Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


2016 жылдың  қаңтар-мамыр айларында Статистика агенттігінің мәліметі бойынша жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 161,4 мың бірлікті құрады,  немесе былтырғы жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 103,9 % (2015 жылдың қаңтар-мамыр – 155,2 мың бірлік).

Қаңтар–мамыр айларында бюджетке түскен қаражат 20,4 млрд.теңгені құрады немесе мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемімен салыстырғанда 19,9% (2015 ж. қаңтар-мамырда бюджетке түскен қаражат 14,8 млрд.теңге немесе мемлекеттік бюджеттің жалпы көлемімен салыстырғанда 14,7%).

2016 жылғы  20 маусымдағы жағдай бойынша Өңірлік Үйлестіру Кеңесі жалпы  сомасы 12 млрд. 714,4 млн.теңгеге 103 жобаны қарастырды және мақұлдады, оның ішінде: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 60 жоба (жалпы несие сомасы 10 млрд. 990,4 млн. теңге); ішінара кепілдік беру бойынша 37 жоба (несие сомасы 315,1 млн. теңге); жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіру бойынша  6 жоба (1 408,9 млн. теңге).

Бағдарламаны жүзеге асыру аяснда 429 жаңа жұмыс орны ашылып, 2305 жұмыс орны сақталды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға облыстық Грантты ұсыну комиссиясы 113 жоба қарастырып, оның ішінде 72,0 млн. теңгеге 44 жобаны  мақұлдады.


Орналастырылған күні: 21.07.2016 10:47

Өзгертілген күні: 21.07.2016 10:50:41

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх