Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

І Бағыт

2016 жылы Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағытының шеңберінде 16 жобаны жүзеге асыруға республикалық, жергілікті бюджеттерден және Ұлттық қордан 1 629,7 млн. теңге қаражат бөлінді.

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 11 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарының рәсімдері аяқталып, тапсырыс берушілер (аудан және қала әкімдіктері) мен мердігерлер арасында келісім-шарттар жасалынған, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді.

1 жоба бойынша (Балқаш ауданы) конкурс өткізілмеді деп танылып, бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға әлеуетті жеткізушіге шақырту жолданған.

3 жоба бойынша конкурс рәсімдері аяқталмады (Ескелді, Жамбыл аудандары мен Текелі қаласында 1 жобадан).

Қапшағай қаласының 1 жобасы бойынша конкурс жарияланбады.

1 шілдедегі жағдай бойынша аудан және қала әкімдіктерімен жоспарланған (қаңтар-маусым) 407,2 млн. теңгенің 386,5 млн. теңгесі игерілді (94,9%). 550 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 167 адам жұмыспен қамтылды (30%), оның ішінде 84 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасқан.



2 Бағыт 

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде үш бағыт бойынша  12116,1 млн.теңге бөлініп, 2016 жылдың 1 шілдесіне  3248,8 млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 26,8 %).

Бірінші бағыт бойынша 2016 жылға  1843 жұмыс орны құрып, 40 жобаны іске асыруға жалпы сомасы 5475,3 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың  1 шілдесіне  1323,2  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 24,2 %).

34  жоба  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. Аталған жобаларда 826 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 517 адам  жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 1457 әлеуметтік қатысушыға 5833,0 млн.теңге көлемінде шағын несие беру, 391 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға  17,8 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалымен бірінші транш бойынша бөлінген 521 адамға 1563,0 млн. теңгеге және екінші транш бойынша 852 адамға 3770,0 млн. теңгеге келісімшартқа қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне бірінші транш бойынша 232 адамға 547,8 млн. теңге және қайтарылған сомадан 1 адамға  2,8 млн. теңге шағын несие берілді.

Үшінші бағыт  бойынша  жалпы сомасы 789,9 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың  1 шілдесіне  362,6  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 45,9 %).

Қайта даярлаумен 1272 адам, біліктілігін арттыруға 47 адам, 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздар  арасынан 168 адам қайта даярлаумен, 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлер арасынан 391 адам қайта даярлаумен  қамтылады. Өнеркәсіп салаларына жататын кәсіпорындардың білікті қызметкерлерін қайта даярлауға жіберу үшін 330 азаматқа грант беру көзделген.

Сонымен қатар, қысқартылған жұмыс уақыты үшін республикалық және өңірлік деңгейдегі кәсіпорындардың білікті 144 қызметкерлерінің жоғалтқан табысының үштен екі бөлігін уақытша субсидиялау жоспарлануда. Бұл олардың жұмыс орнын қысқартуды болдырмау мақсатында жалақының жоғалтылған бөлігінің орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне кәсіптік оқытумен 1311 адам қамтылды. Оның ішінде 809 адам оқуын аяқтап, 653 адам немесе (80,7%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.  

Жыл басынан нақты әлеуметтік жұмыс орындарына 967 адам (112,6%), орналастырылды,  жастар практикасына  1050 түлек (96,9%) жіберілді.

 


Орналастырылған күні: 21.07.2016 11:39

Өзгертілген күні: 22.07.2016 11:52:37

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх