Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат



2016 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 52,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 1,7 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 20,8 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 30,0 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен ағымдағы жылы 125 нысан құрылысы (оның ішінде: 80 нысан 2016 жылы пайдаланысқа беріледі, 45 нысан 2017 жылға өтпелі), оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 4 нысан (оның ішінде: 3 тұрғын үй нысаны, 1 денсаулық нысаны);

- жергілікті бюджеттен – 75 нысан (оның ішінде: 17 білім беру нысаны, 1 денсаулық нысаны, 25 тұрғын үй нысаны, 14 инженерлік тораптар нысаны, 1 мәдениет нысаны, 9 коммуналдық шаруашылық нысаны, 6 Ішкі істер органдарын дамыту нысандары, 1 спорт нысаны, 1 дүлей зілзалалардан қорғау нысандары);

- Ұлттық қордан – 46 нысан (оның ішінде 30 білім беру нысаны, 1 тұрғын үй нысаны, 15 инженерлік тораптар нысандары).

2016 жылдың 1 сәуіріне  бөлінген 3 млрд. 40 млн.теңге қаржыдан  

2 млрд. 984 млн.теңге немесе 98% игерілді.

 

 

Білім беру нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

Білім беру 47 нысандарына (36 – мектеп, 7-бала бақша, 1 оқушылыр сарайы, 1 жатақхана, 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салу) (30 – ҰҚ, 17 –ЖБ) құрылысына және қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен және Ұлттық қор есебінен 2016 жылы 32 млрд. 807,215 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қор – 24 млрд. 271,871 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен - 8 млрд. 535,344 млн.теңге.

Жоспар бойынша 2016 жылы 20 нысан пайдалануға беріледі (9-мектеп, 7 бала бақша, 1 оқушылыр сарайы, 1 жатақхана (пайдалануға берілді), 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салу) (10 –ҰҚ, 10 - ЖБ).


Ұлттық қор

Биылғы жылға Ұлттық қор есебінен 30 білім беру нысанының құрылысына 24 млрд. 271,871 млн.теңге қаражат бөлінді. Соынмен қатар:

9 білім беру нысанының құрылысын аяқтауға 5 млрд. 824,222 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

6 мектепке - 4 млрд. 614,580 млн.теңге қаражат бөлінді;

3 бала бақшаға - 1 млрд. 209,6 млн.теңге қаражат бөлінді.

2016 жылдың 1 сәуіріне 763,642 млн.теңге бөлінген қаражаттың 100% игерілді.

2017 жылға ауыспалы жаңа 21 нысанның құрылысына 18 млрд. 447,649 млн.теңге қаражат бөлінді (1 нысан 2016 жылы қолданысқа беріледі Карасай ауданындағы Үштерек ауылындағы 300 орындық мектеп) сонымен қатар:


Жергілікті бюджет

Жергілікті бюджет есебінен 17 нысанның құрылысына (9 мектеп, 4-бала бақша, , 1 оқушылыр сарайы, 1 жатақхана (пайдалануға берілді), 1 қала сыртындағы лагерь және 1 спорт залға жапсаржай салуға) 8 млрд. 535,344 млн.теңге қаражат бөлінді.

2016 жылдың 1 сәуіріне 240,831 млн.теңге бөлінген қаражаттың 100% игерілді.


 

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және қайта жаңғырту

2016 жылы 2 денсаулық сақтау нысанының  құрылысына бюджеттен 3 млрд. 519 млн.теңге бөлінді оның:

- 1 млрд.447 млн.теңгесі республикалық бюджет;

- 2 млрд. 072 млн. теңгесі жергілікті бюджет.

2016 жылы 2 нысан пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде:

 

- «Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың қрылысы» нысанына 3 млрд. 349 млн.теңге бөлінді, оның 1,061 млрд.теңгесі игерілді. (Нысанды іске қосу мерзімі – 30 мамыр 2016 жыл.)

- «Алакөл ауданындағы Ақши ауылында 25 қатысушыны қабылдайтын дәрігерлік амбулатория» нысанына 170 млн.теңге бөлінді, оның 18,486 млн. теңгесі игерілді. Келісім-шартқа сәйкес нысанды пайдалануға беру 2016 жылдың 30 шілдесіне дейін жоспарлануда.  (Іргетасты салу жұмыстары аяқталды, гаражбен қазандықтың кірпіш қалау жұмыстары аяқталуда.)  Нысанда 22 адам жұмыс істеуде.

 

2016 жылғы 1сәуірдің жағдайы бойынша бөлінген 736,2 млн.теңгенің 735,8 млн.теңгесі игерілді немесе 99,9%. Тұрғын үй  құрылысы Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2016 жылы жылы бюджеттен тұрғын үй құрылыс жұмыстарына 2 млрд. 527 млн.теңге қаржы бөлінген.

Барлық қаржыландыру көздері арқылы 544,1 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы жоспарланған, оның 53,1 мың шаршы метрі бюджет қаржысы есебінен қарастырылған (құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан 29 тұрғын үйдің, 881 пәтерден тұратын ауданы 63,8 мың шаршы метрлі (пәтерлерінің ауданы 50,0 мың шаршы метр) 25 үйді ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланған).

Оның ішінде:

- Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы салынатын – 5,6 мың шаршы метрі несиелік тұрғын үй (60 пәтерлі 1 үй);

- республикалық бюджеттен бөлінген  268,3 млн.теңгеге 2,8 мың шаршы метрлі жас отбасыларға арналған жалгерлік тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған (100 пәтерлі 2 үй);

- облыстық бюджеттен бөлінген 2 млрд. 258 млн.теңгеге 44,7 мың шаршы метрлі коммуналдық тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған (657 пәтерлі 21 үй).

Тұрғындар мен мемлекеттік емес мекемелердің қаржысы есебінен 465,5 мың шаршы метрлі  тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланған.

2016 жылдың қаңтар-ақпан айларында (жедел мәліметтер бойынша) 121,1 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, оның ішінде:

 

9,55 мың шаршы метр тұрғын үй бюджет қаржысы есебінен (пәтерлерінің ауданы 7,5 мың шаршы метр) оның:

-       5,8 мың шаршы метрі (пәтерлерінің ауданы 4,3 мың шаршы метр) несиелік тұрғын үйлер;

-       3,7 мың шаршы метрі (пәтерлерінің ауданы 3,2 мың шаршы метр) коммуналдық тұрғын үйлер.

Тұрғындар мен мемлекеттік емес мекемелердің қаржысы есебінен 111,5 мың шаршы метр  тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

 

Сонымен қатар «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ желісімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес Талдықорған қаласының  Оңтүстік-батыс ауданында 2015 жылы басталған 290 пәтерлі, жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метр 5 үйдің құрылысын аяқтау межеленген.

2016 жылы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бөлінген 803,7 млн.теңге қаржының 735,6 млн.теңге немесе 91,5% игерілді.

 

Инженерлік-коммуникациялық желілерді дамыту және жайластыру

          2016 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 5 993,5 млн.теңге бөлінді: 29 нысанға (ҰҚ – 5 723,6 млн. теңге, ЖБ – 269,9 млн.теңге), соның ішінде өткізілетін 20 нысан, 2017 жылға ауыспалы 9 нысан .

Бөлінген қаражат есебіне 211,012 км инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілмек.

2016 жылдың 1 сәуіріне бөлінген 43,5 млн.теңгеден 33,4 млн.теңге немесе 76,7 % игерілді.


Ішкі істер нысандарын дамыту

  2016 жылы облыстық бюджеттен ішкі істер нысандарының құрылысына 157,9 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебіне 2017 жылға ауыспалы 6 нысанның құрылысы жоспарланған.

          2016 жылдың 1 сәуіріне бөлінген 34,3 млн.теңгеден 100% игерілді.

 

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджеттен 3 млрд. 338,3 млн.теңге бөлінді. Бөлінген қаражат есебіне 9 нысанның құрылысы жоспарланған, соның ішінде 2016 жылы өткізілетін 5 нысан және 2017 жылға ауыспалы 4 нысан.

2016 жылдың 1 сәуіріне бөлінген 269,6 млн.теңгеден 100% игерілді.


Мәдениет нысандырын дамыту

2017 жылға ауыспалы 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен Талдықорған қаласындағы драм театрдың құрылысына 2 млрд. 200 млн.теңге қаражат бөлінді.

 


Орналастырылған күні: 18.04.2016 12:50

Өзгертілген күні: 06.04.2017 16:21:31

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх