Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC

2019 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Мемлекеттік бағдарлама аясында  саланы қолдауға ағымдағы жылға бюджеттен 39,6 млрд. теңге қаражат бөлінді (субсидия - 32,8 млрд.тңг), оның есепті кезеңде 13,5 млрд теңгесі немесе 34% игерілді.

Құны 67,1 млрд.теңгені құрайтын 89 инвестициялық жоба іске асырылуда, оның 4 айда 4,9 млрд.теңгелік 6 нысаны іске қосылып, 162 жұмыс орны құрылды. Барлығы салаға 10,3 млрд. теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы жерлері цифрландырылып, электронды базаға егістіктің 95% (956 мың га), жайылымдық жердің 71% (4813 мың га), шабындықтың 50% (101 мың га), көпжылдық екпенің 49% (10  мың га) енгізілді.

Өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты қаңтар-наурыз айларында 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  20,4% өсіп, құны 21,4 млн. АҚШ долларының тауары шетелге шығарылды.

Ауыл шаруашылығында бір жұмысшыға еңбек өнімділігі алдын-ала есептелген дерекпен 1728,5 мың теңгені құрады, бұл 2017 жылғы көрсеткіштен 12,7% артық.

 


Орналастырылған күні: 25.04.2019 11:11

Өзгертілген күні: 30.05.2019 14:47:49

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх