Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп


Барлығы блыста 105 этнос өкілдері тұрады. Жалпы 23 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  10 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблея хатшылығы, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім» орталығында тұрақты негізде  «Тілдерді оқыту» орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» тіл жанашырлары клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Көркем-ай» өнер-тәлім отауы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі, «Meladi Kids» ән студиясы жұмыс істейді.

Сәуір айында

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ – Мәңгілік Елдің тұғыры: Ұлы даланың перзенттері» атты облыстық форумы Ақсу ауданы, Жансүгіров кенті, Ақын Сара атындағы мәдениет үйінде өтіп,  «Бірлік пен бірегейлік – бүтіндігіміздің кепілі» атты шара ұйымдастырылды. ҚХА жанындағы «Аналар кеңесі», тұтынушылар палатасы мен бірлесе отырып «Әйел және Бизнес» жобасы бойынша Қаратал ауданы Уштөбе қаласында семинар өтті;

1 Мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі Алматы облысының тұрғындары Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кең көлемде аталды. Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту» тақырыбында бринфинг ұйымдастырылды;

Мамыр айының 3-6 жұлдызында Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.Божко және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V, VI шақырылымының депутаты Ю.Тимощенко Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университетінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен және студенттік жастармен кездесті;

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Ұлттық бірлік, бейбітшілік, келісім бесігі – ананың жүрегінде» атты жиыны болды;

Дәнеш Рақышевтың 90 жылдығына арналған «Мәңгілік елдің мәдени мұрасы» атты әдеби-сазды кеші, сол күні Жетісудағы славян, орыс және казак ақындарының «Жизнь – мгновение земное» атты кездесу;

Алматы облыстық С.Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасында, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде, «Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында», В.Маяковский атындағы қалалық кітапханада, сонымен қатар, өңірдегі барлық аудандық, қалалық кітапханаларда бір мезетте «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазылды;

Алматы облыстық «Полония» поляк этномәдени орталығының ұйымдастыруымен және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық Үйі - Қоғамдық келісім орталығының» қолдауымен поляк халқының Қазақстанға күштеп қоныс аударылуының 80 жылдығына арналған «Киелі мекеніміз - Қазақстан!» атты облыстық форумы;

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мен – дарынды баламын!» III облыстық фестивалі, Қапшағай қаласындағы «Ақ Отау» туристтік комплексінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Славян жазуы мен мәдениетінің күндері» атты облыстық фестивалі;

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Халықаралық балалар күніне орай І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында «Өрнек» би ансамблінің «Достықтың дархан ұясы» атты халыққа есеп беру концерті болды;

Талғар ауданы Жаңалық ауылында Облыс әкімінің орынбасары Б.Өнербаев, «Әділет» тарихи ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Ә.Ғарифолла, қоғам мүшелері, облыстық Ассамблея мүшелері, қуғын – сүргін құрбандарының туыстары және аудан әкімдігінің қызметкерлерінің қатысуымен қаралы митинг;

Маусым айында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Достықтың дархан ұясы» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды;

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында «Мемлекеттік рәміздер – Ұлт мақтанышы» атты облыстық форумы;

«Таубұлақ» туристік базасында «Қазақстан халқының ұлттық ойындары» халықаралық фестивалінің облыстық туры өтті;

Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігің 25 жылдығына арналған «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем – Қазақстан» атты облыстық форумы атап өтілді;

«Достық Үйінің» алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Сабантой татар мейрамы;.

Қоғамдық келісім кеңестерінің «Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық форумы;

Облыс әкімі, Ассамблея төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен «Мемлекеттік этносаясаттың басты мақсаты – болашағы біртұтас ұлтты қалыптастыру» күн тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы болды.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының науқас балаларға қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталған «Қоржын» акциясы аясында жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларға ІІ тоқсан бойынша барлығы 253 адамға 8 432 700 теңгеге жуық көмек көрсетілді.

ІІ тоқсанда саяси, мәдени, әлеуметтік маңызы бар (1- сессия, 5 – форум, 2 – кеңес,  1 – семинар, 3 – фестиваль, 1 – митинг, 2 – брифинг, 1- ашық диктант, 3 -  кездесу жиын, 1 – түрлі шаралар;) 20 шара ұйымдастырылып, оған  30 000-нан астам адам қатысты.

Жоғарыда көрсетілген барлық шаралар облыстық ҚХА-ның, «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығының» және облыс әкімінің сайттарында, БАҚ беттерінде жарияланып, облыстық, республикалық, ұлттық арналарда таратылды. Үш айдың қорытындысы бойынша облыстық Ассамблеяның жұмысы жайында облыстық, республикалық газеттерде 40 мақала, 4 сұхбат берілді. Облыстық «Жетісу» телеарнасында облыстық Ассамблея мен этномәдени орталықтарының жұмысын, этностардың мәдениетін, дәстүрін насихаттайтын «Единый народ» циклды телехабары апта сайын шығарылып тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіле береді.


Орналастырылған күні: 21.07.2016 12:25

Өзгертілген күні: 21.07.2016 12:29:36

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх