Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

2016 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат


Алматы облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.


2015 жылдың қорытындысы бойынша облыстың 628 (84,8 %) елді мекені қала құрылыстық құжаттамамен қамтылды. Оның ішінде: қалалар -10 (100 %), халық саны 5,0 мыңнан жоғары елді мекендерде - 54 (100 %), халық саны 5,0 мыңға дейінгі елді мекендерде - 564 (83,3 %).
«Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауында баяндалған тапсырмаларды облыстық атқарушы органдардың орындауы бойынша жұмыстар туралы» Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 2015 жылдың 30 қарашадағы жолдауы шегінде халық саны 5 мың адамға дейінгі елді мекендерді бас жоспармен толық қамтамасыз ету тапсырмасы берілді.


Осыған орай, 2016 жылы облыстың халық саны 5 мың адамға дейінгі барлық елді мекендерді бас жоспарлармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Жоғарыда айтылған негізінде, Басқарма, облыстың қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен берілген бюджеттік өтінімдерге сәйкес, облыстың елді мекендерінің нақты жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарларды және нақты жоспарлау жобаларын әзірлеуге электрондық мемлекеттік сатып алуға конкурс жариялады.
Өңірдің қала құрылыстық дамуы стратегиясын анықтау мақсатында Алматы облысы, Панфилов ауданы «Жаркент-Қорғас агломерациясының аумағын қала құрылыстық дамытудың кешенді жобасы» (бұдан әрі - жоба) әзірленді. Жобаның құрамында агломерация дамуының тұжырымдамасы (көпжылдық болжам) және Жаңа қаланың Бас жоспары (жұмыстық атауы – Нұркент) орындалды. Аталған жобада елді мекендердің дамуы мен АЭА «Қорғас - Шығыс қақпасы» жұмысшыларын орналастыру үшін Жаңа қаланы орналастыру аумақтары анықталған.


Бүгінгі таңда, аталған жоба облыстық мемлекеттік уәкілетті органдармен келісіліп, Панфилов аудандық мәслихатының шешімімен мақұлданды. Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Астана қаласы, «Астана - Генплан» ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі, Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің және КТЖ, мемлекеттік сараптама мекемелерінің қатысуымен жобаның тұсау кесері (презентация) өткізілді. Бұдан әрі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, жоба облыстық мәслихат отырысына бекітуге енгізіледі.

Бұдан басқа, жасыл екпелерді күтіп ұстау, қорғау және аумақтарды абаттандыруды реттеуге және тәртібін анықтауға Басқармада «Алматы облысындағы жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы ережелері» әзірленіп, қоғамдық кеңес комиссиясымен облыстық мәслихаттың кезекті отырысында қарастыруға және бекітуге ұсынылды. Алматы облыстық мәслихаты қарастырып және бекіткеннен кейін, аталған Ережелерді құрылымдық бөлімдер және Алматы облысының қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдары басшылыққа ала алады.


Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің қарастыруына «Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласының шекараларын өзгерту туралы» бірлескен Алматы облысы мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының жобасы ұсынылды. Аталған жоба қоғамдық кеңес комиссиясымен облыстық мәслихаттың кезекті отырысында қарастыруға және бекітуге ұсынылды. 


2016 жылғы 15 сәуірде Басқарма 8 инвестициялық жоба қарастырылып, келісілген Қала құрылыстық Кеңесін ұйымдастырып өткізді. Қала құрылыстық Кеңес жұмысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғ. Р. Әбдірайымовтың төрағалығымен 20 комиссия мүшелері, БАҚ өкілдері, қалалық және аудандық учаскелік сәулетшілер, жобалаушылар және басқалар қатысты.


Орналастырылған күні: 20.04.2016 17:18

Өзгертілген күні: 06.04.2017 16:26:34

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх