Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC
2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Есептік кезеңде ішкі және кіру туризмін дамытуға басымдылық бере отырып, 2018-2020 ж.ж. арналған Алматы облысында туризмді дамытудың жол картасын жүзеге асыру жалғастырылды.

Алакөл көлінің жағалауын дамыту бойынша Мастер-жоспарды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Алакөл көлінің жағалауында бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды жобалау бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде, Ақши мен Көктұма ауылдарында Алакөл көлінің жағалауын бекітудің және Ақши ауылындағы демалыс аймақтарын есепке еле отырып, Алакөл көлінің жағалауын сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылысы бойынша ЖСҚ-лары әзірленді. Кәріз жүйесінің, 6,5 мың м3/тәул. арналған кәріздік тазалау құрылғылары құрылысының бірінші кезегінің бірінші кезеңі бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы жасалды. Үшарал қаласы әуежайының ұшып-қону жолағын жаңарту бойынша ЖСҚ-ны әзірлеу аяқталды, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды.

Ұзындығы 313,5 км «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автомобиль жолын қайта салу жұмыстары жалғастырылуда. Жобаны жүзеге асыру мерзімі -  2018-2022 жж. Бүгінгі күні жол бойында кеңселермен және тұрғын корпустармен жабдықталған 5 құрылыс қалашығы салынып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Алакөл көлінің жағалауында демалушылардың артуына байланысты, «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасын субсидияландыру жалғастырылды, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС-ге 85,0 млн.теңге бөлінді.

Бүгінгі күні «Нұр-Сұлтан-Үшарал-Нұр-Сұлтан» (аптасына алты рет, «SCAT» авиакомпаниясы), «Алматы-Үшарал-Алматы» (күн сайын, «SCAT» авиакомпаниясы), «Талдықорған-Үшарал-Талдықорған» (күн сайын екі рейстен, «Жетісу» авиакомпаниясы) бағыттары бойынша субсидияландырылатын авиациялық қатынастары орнатылды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2019 жылғы 1 шілде-18 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан қатынайтын субсидияландырылатын авиарейстердің жиілігін күніне екі есе арттыруға ұсыныс жасалды. Бұл мәселені субсидия көлемін арттырусыз, кейінгі айларға жоспарланған рейстерді ауыстыру арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр.

Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамыту мақсатында жазғы туристік маусымның ашылуы өтті. Іс-шараның шеңберінде : орналастыру орындарының қызметкерлері үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және қонақжайлылық стандарттарын енгізубойынша семинар-тренинг, жазғы туристік маусымға дайындық бойынша жұмыс кеңесі, «Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Алакөл көлінің курорттық аумағы» мастер-жоспарының презентациясымен Алматы облысындағы туризмді дамытудың болашағы» тақырында дөңгелек үстел, сонымен бірге «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесе ұйымдастырылған жобалық кеңсенің отырысы өткізілді.

Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз, Шымкент қалаларынан 40-тан астам туристік фирмалардың өкілдері қатысқан ақпараттық тур өтті, Ақши, Көктұма ауылдарындағы демалыс аймақтары мен базаларының инспекция ұйымдастырылды.

Туризм басқармасымен есептік кезеңде «Қазақстан Республикасында туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасына және оны заңнамалық нығайтуға ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар, Туристификацияның республикалық картасының ТОП-10 нысанына енген Алакөл көлінің жағалауындағы және Алматы тау кластерінің шеңберіндегі туристік өнімдерді дамыту бойынша ұсыныстар жасалды.

Алматы тау кластерінің Мастер-жоспары (АТК МЖ) әзірленді.Әзірлеушілермен өңірдегі тау және экотуризмді дамытуға әлеуетті орындар талданды және таңдалды. АТК 8 локацияда туризмнің негізгі 5 түрінен тұрады. Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің есебінен Талғар, Қаскелең, Шарын локациялары бойынша туристік нысандар үшін инженерлік инфрақұрылымды жобалау басталады.

Қазіргі таңда «Алматы тау кластері Талғар локациясының туристік нысандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының, оның ішінде автожолдың құрылысы» жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеуге конкурс жарияланды. Талғар локациясы нысандарының құрамына негізгі тау-шаңғы курорттары енгізілді: «Oi-Qaragai - Lesnaya Skazka», «Pioneer», «Ақбұлақ», «Табаған» ССК, «Жұлдыз», «Ақбұлақ» гольф-клубы. Қаскелең локациясыбойынша қажетті құжаттарды жинақтау жүргізілуде, ЖІЖ есебі жасалды, «Алматы тау кластері Қаскелең локациясының туристік нысандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы» жобасы бойынша ТЭН-ді әзірлеуге тендер жариялау үшін техникалық талаптар әзірленді.

Талғар ауданында Алматы тау кластерінің Мастер-жоспарын әзірлеу шеңберінде ҚР Премьер-Министрі А.Маминның төрағалығымен кластерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналыс жұмысына Алматы облысы мен Алматы қаласының туристік бизнес-қауымдастығының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, Премьер-Министр А.Мамин Алматы өңірі туристік тау кластерінің әлеуетті нысандарын аралап ұшып шықты.     

2019 жылғы 17-19 сәуір аралығында облыстың туристік мүмкіндіктері Алматы қаласында «KITF-2019» халықаралық туристік көрмесінде таныстырылды. Көрменің шеңберінде туроператорларға арналған «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында семинар, туристік компаниялардың өкілдері үшін облыстағы нысандарға джип-тур ұйымдастырылды. Семинар барысында  «Абылайхан», «Ғұндар. Сарбах рухы» этноауылдарының, «Номад» этноорталығының презентациялары өтті, олардың өкілдері барлық тарихи кезеңдердегі батырлық сауыттарда жауынгерлердің көрсетілімдік қойылымдарын ұйымдастырды.

Алматы облысының туристік әлеуеті Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) «MIIT-2019» халықаралық туристік көрмесінде, Берлин қаласында әлемдегі ең ірі туристік көрмелердің бірі «ITB-2019»-да, Өзбекстанда Қазақстан стендінде құрамында көрсетілді.

Халықаралық жәрмеңкелерді, іс-шараларда Алматы облысының туристік әлеуеті мен мүмкіндіктерін жарнамалау, қалыпты имидж қалыптастыру және «Zheysu Travel» брендін жылжыту  мақсатында туристік сувенирлер мен жарнамалық материалдар әзірленді.

Ішкі және кіру, балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында келесідей ірі имидждік іс-шаралар өткізілді: Қапшағай су коймасында Алматы облысы әкімінің Кубогына халықаралық желкенді регата, оған Қазақстан, Ресей, Германия елдерінен 19 команда қатысты. Таңбалы Тас шатқалында «Tengi Ultra-2019» атты Ұлы дала халықаралық марафоны ұйымдастырылды. Марафонға әлемнің 18 елінен 1500-ден астам адам қатысты, іс-шараны көруге 2000-нан аса адам жиналды. Алакөл ауданында «Крылья Алаколя» бедвочерлер фестивалі ұйымдастырылды, оған 150-ден астам адам, оның ішінде Ресейден орнитологтар қатысты. Фестивальдың шеңберінде «Құс арт-базары» концепциясы әзірленді, оған қолөнершілер мен суретшілер өз туындыларымен қатысты. Көксу ауданы мен Талдықорған қаласының аумағында «Granfondo Kazakhstan Tour of Zhetysu» халықаралық веложарыс өтті. Веложарысқа Ресей Федерация, Италия, Корея Республикасы, Өзбекстан, Германия, Қырғызстан, Қытай, Польша, Украина, Қазақстаннан 300-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар, В. Чепельдің құрметіне жасанды жер бедерінде туристік көпсайыс бойынша сайыстар және қысқы туризм түрлері бойынша «Winter fest» фестивалі, жыл сайынғы «Туристята» конкурсы, рафтинг бойынша «Chilik sprint rase- 2019» Қазақстан Кубогының бірінші кезеңі өткізілді.

Алматы облысы туризм басқармасының іс-шаралар күнтізбесінде «Сивеср алма ағашының гүлденуі» фестивалінің танымалдылығы артуда. «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің базасында екінші мәрте өтіп отырған фестивалдің бағдарламасы - мультижанрлы және өзіне бірнеше бағытты қосады: концерттік бағдарламадан ұлттық спаорттық ойындарға дейін. Ал фестивальдың өзіндік ерекшелігі «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне ақпараттық тур болды.



Орналастырылған күні: 16.08.2019 10:36

Өзгертілген күні: 10.09.2019 12:51:00

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх