратураға жасалатын диагностикаға түзету енгізу үшін компьютерді локальды косу мүмкіндігі;

- штат режимінде жарықтандыру жүйесін басқару (қосу, ажырату, тәулік уақытына қарай шамдардың сәуле тарату жарықтығын өзгерту), оператордың және қызмет көрсетуші оператордың көмегінсіз, алдын ала бағдарламаланған жұмыс алгоритмдері бойынша автоматты түрде жүзеге асырылуы қажет;

- бағдарламалық қамтамасыз ету жағдайлар журналын жүргізуі қажет, барлық деректер log файлдарда сақталуы қажет және қосу уақыты, жарықтандыру қарқыны, электр энергиясының шығысы, ақаулықтар, жарамсыздықтар және қажете бойынша архивтері болуы қажет.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға қызығушылық білдіретін әлеуетті жеке әріптестер жоспарланатын жобаны іске асыру мүмкіндігі туралы баламалы ұсыныстар бере алады.

Өзге әлеуетті жеке әріптестердің баламалы ұсыныстары өз техникалық сипаттамалары бойынша осы хабарламада көрсетілген сипаттамаларға тең немесе артық болуы қажет.

Баламалы ұсыныстарда келесі ақпарат болуы қажет:

1. Әлеуетті жеке әріптестің атауы және мекенжайы;

2.Мемлекеттік тиесілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтығы (жеке тұлғалар үшін);

3. Заңды тұлғалардың басшылары немесе иелері және әлеуетті жеке әріптесті көрсететін тұлғалар туралы деректер;

4.Объектіге қатысты меншік құқықтарын немесе ұзақ мерзімді жалға беруді, немесе осы Қағидалардың 137-тармағына сәйкес әлеуетті жеке әріптеске тиесілі зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне айрықша құқықтардырастайтын құжаттар (авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).

5. 2015 жылғы 25 қарашадағы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру № 725  қағидаларына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік тұжырымдамасы және шарт жобасы.

Ұсыныстарды ұсынудың соңғы мерзімі: 2017 жылғы 22 қараша

Жобаға қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда нақтырақ ақпаратты білу үшін келесі мекен-жай бойынша хабарласуыңызға болады:

телефон: 8 (7282) 32-97-16

е-mail: alm.obl.eng@mail.ru

мекен-жай: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 502,507 каб.

уәкілетті тұлға– Дәулетхан Дамир

Бұдан басқа, Алматы облысы шекарасындағы басқа салалар бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру жайында ақпарат немесе кеңесті «Алматы облысындағы экономикалық және бюджеттік жоспарлауды басқару әкімдігі» ММ-нен  мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7282) 24-74-21

е-mail: economika_invest@mail.ru

мекен-жай: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38

уәкілетті тұлға– Сәлімбаев Асылан Сабыржанұлы

 



Орналастырылған күні: 26.10.2017 12:16

Өзгертілген күні: 30.10.2017 11:05:17

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх