Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


Есептік кезеңде Алматы облысында туризмді дамыту мастер-жоспарын және оны іске асыру жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылды.


Облыс аудандары мен қалаларында Мастер-жоспарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарларын оларды адымды орындауды, туризм нысандарына инвесторларды тартуды, жоспарланатын іс-шаралардың санын арттыруды ескере отырып, өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.


Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризм инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Облыс әкімінің 2015 жылғы  4 тамыздағы № 541-ө өкіміне сәйкес арнайы жұмыс тобы қызмет атқарады. Балқаш, Алакөл көлдерінің жағалауында туризмді дамыту бойынша жұмыс тобының отырысында Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жұмыстарды жүргізу қажеттілігі мәселесі қарастырылды.

Көктұма ауылындағы Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Алакөл көлінің жағалауында орын алған төтенше жағдайды шешуге ықпал ету туралы ресми хат жолданды. Мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын есепке ала отырып, Алматы облысының әкімдігіне жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаражат іздестіруді тапсырылды.

Жергілікті бюджеттің есебінен 21 млн.теңге сомаға Ақши аулынынан демалыс орындарына дейінгі автожол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылысы басталды. Қазіргі таңда Ақши аулынынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды құрады. Жолдың рекострукциясын 2017 жылғы қараша айында аяқтау жоспарланып отыр.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуын ескере келе, ағымдағы жылы да «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы жергілікті бюджеттен 65,6 млн.тг. сомаға субсидияландырылды.

Туристерді Алакөл көлінің жағалауына қолайлы жеткізу үшін  Үшарал қаласындағы әуежай құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Құрылыстя аяқтаудың мерзімі - 2017 жылғы сәуір айы. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне «Астана-Үшарал», «Алматы-Үшарал» авиарейстерін субсидияландыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

Ағымдағы жылы Алакөл ауданындағы «AQUAMARINE resort» заманауи қонақ үй кешенінің құрылысы инвестициялық жобасын жүзеге асыру аяқталды. Аталған нысанға тартылған инвестициялардың жалпы сомасы - 568,0 млн.тг. Бұған қоса, Алакөл көлінің жағалауында көпсалалы қонақ үй кешенінің құрылысы үшін «Falcon Petroleum» ЖШС-нің, демалыс аймағының құрылысына «Каримов» ЖК-нің инвесторлары тартылды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде, мониторинг мәліметтері бойынша Алакөл ауданында ағымдағы жылғы 9 айда бойынша ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,7 есе, қызмет көрсетілген келушілердің саны 3,4 есе өсті.

2016 жылғы 14 наурызда Сарқан ауданында жұмыс тобының, орналастыру орындарының және облыстық, аудандық құрылымдардың өкілдерімен «Балқаш көлінің жағалауында инфрақұрылымды құру» мәселесі бойынша жиналыс өткізілді.

134,4 млн.тг. сомаға Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы  141 шақырымды құрайтын автожолдың телімдерін қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, оның ішінде келесі телімдер бойынша: «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай» автожолының 0-110 шақырымы, «Алматы-Өскемен-Қызылқайың» автожолының 113-117 шақырымы, «Лепсі - Балқаш көлі» автожолының 0-27 шақырымы. Қазіргі таңда барлық телімдер бойынша жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Есептік кезеңде Басқармамен облыстың туристік өнімін туристік қызметтердің ішкі және халықаралық нарықтарында жылжыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.

Туризм саласында достық қарым-қатынасты орнату және іскерлік ынтымақтастықты тереңдету үшін Алматы облысының туризм басқармсасы ҚХР-мен белсенді серіктестік жүргізуде. ҚХР-ның Синьцзян-Ұйғыр автономды ауданы Іле-Қазақ автономдық округінің Ұлттық үкіметінің аралығында туризм саласында ортақ ынтымақтастық бойынша бірқатар кездесулер өткізілді. Туризм басқармасы Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясының басшылығымен өткен бизнес-кездесуге қатысты.

Облыстың туристік әлеуеті Берлин қаласындағы (ФГР) мерейтойлық 50- ші «ITB-2016» халықаралық туристік биржасында таныстырылды. Көрме бағдарламасының шеңберінде «ЭКСПО-2017 қарсаңындағы туризмнің дамуы» тақырыбында роуд-шоу ұйымдастырылды. Роуд-шоуда Алматы облысының туристік мүмкіндіктері таныстырылды. 2016 жылғы 23-26 наурыз аралығында Алматы облысы қазақстандық делегацияның құрамында Мәскеу қаласындағы (Ресей) 23-ші «MIIT/Саяхаттар және туризм 2016» халықаралық туристік көрмесіне қатысты.

Облысқа келуші туристік ағымды арттыру мақсатында Алматы облысы ағымдағы жылы Алматы және Астана қалаларындағы халықаралық қазақстандық туристік көрмелерге қатысты. «Туризм және Саяхат» KITF-2016» халықаралық қазақстандық туристік көрмесінің ресми өңір ретінде ресми серіктесі болды.

Туризм басқармасы ағымдағы жылы туризмді дамыту және туристік дестинацияны жылжыту саласында неғұрлым тиімді бағыттардың бірі ретінде танылып үлгерген В2В форматында презентация өткізу жалғастырылды. 2016 жылғы сәуірде Алматы қаласында «WORKSHOP-TRAVEL-2016» воркшоп ұйымдастырылып, оның жұмысына Алматы облысының туристерді қабылдайтын нысандар (демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендері, шипажайлар және т.б.), мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, шетелдік және отындық нарықтағы туристік фирмалар қатысты. Сонымен қатар, Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хубэй және Хайнань провинцияларының туризм басқармаларының, Татарстан Республикасының туризм бойынша мемлекеттік комитетінің және Қазан қаласының Туристерді қабылдау департаментінің, Қазақстан Республикасы туристік қауымдастықтарының өкілдері де қатысты. Воркшоптың шеңберінде Алматы облысы туризм басқармасы Хоргос қаласының, Қытай Халық Республикасының Хайнань провинциялары туризм басқармаларымен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

Ағымдағы жылы қыркүйек айында Астана қаласында «Astana-Leisure 2016» халықаралық қазақстандық туристік көрмесінің шеңберінде кезекті воркшоп өтті. Іс-шараға облыстың туристерді қабылдайтын 25-тен аса нысан және 30-ға жуық отандық және шетелдік туристік фирмалар қатысты. «WORKSHOP-TRAVEL-2016»-тың ерекшелігі - оның алғаш рет Астана қаласында өтуі, Қазақстан туроператорларымен байланыс орнатуға ықпал етуі болды.

Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығымен (бұдан әрі - Орталық) туристік көрмелерге қатысу үшін жарнамалық-имидждік өнімдерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қолданушылар үшін туристік ақпараттық интернет-портал қолжетімді, бейнероликтер дайындалды, Facebook мен Instagram әлеуметтік желілерінде парақшалар ашық.

Осы жылы туризм басқармасы туристік мүмкіндіктерді әлеуметтік желілер арқылы насихаттау үшін алғаш рет «ЖЕТІСУ ЖҮРЕГІМДЕ» селфи және флешмоб конкурстарын ұйымдастырды. Аталған конкурсқа 250-ден аса адам қатысты.

Есептік кезеңде туризм басқармасымен Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Италия Республикасының шетелдік туроператорлары үшін, сонымен қатар Милан қаласындағы (Италия) «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесінде қазақстандық павильонның миллионыншы келушісі үшін бірқатар ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Бұған қоса,  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде шетелдік туристік компаниялардың өкілдері үшін ақпараттық ұйымдастырылды. Ақпараттық турлардың қатысушылары «Алтынемел», «Шарын», «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің туристік нысандарына барды. ХІХ ғасырда біздің елімізге сапар жасаған алғашқы британ саяхатшысы және суретшісі - Томас Аткинсон ұрпақтарының делегациясы үшін кездесу және облыстың туристік нысандары бойынша экскурсия өткізілді.

Алматы облысының аумағынан өтетін, оның ішінде «ЭКСПО-2017» көрмесінің келушілеріне көрсетілетін туристік маршруттардағы қызметтердің сапасын жетілдіру мақсатында облыс аумағында маршруттардың инспекциясы өткізілді.

Туризм басқармасы облыс аудандары мен қала әкімдіктерінің туризм саласына жетекшілік ететін мамандары, МҰТП мен туристік бизнестің (туристік фирмалар мен орналастыру орындары), қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың өкілдері үшін Қапшағай қаласында әлеуметтік туризм мен «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыстың қатысуы туралы мәселелер талқыланған семинар өткізді.

Ішкі және кіру туризмін дамыту дамыту мақсатында есптік кезеңде бірқатар ірі іс-шаралар өткізілді, оның ішінде: «Іле-Балқаш» регатасы, «Таңбалы Тас» фестивалі, Қапшағай су қоймасында Алматы облысы әкімінің Кубогына халықаралық желкенді регатасы, «KOKSU WATER FEST-2016» су туризмі фестивалі, «Жоңғария» туриадасы, І-ші «Ұлы Дала Елі» халықаралық фестивалі, «Крылья Алаколя» бервочерлер фестивалі және «Окуньколь»балық-туристік фестивалі, Сарқан ауданында Дүниежүзілік туризм күніне арналған облыстық туристі слет.

 «Ұлы Дала Елі» облыстық экспедициясы  өткізілді, оған облыстың 8 өңірінен, оның ішінде 11 туристік клубтан 13 топ қатысты. Экспедицияға алғаш рет қатысқан маршруттың қатысушыларына «Қазақстан саяхатшысы» белгілері берілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығының құрметіне туризммен айналысатын, оқу үздіктері болып табылатын, аз қамтылған отбасынан шыққан мектеп жасындағы балалар, оқу үздіктері үшін «Қазақстанның астаналары: кеше және бүгін» туристік теміржол маршруты ұйымдастырылды. 240 бала Алматы, Түркістан, Тараз, Астана қалаларының тарихи орындарына, мұражайларын мен құндылықтарына барып, қазақ халқының тарихымен танысты. Сонымен қатар, Астана қаласына «Астана - болашаққа бастама» туристік сапары ұйымдастырылды.

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында есептік кезеңде туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасы Кубок кезеңінің барлық кезеңдеріне Алматы облысы командасының әртүрлі жас категорияларында қатысуы қамтамасыз етілді.

 «ЭКСПО-2017-ге» дайындық шеңберінде туризм басқармасымен ағымдағы жылы Талғар ауданы мен Қаскелең қаласындағы орналастыру және тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін бірқатар оқу курс-тренингтері өткізілді. Ағымдағы жылы 7-8 қазан аралығында «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатысуға ұсынылатын туристік нысандардың мамандары үшін мастер-класстар өткізілді. Курстарға қатысушылардың жалпы саны 65 адамды құрады, оларға тиісті сертификаттар табысталды.

Атқарылған жұмыс нәтижесінде мониторинг мәліметтері бойынша 2016 жылғы 9 айдағы облыс аудандары мен қалаларында көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 4437,3 млн.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштің  128,3%-ын құрайды.


 

 


Орналастырылған күні: 25.10.2016 10:45

Өзгертілген күні: 25.10.2016 10:47:37

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх