Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік  саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында  мемлекеттік ұлттық мерекелерді, қоғамдық-саяси маңызды шараларды жоспарлау жолға қойылған.

Барлық шараларды атап өтуге арналған арнайы жоспарлардың тиімділігін арттыру үшін топтармен жұмыс жасау, тұрғындарды көбірек тарту, тұрақты мониторинг жасау болып табылады..

Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық  шаралар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында тұрғындарының басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

ү.ж I тоқсанында   облыс көлемінде  «дөңгелек үстелдер» отырыстары , семинарлар, акциялар, жиналыстар, кездесулер, фестивальдер, форумдар, салтанатты жиындар, мерекелік концерттер, спорттық жарыстар және т.б.  барлығы 12 432 маңызды іс-шаралар өткізіліп, оған 20 000 адам қатысты.

Облыс орталығында «Үлкен ел -үлкен отбасы» акция шеңберінде «Берекені көктен іздеме,  бірлігі мықты елден ізде» атты форум,  «Ардагерлерді ардақтайық» проект аясында «25 игі іс» (акция «Забота»),  қайырымдылық акциясы  «Тәуелсіздіктің  нышандары», «100 нақты қадам – ел болашағының тұғырнамасы» тақырыбында   атты әр түрлі форматта шаралар,  Жасай бер, жаса Тәуелсіз Қазақстан!», «Жаңа жаһандық ахуалдағы Қазақстан»  тақырыптарында кітапханаларда кітап көрмелері,  «Менің Қазақстаным – менің болашағым» тақырыбында облыстық патриоттық әндер, «Мәдени мұра – ұлттың құндылығы», «Мемлекеттік қызмет - абыройлы міндет» атты семинарлар  және т.б шаралар өткізілді.

Отбасылық ар-ұждан құндылықтарын нығайту жөніндегі ақпараттық жұмыстарды күшейтіп, ынтымағы берік, тату отбасылардың үлгісін кеңінен көрсету мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылып, өткізілді. Облыстық байқауға аудан, қалалардан 38 үздік отбасы қатысып,  жүлделі орындарға  лайықты 8 отбасылары белгіленді.

   

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

 

Алматы облысында  саяси партиялардың облыстық филиалдары және қоғамдық пікір көшбасшыларымен бірге өңірлердегі қоғамдық-саяси ахуалды одан әрі тұрақтандыруға бағытталған есептік кезеңде бірқатар жұмыстар атқарылды.    

Облыс бойынша 103 ұлт өкілдері, 71 этно-мәдени орталықтар, 380 үкіметтік емес ұйымдар, 12 салалық кәсіподақтар, 93  бұқаралық ақпарат құралдары, 63 жастар бірлестіктері мен 6 саяси партиялардың облыстық филиалдары қызмет атқаруда.

Бүгінгі күні облыс көлемінде республикалық саяси партиялардың  6 филиалдары жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, «Нұр Отан», халықтық-демократиялық патриоттық «Ауыл», Халықтық Коммунистік, «Ақ жол» демократиялық, Жалпыұлттық социал-демократиялық және «Бірлік» партияларының облыстық филиалдары тіркелген.

Саяи партиялардың белсенділер қатарын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бастап тұр.

2016 жылдың маусым айында саяси партиялардың жетекшілерімен жұмыс тәртібінде кездесу өткізіліп, партиялардың мемлекеттік органдармен өзара тиімді әрекеттері бойынша сұрақтар талқыланды.

Қазақстан Халықтық Коммунистік партиясының облыстық филиалы ұйымдастыруымен жыл басынан 4 шара өткізіліп, шараларға мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

Басқа саяси партиялары филиалдарының белсенділігі байқалмайды.

Алматы облысында әлеуметтік шиеленіс ошағын уақытылы анықтау және ден қою, этносаралық қақтығыстардың, қоғамдық тәртіпті топтасып бұзуды және жергілікті билікпен келісілмеген жаппай жария іс-шараларды анықтау мақсатында қоғамдық-саяси жағдайға күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Барлық аудандарда қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған қоғамдық кеңестері құрылып, құрамына өңірдегі қоғам көшбасшылары, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдары мен  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енгізілді.   Жергілікті жерлерде «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдаулары мен сенім телефондары жұмыс істеп тұр.  

Облыстағы қоғамдық-саяси жағдай, сонымен қатар жекелеген азаматтардан келіп түсетін арыздар мен өтініштер уақытында қаралып, қатаң бақылауға алынған.

Ұлтаралық қарым-қатынастар саласында наразылық тудыратын мәселелерді анықтау мақсатында  үнемі мониторинг жүргізілуде. Көпұлтты аймақтар (Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Ұйғыр, Панфилов, Талғар аудандары) арнайы бақылауға алынып, мониторинг жүргізілуде.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал бірқалыпты, облыс тұрғындары Елбасының саясатын қолдайды.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

 

2016 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бойынша барлығы 342,728 млн. теңге, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен – 21,535 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 321,193 млн. теңге бөлінді.

Салалық принципке сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 басқарма (ішкі саясат, жастар саясаты мәселелері, дін істері, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар), сонымен қатар аудан, қала ішкі саясат бөлімдері жүзеге асырады.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне сәйкес, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс электрондық сатып алу веб-порталында электрондық конкурс арқылы жүзеге асырылуда.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықақылар туралы» ҚР 02.12.2015 жылғы №429-V Заңының 5-бабына сәйкес, мемлекеттік тәлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру 13 бағыттар бойынша жүзеге асырылады. 2016 жылға 115 жоба жоспарланған, оның 24 – облыстық деңгейде, 78 – аудандық деңгейде. 115 жобаның 68 (59,1%) ақпараттық-насихаттау жұмыстарына, 27 (23,5%) – әлеуметтік мәселелерді шешуге, 21 (18,2%) – халықтың осал топтарын қолдауға, 12 (10,4%) – салауатты өмір салтын насихаттауға және т.б. бағытталған.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктері тарапынан тапсырыс берушінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес лоттардың жүзеге асуы бойынша мониторинг жүргізіліп, жылдың қорытындысы бойынша қызмет көрсетушіден қаржылық және шығармашылық есептері қабылданады.

2016 жылдың  1 шілдесіне   облыста 93  бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс атқаруда. Оның ішінде 81  баспа, 12 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Облыс бойынша мемлекеттік саясатты насихаттау мақсатында  2187 көрнекі - үгіт құралдары орналасқан.

Қазақстан Республикасының Президенті Н..Назарбаевтың Қазақстан халқына  «Қазақстан  жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты  Жолдауын,  «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам»  түсіндіру мақсатында   облыстық іс-шаралар жоспары мен медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Сонымен қатар,   құрамында 2385 адамы бар 221  ақпараттық топ құрылып, шығу кестесі бекітілген. Топ мүшелері аудандар мен  қалаларда, елді мекендерде  1715  кездесу өткізді.  Насихат жұмыспен  83271   тұрғын қамтылды. 

Бүгінгі күні  Елбасының Жолдауын, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын, «Ұлт жоспары - бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамын»  мақсатында   ақпараттық жұмыс жүргізуліде.  Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Адам капиталын дамыту», «Обеспечить достойную занятость», «Сделано в Казахстане» «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын ілгерілету мақсатында   облыстық  «Жетісу»,  «Огни Алатау», аудандық, қалалық газеттерде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы», «Адам капиталын дамыту», «Жұмыспен қамту бағдарламасы – 2020», «Кәсібі – нәсібі»,  «Обеспечить достойную занятость», «Человек труда» және т.б тақырыптармен  13 арнайы айдарлар ашылып, «Жетісу» телеарнасында бағдарламалар ұйымдастырылды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында «Айытаушы мен қорғаушы арасындағы  теңгерім»,  «Татулық, бірлік, ынтымақ», «Бір біріне тілеулес», «Өңір дамуының өзекті тұстары», «Шетелдіктер «шығыс қақпасында», «Үздік жоба анықталды», «Мәңгілік елдің бесігі, отбасы-бақыт есігі», «Обеспечить достойную занятость», «Игіліктер арнасы», «Жеке кәсіпкер жиыны», «Шағын зауыттың мүмкіндігі мол», «Тас өңдейтін жаңа зауыт», «Отандық өнім әлеуеті қай деңгейде», «На контроле – трудовые отношения», «Наш главный  работодатель – население», «Айғайтастың игі ізденістері», Жарқын жетістікке бастайды», «Мәңгілік елдің жоспары», «Міндеттер нақтыланды», «Ұт жоспары әлеуметтің әлеуетін арттырары анық», және т.б. 1479   мақалалар жарық көрді.

«Жетісу» телеарнасында  253  сюжет беріліп, «Болмыс», «Единый народ», «Жетісудың ақын- жазушылары», «Шапағат» және т.б бағдарламалар ұйымдастырылды. Жергілікті жердегі үгіт – насихатшының   қоғамдық белсенділігін арттыру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттары жөніндегі ақпараттардың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету  мақсатында 1 сәуірде    «Ақпараттық   топтарының 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы, 2016 жылғы арналған басым бағыттары және Қазақстан Республикасының   Президенті – Елбасы  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың      «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму»  атты  Қазақстан халқына  Жолдауын және «Бес институционалдық реформа:100 нақты қадам» ұлт жоспарын   тұрғындар арасында   насихаттау»  атты облыстық семинар – кеңес  өткізілді.  Оған  аудан,  қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлім басшылары, газеттердің бас редакторлары қатысты.

2016 жылғы 29   маусымда  ақпарат  және байланыс қызметкерлері  күні кәсіби мерекесі құрметіне  облыс әкімі  республикалық, облыстық, аудандық  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен   салтанатты  жиын өткізілді.  Жиында журналистер бағалы сыйлақтармен, құрмет грамоталарымен  марапатталынып,  147  БАҚ өкіліне  қаржылай сыйақы  беріліп,

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі 2016 жыл  04 ақпан – 1 шілде аралығында барлығы 92 спикер сөз сөйлеген 40 брифинг өткізіп, 1 брифинг-презентация, 2 баспасөз-мәслихатын ұйымдастырып, 5 республикалық онлайн-конференцияға  қатысты. БАҚ-да барлығы 162 мақала, 130  сюжет шығып, сайттарда 315 мақала жарық көрді.

 

Әлеуметтік сауалнамалардың қорытындысы бойынша

Жыл басынан талдау және мониторинг бөлімі 6 көпшілік 1 телефон  сауалнама өткізді.  Оларға  7 600  респондент қатысты.

- Тоқсан сайын облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын зерделейтін әлеуметтік сұрау.

- Тоқсан сайын  облыстағы этносаралық жағдайды  анықтайтын әлеуметтік  сұрау.

- «Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету  жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған өңірлік жоспарды  іске асыру барысына қоғамдық баға беру».  

- облыс тұрғындарының  Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың жыл сайынғы  дәстүрлі Жолдауларын қабылдау деңгейін анықтау.

- облыс тұрғындарының көрнекті үгіт құралдардың, БАҚ-да имидж шығармашылардың, үгіт науқаннның тиімділігін анықтау үшін жүргізілген көпшілік сауалнама.

Сауалнамалар нәтижелерін  қорытындылай келе, облыстағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, әр түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынас орныққан, тұрғындардың көңіл-күйі позитивті және тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік саясатқа оң көзқараста екендігін атап өтуге болады.

 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық  Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.    

2016 жылғы 25-29 сәуір аралығында мемлекеттік рәміздердің заң талаптарына сай орналастырылуы мен қолданылуын тексеру мақсатында республикалық инспекциялық топ облыстың аудан, қалаларында іссапарда болды.

Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссия Ақсу, Ұйғыр, Қарасай, Талғар аудандарында 58 мемлекеттік мекеме  мен 36  білім беру ұйымдарында  тексеру жүргізіліп, әдістемелік көмектер көрсетті.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін пайдалану және насихаттау бойынша» брифинг өтті.   Брифингке облыстық ішкі саясат басқармасының, облыс бойынша  Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің, облыстық прокуратура өкілдері қатысты.

Алматы облысы бойынша техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен бірлесе  Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуы мен насихатталуы  бойынша Ақсу, Ескелді, Көксу, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандарында семинарлар өткізілді.

 3 маусым Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында "Тәуелсіз елдің тұғыры биік көк Туы"  атты ҚР Мемлекеттік  Туын тұғырға көтеру салтанаты өтті.

Жыл басынан басқарма сайтында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша материалдар, өткізілген іс-шаралар, акциялар, семинарлар туралы 31  материал орналастырылды. Сайтта орналастырылған ақпараттар  жаңартылып отырады. 

 

         


Орналастырылған күні: 19.07.2016 12:21

Өзгертілген күні: 19.07.2016 12:23:56

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх