Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC
2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ақпарат

2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ақпарат

Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде Алматы облысының аумағында барлығы 20895 қылмыс, оның ішінде 1408 ауыр (-7,1%), 146 аса ауыр (-6,4%) тіркелген.

Тіркелген қылмыстардың 64,2 пайызы (13420) Алматы қаласына жақын орналасқан аудандарда орын алған (Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Қапшағай).

Жалпы қылмыстар деңгейін 10 мың тұрғынға есептегенде 145 қылмыстан келеді (республика бойынша - 224).

Тіркелген қылмыстар;

-      77 қасақана адам өлтіру (-7,2%),

-      144 денсаулыққа ауыр жарақат келтіру (+50,0%);

-      220 зорлау (-20,3%);

-      61 қарақшылық (-4,7%);

-      526 тонау (-22,3%);

-               10416 бөтеннің мүлкін ұрлау (-9,9%), оның ішінде 2392 пәтерден ұрлау (35,7), 1028 мал ұрлығы (9,8).

Ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда 1,8 пайызға өсіп, 48,9 пайызды құрады, оның ішінде ауыр қылмыстарды ашу – 44,9 пайыз, аса ауыр қылмыстарды ашу – 90,2 пайыз.

Адам өлтіруді ашу – 93,4 пайызды (+13,7%), денсаулыққа ауыр жарақат келтіру 90,0 пайызды (+8,7%), зорлауды ашу 94,4 пайызды (+15,8%), қарақшылықты ашу 65,8 пайызды (+0,2%), тонауды 43,7 пайызды (+0,2%), ұрлықты ашу 22,3 пайызды (+1,1%) құрады.

Тіркелген қылмыстар санының негізгі үлесін (49,8%) бөтенің мүлкін ұрлау деректері құрайды – 10416.

Ұрлықтарды ашу көрсеткіші 28,2 пайыз (2014ж. – 35,9%).

Барлығы 264 қылмыскерге іздеу салынып, 257 ұсталды. Ағымдағы жылы іздеуге берілгендерді ұстау көрсеткіші – 77,7 пайыз (2014ж. – 83,2%).

 

2015 жылдың 9 айында ұйымдасқан қылмыс бағытында 232 қылмыс анықталып ашылды (2014ж. - 223).

 

458 есірткі қылмысы анықталды (+2,6 есе), оның ішінде 123 (+0,8%) қылмыс есірткі заттарын сатумен байланысты.

Айналымнан 1т.722кг.563гр. есірткі заттары тәркіленді, оның ішінде 7кг.025,03гр. «героин».

 

Кәмелетке толмағандармен 138 қылмыс жасалды (-41,5% немесе 236), оның ішінде 2 аса ауыр (-6,0 есе немесе 12), 16 ауыр (-3,7 есе немесе 59).

723 жасөспірім және 469 қолайсыз жанұя анықталып, ІІО-ның есебіне қойылды.

2015 жылғы 1 қазандағы мәліметтер бойынша 869 жасөспірім және        996 қолайсыз жанұя ІІО есебінде тұр.

 

Өткен жылмен салыстырғанда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 16,8 пайызға (4396-дан 3656-ға), оның ішінде              көшелерде орын алған қылмыстар саны 11,9 пайызға (2702-ден 2380-ге) азайып отыр.

1232 (-2,1%) жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оларда 348 (+7,7%) адам             қаза болды және 1570 (-2,7%) адам жарақат алды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде 193 397 жүргізушіге 1 987 941 346 теңге айыппұл салынып, 630 258 873 теңге өндіріліп алынды (31,7%).

 

Көші-қон полициясы бөліністерінде 192064 шетел азаматтары тіркелген (+43,0%), оның ішінде 29918 алыс (+52,6%), 162146 таяу шетелдерден (+6,4%).   

Көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін 9686 (-41,5%) азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 8988 (+53,6%) шетел азаматы,  698 ҚР азаматы (-93,5%). 

Алматы облысының аудандық соттарының шешімімен 712 (+3,9 есе) шетел азаматы Қазақстанның сыртына шығарылды.

 

Алматы облысының аумағында 99 бейне бақылау камералары орнатылған, оның ішінде Талдықорған қаласында – 46, Қарасай ауданында – 19, Жамбыл, Еңбекшіқазақ аудандарында және Қапшағай қаласында               8-ден, Талғар және Іле аудандарында 5-тен.  

 

Алматы облысының ІІД


Орналастырылған күні: 20.11.2015 17:30

Өзгертілген күні: 06.04.2017 17:23:41

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх