Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


Есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Облыс аудандары мен қалаларында Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын оларды адымды орындауды, туризм нысандарына инвесторларды тартуды, жоспарланатын іс-шаралардың санын арттыруды ескере отырып, өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Аудандар мен қалаларда туристік нысандарға бағытталатын жөндеу және құрылыс жұмыстарын талап ететін жолдардың, сонымен қатар инвесторларды тартуды және мемлекеттік қолдауды талап ететін туризм саласындағы инвестициялық жобалардың тізімдері қалыптастырылды.

Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Облыс әкімінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 541-ө өкіміне сәйкес арнайы жұмыс тобы қызмет атқарады. 2016 жылғы 15 сәуірде облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевтің төрағалығымен Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризмді дамыту бойынша жұмыс тобының отырысы өткізіліп, Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мәселесі қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР ІІМ, ИДМ-ге аталған жобаны республикалық бағдарламалардың біріне енгізу арқылы көл жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізуге ықпал ету туралы ресми хаттар жолданды.

Жергілікті бюджеттің есебінен 21 млн.теңге сомаға Ақши аулынынан демалыс орындарына дейінгі автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы басталды. Қазіргі таңда Ақши аулынынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрады. Жобаны жүзеге асыру құны - 3,036 млрд.тг. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі –  2015-2017 ж.ж.



Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуын ескере келе, ағымдағы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы жергілікті бюджеттен 65,6 млн.тг. сомаға субсидияландырылды.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен Үшарал қаласындағы әскери әуежайды азаматтық авиация үшін бірлесе пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Үшарал қаласындағы әуежай құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Мемлекеттік сараптамаға өткізілді. Ағымдағы жылғы тамыз айында құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ұшып-қону жолағын қайта жаңғырту, әуе қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті радиотехникалық және метеорологиялық құрал-жабдықтарды сатып алу және орнату бойынша мәселелер шешілуде.

2016 жылғы 14 наурызда Сарқан ауданында жұмыс тобының, орналастыру орындарының және облыстық, аудандық құрылымдардың өкілдерімен «Балқаш көлінің жағалауында инфрақұрылымды құру» мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

134,4 млн.тг. сомаға Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы 141 шақырымды құрайтын автожолдың телімдерін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, оның ішінде келесі телімдер бойынша: «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» автожолының 0-110 шақырымы, «Алматы-Өскемен-Қызылқайың» автожолының 113-117 шақырымы, «Лепсі - Балқаш көлі» автожолының 0-27 шақырымы. Қазіргі таңда барлық телімдер бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Есептік кезеңде Басқармамен облыстың туристік өнімін туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарықтарында жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Туризм саласында достық қарым-қатынасты орнату және іскерлік ынтымақтастықты тереңдету үшін Алматы облысының туризм басқармсасы ҚХР-мен белсенді серіктестік жүргізуде: ҚХР-ның Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Іле-Қазақ автономдық округінің Ұлттық үкіметінің аралығында туризм саласында ортақ ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткен  «Мұз бен Қар» фестиваліне, Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясының басшылығымен өткен бизнес-кездесуге қатысу.

Облыстың туристік әлеуеті Берлин қаласындағы (ФГР) мерейтойлық 50- ші «ITB-2016» халықаралық туристік биржасында таныстырылды. Көрме бағдарламасының шеңберінде «ЭКСПО-2017 қарсаңындағы туризмнің дамуы» тақырыбында роуд-шоу ұйымдастырылды. Роуд-шоуда Алматы облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды.

2016 жылғы 23-26 наурыз аралығында Алматы облысы қазақстандық делегацияның құрамында Мәскеу қаласындағы (Ресей) 23-ші «MIIT/Саяхаттар және туризм 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Облысқа келуші туристік ағымды арттыру мақсатында ағымдағы жылы Алматы облысы алғаш рет 2016 жылғы 20-22 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Туризм және Саяхат» KITF-2016» халықаралық қазақстандық туристік көрмесінің ресми өңір ретінде ресми серіктесі болды. Көрме қатысушылары мен келушілері үшін облыстың туристік мүмкіндіктерінің кең презентациясы ұсынылды: туризм туралы қысқаметражды бейнефильмдер конкурсының қорытындысын жүргізу, «Алматы облысындағы ұлттық парктердің экологиялық соқпақтары», «Алакөл көлінің емдік күші», «Қапшағай - туризм және ойын бизнесінің қаласы», «WORKSHOP-TRAVEL-2016» воркшопы, туристік навигация жүйесінің және туристік өнімді әлеуметтік желілерде жылжыту бойынша конкурстардың презентациялары, «Жеті өзеннің таңғажайып мекені - Жетісу» ақпараттық туры.

2016 жылғы 21 сәуірде Алматы қаласындағы «Гранд Айсер» қонақ үйінде «WORKSHOP-TRAVEL-2016» воркшоп ұйымдастырылып, оның жұмысына Алматы облысының туристерді қабылдайтын нысандар (демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері, шипажайлар және т.б.), мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, шетелдік және отындық нарықтағы туристік фирмалар қатысты. Сонымен қатар Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хубэй және Хайнань провинцияларының туризм басқармаларының, Татарстан Республикасының туризм бойынша мемлекеттік комитетінің және Қазан қаласының Туристерді қабылдау департаментінің, Қазақстан Республикасы туристік қауымдастықтарының өкілдері де қатысты. Воркшоп шеңберінде Алматы облысы туризм басқармасы Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциялары туризм басқармаларымен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

2016 жылғы 20 мамырда туризм басқармасы Египет Араб Республикасының Елшілігімен Алматы қаласында өткізілген туристік семинар мен пресс-конференцияға қатысты. Египет делегациясы сапарының шеңберінде Алматы облысын әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевтің Оңтүстік Синай провинциясының губернаторы Халед Фудамен ресми кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу  қорытындысы бойынша Оңтүстік Синай провинциясы мен Алматы облысы аралығында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.

Есептік кезеңде туризм басқармасымен Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Италия Республикасының шетелдік туроператорлары үшін, сонымен қатар Милан қаласындағы (Италия) «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесінде қазақстандық павильонның миллионыншы келушісі үшін бірқатар ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Ақпараттық турлардың қатысушылары «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің туристік нысандарына барды.

«Жетісу Инвест-2016» Жібек жолының өркендеуі арқылы жаңа мүмкіндіктерге» халықаралық инвестициялық форумының шеңберінде «Туризм және көлік-логистикалық жүйе» панельді сессиясы өткізіліп,  туризм және логистика саласындағы өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, инвестиция тартудың құралдары, өңірдің туристік және көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелері қарастырылды.

2016 жылғы сәуірде Алматы облысының аумағынан өтетін, оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің келушілеріне көрсетілетін туристік маршруттардағы қызметтердің сапасын жетілдіру мақсатында облыс аумағында маршруттардың инспекциясын өткізілді.

Маршруттар «Іле Алатауы», «Алтынемел», «Көлсай көлдері», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, «Таңбалы» қорық-мұражайына, Түрген сарқырамалары мен Есік көліне баруды қамтиды. Жұмыс барысында сарапшылар маршруттардың біліктілік талаптарына, кәсіби қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін анықтайды, нысандардың «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына сәйкес  техникалық және санитарлық жағдайын, тиісті құжатттамасының болуын белгіледі. Туристік маршруттар инспекциясының нәтижесінде әрбір маршрут бойынша сарапшылық қорытындылар мен ұсынымдар берілді.

Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - Орталық) туристік көрмелерге қатысу үшін жарнамалық-имидждік өнімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолданушылар үшін туристік ақпараттық интернет-портал қолжетімді, бейнероликтер дайындалды, Facebook мен Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалар ашық.

Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, жастар ресурстық орталығы «Жас Отан» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен республика көлемінде өткен «Re-public» блог турына Алматы облысының көрікті жерлерімен таныстырушы ретінде  қатысты.

Есептік кезеңде балалар-жасөспірімдер, ішкі және спорттық туризм түрлерін насихаттауға және одан әрі қарай дамытуға ықпал еткен туристік іс-шаралар өткізілді.

2016 жылғы 5-9 қаңтар аралығында В. Чепельдің құрметіне туристік көпсайыс бойынша (балалар, жасөспірімдер) Қазақстан Республикасы Кубогының шеңберінде Жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс (тау туризмі) бойынша ашық өңірлік сайыстары өткізілді. Ағымдағы жылы сайыстарды Қазақстан республикасының 9 өңірінен 23 команда қатысты. Жалпы есепте, сайыстардың қорытындылары бойынша «Ересектер» жас тобында Іле ауданының «Альпийская роза» командасы, «Жасөспірімдер» жас тобында «Ирбис-Текели-7» командасы бірінші орындарға ие болды.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында, сонымен қатар туристік клубтар мен үйірмелерде айналысатын, аз қамтылған отбасынан шыққан Талдықорған қаласының мектеп оқушылары үшін Астана қаласына «Астана-болашаққа бастама» туристік сапары ұйымдастырылды.

2016 жылғы 20 ақпанда Текелі қаласындағы «Текесу» тау шаңғы базасында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен мемлекеттік қызметкерлер командаларының арасында қысқы туризм түрлері бойынша фестиваль ұйымдастырылды және өткізілді. Фестивальға 250-ден астам адам қатысты.

2016 жылғы 30 сәуірде Таңбалы Тас шатқалында «Іле-Балқаш» регатаның (бұдан әрі - Регата) салтанатты ашылуы өтті. Ағымдағы жылы регатаның 1-кезеңінде (спринт, жалпы жүзу) 61, оның ішінде Ресей Федерациясынан (Санкт-Петербург институты ТЖМ) командалар қатысты. Регатаның шеңберінде жыл сайынғы «Таңбалы Тас» фестивалі, «Іле таңы-2016» спорттық-туристік көпсайыс бойынша ашық облыстық сайыстар, табиғи жер бедердегі спорттық туризм бойынша Алматы облысының Чемпионаты, сонымен қатар, футбол, волейбол, ұлттық спорт түрлері (көкпар, аударыспақ, қыз қуу) бойынша спорттық сайыстар өткізілді.

2016 жылғы 8-10 мамыр аралығында туризм басқармасы «Ветер странствий» журналымен бірлесе «Крылья Алаколя» бервочерлер фестивалін ұйымдастырды. Фестиваль барысында барлық қатысушыларға құстарды бақылау жүргізу үшін жаяу экскурсиялар ұйымдастырылды.

2016 жылғы 15-25 маусым аралығында Алматы облысының аумағында «Ұлы Дала Елі» облыстық экспедициясы (туристік жорық) өткізілді. Экспедицияға Алматы облысының жалпы білім беру, кәсіби мектептердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері, туристік клубтардың мүшелері қатысты. Экспедицияға барлығы облыстың 8 өңірінен, оның ішінде 11 туристік клубтан 13 топ қатысты. Экспедицияға алғаш рет қатысқан маршруттың қатысушыларына «Қазақстан саяхатшысы» белгілері берілді.

Желкенді туризмді, белсенді демалысты насихаттау және облыстың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау мақсатында 2016 жылғы 11-19 маусым аралығында Қапшағай су қоймасында Алматы облысы әкімінің Кубогына халықаралық желкенді регатасы өткізілді. Регатаға 30 командалары, оның ішінде Ресей Федерациясының командалары (Санкт-Петербург, Омск, Томск, Ижевск, Новосибирск, Новокузнец) қатысты.

Су туризімін дамыту және дәріптеу мақсатында 2016 жылғы  17-19 маусым аралығында Көксу ауданында «KOKSU WATER FEST-2016» су туризмі фестивалі өткізілді. Фестивальға 150-ден астам адам, оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен туристік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, сонымен қатар Саңырау-мылқаулар қоғамының командалары қатысты.

Спорттық туризмді дамыту мақсатында Алматы облысының құрама командасы 2016 жылғы 24-28 ақпан аралығында туристік көпсайыс (шаңғы туризмі) бойынша Қазақстан Республикасының ашық Чемпионатына және туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубок кезеңіне, сонымен қатар 2016 жылғы 21-24 наурыз аралығында жасанжы жер бедердегі туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубок кезеңіне, «Горизонт» Кубогы үшін өңіраралық сайыстарға қатысты. Сайыс қорытындылары бойынша жалпытоптық есепте облыс командасы 4 және  5 орындарға ие болды.

«ЭКСПО-2017-ге» дайындық шеңберінде туризм басқармасымен ағымдағы жылы Талғар ауданы мен Қаскелең қаласындағы орналастыру және тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін бірқатар оқу курс-тренингтері өткізілді. Курстарға қатысушылардың жалпы саны 45 адамды құрады, оларға тиісті сертификаттар табысталды.

Алматы облысының туризм басқармасымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Модернизация жөніндегі ұлттық комиссиямен қабылданған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарының қадамдарын практикалық орындау бойынша Іс-шаралар жоспарының 57-қадамын орындау мақсатында туристік навигация жүйесінің жобасы әзірленді. Жоба қалаларда, МҰТП-де, автомагистральдарда және өзге де туристік қызығушылық орындарында көптілді туристік навигация жүйесін (жолсілтеуіштер, ақпараттық тақтайлар, маңдайшалар және т.б.) құруды, туристік навигация орындарын зерттеу және анықтау, негізгі картосызбаларды әзірлеу, ақпаратты QR-кодтауты әзірлеу, мобильдік қосымшаны дайындау, сонымен қатар туристік навигацияның құрамдас бөліктерін орналастыру жұмыстарын жүргізуді көздейді. Қазіргі таңда туристік навигацияны орналастыру орындары «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ-мен, Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен және Ішкі істер департаментінің Жол полиция басқармасымен келісу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мониторинг мәліметтері бойынша 2016 жылғы І жартыжылдықтағы облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 1919,1 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің  115,9%-ын құрайды.


Орналастырылған күні: 14.07.2016 11:36

Өзгертілген күні: 14.07.2016 11:40:39

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх