Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат

2016 жылдың 9 айы бойынша қорытынды ақпарат


 

2016 жылы құрылыс саласына бөлінген бюджет көлемі 55,242 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 1,715 млрд. теңге;

- жергілікті бюджеттен – 19,176 млрд. теңге;

- Ұлттық қордан – 31,567 млрд. теңге.

- Арнаулы қордан – 1,147 млрд.теңге;

- Ішкі қарыздан– 1,637 млрд. теңге.

Бөлінген қаражат есебінен ағымдағы жылы 164 нысан құрылысы (оның ішінде: 79 нысан 2016 жылы пайдаланысқа беріледі (оның 39 өткізілді), 85 нысан 2017 жылға өтпелі), оның ішінде:

- республикалық бюджеттен – 3 нысан;

       - жергілікті бюджеттен – 98 нысан;

- Ұлттық қордан –50 нысан;

- Арнаулы қордан – 7 инженерлік тораптар нысандары;

- Ішкі қарыздан – 6 несиелік тұрғын үй нысандары.

2016 жылдың 1 қазанға бөлінген 28 млрд. 970 млн.теңге қаржыдан 28 млрд. 798 млн.теңге немесе 99,4% игерілді.

 

Білім беру нысандары

2016 жылы 52 білім беру нысандарының құрылысы мен қайта жаңғыртуға Ұлттық қор есебінен және облыстық бюджеттен 31 млрд. 903,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

- Ұлттық қор – 24 млрд. 271,8 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен - 7 млрд. 632,1 млн.теңге.

2016 жылдың 1 қазанына бөлінген 15 млрд. 092 млн.теңге қаражаттан       15 млрд. 080 млн.теңге немесе 99,9% игерілді.

Жоспар бойынша 2016 жылы 20 нысан пайдалануға беріледі (14 өткізілді), оның ішінде:

9 мектеп (оның 6 өткізілді);

4 бала бақша (оның 5 өткізілді);

1 спорт залға жапсаржай салуға (өткізілді);

1 оқушылыр сарайы (өткізілді);

1 жатақхана (өткізілді);

1 қала сыртындағы лагерь.

32 нысан 2017 жылға ауыспалы.

20 мектеп Ұлттық қордан

12 мектеп жергілікті бюджеттен.

 

Денсаулық сақтау нысандары

2016 жылы 2 денсаулық сақтау нысанының құрылысына бюджеттен 3 млрд. 497 млн.теңге бөлініп игерілді, оның ішінде:

- республикалық бюджеттен - 1 млрд. 446 млн.теңге;

- жергілікті бюджеттен - 2 млрд. 051 млн. теңге.

2 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде:

- «Талдықорған қаласындағы 300 орындық көпсалалы аурухананың қрылысы» (Нысан 2016 жылы 31 мамырда пайдалануға берілді.)

- «Алакөл ауданындағы Ақши ауылында 25 қатысушыны қабылдайтын дәрігерлік амбулатория» (Нысан 2016 жылы 22 шілдесінде пайдалануға берілді). 

 

Тұрғын үй құрылысы

2016 жылы ҚР ҰЭМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің болжамды жоспарына сәйкес барлық қаржыландыру көздерінен 544,1 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланған, оның 53,1 мың шаршы метрі бюджет қаржысы есебінен, оның ішінде:

– Ұлттық қордан несиелік тұрғын үйге (мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы) - 5,6 мың шаршы метр қаралған;

- жас отбасыларға арналған жалгерлік тұрғын үйлерге - 2,8 мың шаршы метр қаралған;

- кезекте тұрғандарға арналған жалгерлік тұрғын үйлерге – тұрғын үй қаралмаған;

- коммуналдық тұрғын үйлерге - 657 пәтерлі 21 үйге 44,7 мың шаршы метр қаралған.

Ағымдағы жылы бюджет қаржысы есебінен 4 млрд. 376 млн.теңге қаржы бөлінген.

2016 жылы 1 қазанына бөлінген 2 млрд. 860 млн.теңге қаржыдан 2 млрд. 821 млн.теңге немесе 98,6% игерілді.

Бөлінген қаражат есебінен жалпы алаңы 112,4 мың шаршы метрді құрайтын 1553 пәтерлі 31 тұрғын үйлер құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2016 жылы алаңы 68,9 мың шаршы метрді құрайтын 994 пәтерлі 25 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында (жедел ақпарат бойынша)1000,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бюджет есебінен 32,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдлануға берілді, оның:

-       5,8 мың шаршы метрі несиелік тұрғын үйлер;

-       9,3 мың шаршы метрі жалгерлік тұрғын үйлер;

-       15,3 мың шаршы метрі коммуналдық тұрғын үйлер;

-       1,8 мың шаршы метрі 50 орындық жатақхана.

Тұрғындар мен мемлекеттік емес мекемелердің қаржысы есебінен 465,5 мың шаршы метрлі тұрғын үйлер пайдалануға беру жоспарланған.

2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 977,459 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.

Одан басқа, «Қазақстан ипотекалық қомпаниясы» АҚ желісімен «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасының аясында Талдықорған қаласының Оңтүстік-Батыс ауданында 2015 жылы 1,3 га жер телімі бөлінген жалпы ауданы 25,5 мың шаршы метрді құрайтын 290 пәтерлі 5 тұрғын және 60 пәтерлі 3 тұрғын үйлердің құрылысы басталған.

Инженерлік-коммуникациялық желілер

 2016 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысының нысанына 8 млрд. 881,9 млн.теңге бөлінді (ҰҚ – 7294,6 млн. теңге, арнаулы қордан – 1146,9 млн.теңге, ЖБ – 370,4 млн.теңге).

2016 жылдың 1 қазанына бөлінген 3 млрд. 624,7 млн.теңге қаржыдан 3 млрд. 517,8 млн.теңге немесе 97% игерілді.

          Берілген жобалардың жүзеге асырылуы 1623 га жерге және 8980 телімдерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және тұрғын массивіне 861,9 км аса инженерлік желілер жүргізуге мүмкіндік береді.

          19 нысан Ұлттық қордан қаржыландырылады;

          7 нысан арнаулы қордан қаржыландырылады;

          20 нысан жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

          Ағымдағы жылы өткізілетіні 19 нысан, оның 6 пайдаланысқа берілді.

                   

Ішкі істер нысандарын дамыту

  2016 жылы облыстық бюджеттен ішкі істер нысандарының құрылысына 132,999 млн.теңге бөлінді.

2016 жылдың 1 қазанына бөлінген 120,1 млн.теңге қаржыдан 119,9 млн.теңге немесе 100% игерілді.

Бөлінген қаражат 6 нысанның құрылысын жүргізуге бағытталған, оның 5 пайдалануға берілуі жоспарланған (3 нысан өткізілді).

1 нысан 2017 жылға ауыспалы.

           

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту

Коммуналдық шаруашылық нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджеттен 3 млрд. 22,8 млн.теңге бөлінді.

2016 жылдың 1 қазанына бөлінген 1 млрд. 999,8 млн.теңге қаржыдан   1 млрд. 963,9 млн.теңге немесе 98% игерілді.

Бөлінген қаражат 9 нысанның құрылысын жүргізуге бағытталған, оның 6 пайдалануға берілуі жоспарланған (3 нысан өткізілді).

3 нысан 2017 жылға ауыспалы.

           

Спорт нысандарын дамыту

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 2 спорт нысандарының құрылысын дамытуға 48,158 млн.теңге қаражат бөлінді.

Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешеніның құрылысы пайдалануға берілді.

2017 жылға ауыспалы Райымбек ауданы Нарынкөл ауылындағы БЖСМ жасанды жабыны бар футбол алаңының құрылысының басталуы жоспарланған.

Мәдениет нысандарын дамыту

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен Талдықорған қаласындағы драм театрдың құрылысына 1 млрд. 200 млн.теңге қаражат бөлінді.

Нысан 2017 жылға ауыспалы

 



Орналастырылған күні: 26.10.2016 10:39

Өзгертілген күні: 26.10.2016 10:40:50

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх