Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өңірлік индустрияландыру картасына 7550  жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 289,3 млрд. теңгені құрайтын 51 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Бірінші бес жылдықтың аясында 7141 жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 282,3 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске қосылды.

970 жұмыс орнының құрылуымен 875,8 млрд.теңге  сомасына  1 жоба (Балхаш ЖЭС) Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Алматы облысының 2015-2019 жылдарға арналған Өңірлік индустрияландыру картасында 2377 жұмыс орнымен жалпы сомасы 43,8 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба бар.

2015 жылы 409 жаңа жұмыс орнының құрылуымен  жалпы сомасы 7063 млн. теңгеге 4 жоба іске қосылды ( «Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық зауытының құрылысы; «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС-нің алюминий профильдерін шығару зауыты, «Күрті» Күрті кен орнында гранитті өндіру бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды және құрылыс материалдарын өндіру бойынша тасты өңдеуші цехты салуды жетілдіру; «Алакөл-Көмір» ЖШС).

2016 жылы Индустрияландыру картасының шеңберінде 905 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 14 472 млн. теңгеге 3 жоба («Казиндустрия» ЖШС тасты қайта өңдеу  зауытының құрылысы, «Bapy Mining»  ЖШС инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу мен қайта өңдеу арқылы шекті шойынды алу, «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС жем қоспа және майлы өнімдерді шығару өндірістік кешенінің құрылысы ) іске қосылуға жоспарланған.

Қазіргі уақытта өзектендіру шеңберінде Индустрияландыру картасы Өңірлік кәсіпкерлікті қолдаудың картасы болып атауы өзгеруіне байланысты Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 582 қаулысына өзгертулер енгізілуде.

Өңірлік Индустрияландыру картасына қосу үшін аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бизнес-жоспарларды дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 



Орналастырылған күні: 20.07.2016 16:14

Өзгертілген күні: 20.07.2016 16:15:34

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх