Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Өңірлік индустрияландыру картасына 7515  жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 288,9 млрд. теңгені құрайтын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.

Бірінші бес жылдықтың шеңберінде 7141 жұмыс орнының құрылуымен, жалпы сомасы 282,3 млрд. теңгені құрайтын 47 жоба іске қосылды.

970 жұмыс орнының құрылуымен 875,8 млрд.теңге  сомасына  1 жоба (Балхаш ЖЭС) Республикалық индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылуда.

Қазіргі уақытта Алматы облысының 2015-2019 жылдарға арналған Өңірлік индустрияландыру картасында 2274 жұмыс орнымен жалпы сомасы 156,8 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба бар.

2015 жылы 374 жаңа жұмыс орнының құрылуымен  жалпы сомасы  6 681 млн. теңгеге 3 жоба іске қосылды («Абди Ибрагим Глобал Фарм» ЖШС-нің фармацевтикалық зауытының құрылысы; «Aluminium of Kazakhstan» ЖШС-нің  алюминий профильдерін шығару зауыты, «Алакөл-Көмір» ЖШС асфальтбетон өндірісін ұйымдастыру бойынша зауыт).

2016 жылы  Индустрияландыру картасының шеңберінде 855 жаңа жұмыс орнының құрылуымен жалпы сомасы 14 050 млн. теңгеге 2 жоба («Bapy Mining»  ЖШС инновациялық технология бойынша темір кенін өңдеу мен қайта өңдеу арқылы шекті шойынды алу, «Агрокомплекс Жетысу Мажико» ЖШС жем қоспа және майлы өнімдерді шығару өндірістік кешенінің құрылысы) іске қосуға жоспарланған.

Өңірлік Индустрияландыру картасына қосу үшін аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

 


 

 

 

 

 

 

 

 



Орналастырылған күні: 24.10.2016 15:49

Өзгертілген күні: 24.10.2016 15:51:14

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх