Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар:


Ағымдағы жылдың 9 ай аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Өңірлік Үйлестіру Кеңесі жалпы  сомасы 32 462 млн. теңгеге 214 жобаны қарастырып, мақұлдады: оның ішінде проценттік мөлшерін субсидиялау бойынша 108 жоба, жалпы несие сомасы 31 771,2 млн. теңге, ішінара кепілдік беру бойынша 66 жоба, несие сомасы 1 017 млн. теңгеге мақұлданды, жетіспейтін инфрақұрылымды жетілдіру бойынша  1 ,5 млн. теңгеге – 7 жоба, грантты ұсыну бойынша 72,0 млн. теңгеге  44 жоба.

Бағдарламаның жүзеге асыру шеңберінде 1132 жаңа жұмыс орны ашылып, 4834 жұмыс орны сақталды.

Ағымдағы жылдың 9 ай аралығында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты аясында жалпы сомасы 2 426,7 млн. теңгеге 835 жоба мақұлданды.



Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар:


Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағытының шеңберінде Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы 2016 жылдың басынан республикалық, жергілікті бюджеттерден және Ұлттық қордан 1 629,7 млн.теңге қаражат бөлініп, елді мекендердегі ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерін күрделі жөндеу, абаттандыру бойынша  16 жоба жүзеге асырылуда.

10 қазандағы жағдай бойынша аудан және қала әкімдіктерімен жоспарланған (қаңтар-қазан)  1 208,7 млн.теңгенің 1 065,9 млн.теңгесі игерілді (88%).  550 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 472 адам жұмыспен қамтылды (85%), оның ішінде 238 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасқан.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айында қосымша 69 жобаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен, ұлттық қордан және жергілікті бюджеттен  1,3 млрд.теңге бөлінді.

69 жобаның 37-і бойынша мемлекеттік сатып конкурсын өткізу және 32-і бойынша бір көзден келісім-шарт жасау жоспарланған.

10 қазандағы жағдай бойынша аудан және  қала әкімдіктерімен жоспарланған (қаңтар-қазан)  426,9 млн.теңгенің 152,1 млн.теңгесі игерілді (25,4%).  464 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 118 адам жұмыспен қамтылды (25,4%), оның ішінде 39 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасқан.

69 жобаның:

- 65-і бойынша аудан және қала әкімдіктері мен мердігер ұйымдар араларында келісім-шарттар жасалынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кетті;

- 1 келісім-шарт қазынашылық органдарында тіркеу сатысында;

-   2 жоба бойынша конкурстық рәсімдер аяқталмады.

 

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстар:


Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде үш бағыт бойынша  17866,4 млн.теңге бөлініп, 2016 жылдың 1 қазанында  8270,0 млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 46,3 %).

Бірінші бағыт бойынша 2016 жылға  4040 жұмыс орны құрып, 417 жобаны іске асыруға жалпы сомасы 11309,3 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың    1 қазанына 5298,9  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 46,9 %).

242  жоба  бойынша  жұмыстар  жүргізілуде. Аталған жобаларда 1896 жұмыс орны құрылып, оның ішінде 1045 адам  жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылды.

Екінші бағыт бойынша 1457 әлеуметтік қатысушыға 5833,0 млн.теңге көлемінде шағын несие беру, 391 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 17,8 млн. теңге қарастырылған. Бүгінгі күні «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы филиалымен бірінші транш бойынша бөлінген 521 адамға 1563,0 млн. теңгеге және екінші транш бойынша 852 адамға 3770,0 млн. теңгеге келісімшартқа қол қойылды.

Ағымдағы жылдың 1 қазанында 832 адамға 2417,8 млн. теңге және қайтарылған сомадан 1 адамға  2,8 млн. теңге шағын несие берілді.

Үшінші бағыт  бойынша  жалпы сомасы 706,3 млн. тенге бөлініп, 2016 жылдың  1 қазанына  551,9  млн. теңге игерілді (жылдық тапсырмаға 78,1 %).

Қайта даярлаумен 1272 адам, біліктілігін арттыруға 47 адам, 55-тен 64 жасқа дейінгі жастағы жұмыссыздар  арасынан 168 адам қайта даярлаумен, 18-ден 24 жасқа дейінгі жастар қатарындағы жалдамалы қызметкерлер арасынан 391 адам қайта даярлаумен  қамтылады.

Ағымдағы жылдың 1 қазанына кәсіптік оқытумен 1883 адам қамтылды. Оның ішінде 1304 адам оқуын аяқтап, 1289 адам немесе (98,8%) тұрақты жұмысқа орналастырылды.  

Жыл басынан нақты әлеуметтік жұмыс орындарына 1009 адам (117,5%), орналастырылды,  жастар практикасына  1377 түлек (127,0%) жіберілді.

 



Орналастырылған күні: 25.10.2016 17:44

Өзгертілген күні: 26.10.2016 18:14:24

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх