Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC

2017 жылдың қорытындысы

Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының жұмыстары 2017 жылдық жоспарына сәйкес атқарылды.

Мәдениет, мұрағат  мекемелерінің желісі – 565 нысанды құрайды.

Оның ішінде: 245 мәдениет үйлері мен клубтар, 268 кітапхана, 24 музей, 2 галерея, 19 архив, 5 облыстық мәдениет мекемелері және  2 видеомобиль. 

Жаңадан ашылған, күрделі жөндеуден өткен мекемелерге 54 штат бірлігі беріліп, мәдениет саласындағы штат саны –3010,5 құрап отыр.

Саланың 2017 жылғы  бюджеті 8341,8 мың теңге.

Ағымдағы жылы мәдениет   нысандары   бойынша  күрделі жөндеу жұмыстары мен жобалық сметалық құжаттарына  жасату жұмыстарына барлығы 1037,3 мың. теңге бөлінді. 

Есепті жылы Қарасай ауданында «Батыр бабалар» мемориалды кешені, Елбасының «Атамекен» тарихи мәдени орталығы, Сарқан ауданы Бакалы, Алакөл ауданы Бұлақты ауылдық мәдениет үйлері жаңадан ашылды.

Бүгінгі таңда Сарқан аудандық мәдениет үйінің, Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылдық мәдениет үйінің, Талғар аудандық мәдениет үйінің және Талдықорған мемлекеттік архиві ғимаратының, Черкасск музейінің күрделі жөндеу жұмыстары  аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ,  7  мәдени нысанға жобалық сметалық құжаттары жасалуда. Олар: облыстық мемлекеттік архивінің Ұйғыр филиалы, Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылдық мәдениет үйі,Талғар ауданы Бесағаш ауылдық мәдениет үйі, Көксу ауданы Амангелді, Ұйғыр ауданы Кетмен ауылдық мәдениет үйлері және І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының қасбеті. 

2017 жылы облыс аумағында 42 257  шара ұйымдастырылып, оған 7 млн 5 мың 137  адам қамтылды.

Атап айтар болсақ Алматы облысының кітапханаларында келушілердің саны 3 142 699, оқырмандар саны 316905 адам. Облыс көлемінде 9485 іс-шара ұйымдастырылып, 180817 адам қатысты.

Облыс көлеміндегі барлық музейлер 3971 шара ұйымдастырып, барлығы 62418 адам қамтылды.

Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы 174 концерт, оның ішінде 110 гастрольдік шара ұйымдастырып, көрермен саны 30500 адамды қамтыды. Концертен түскен қаражат мөлшері 12 000 000 теңге.

 

Облыстық мәдениет мекемелерінде 81 млн. 031 мың теңгеге ақылы қызмет көрсетілді.

Облыс аумағында 1334 үйірмелер жұмыс жасайды. Оның ішінде балалар  мен  жастардың  тәрбиесіне  ата-апаларымыздың  белсенділігін  арттыру мақсатында «Шежіре – өнер, тәлім отауы» 236 үйірмелері белсенді жүргізіліп келеді.  Оларға жалпы саны – 17 709  өнерпаз қатысады. Облыс бойынша 88 «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар өнер ұжымдары жұмыс жасайды. Оған қатысушылар саны 2318 құрап отыр.

Елбасы Жолдауын насихаттау бағытында мәдениет үйлерінде есептік мерзімде 97 жиын өткізілді.

Елбасының «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» мақаласы аясында арнайы жоспар құрылып, 28 жоба әзірленіп, бүгінгі күнде 8 жоба іске асырылды. 13 жоба жүргізіліп жатыр. 7 жоба келер жылы атқарылатын болады. Атап айтар болсақ, Қаракерей Қабанбай батырдың 325, Ескелді би Жылкелдіұлының 325 жылдықтарына орай республикалық ақындар айтысы мен конференциялар, Жамбыл ауданынында Қазақстанның халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың 90 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтті.  Айтысқа Республикамызға белгілі айтыскер ақындар қатысты.

«Туған жерге туыңды тік» жобасы аясында  елімізге танымал өнер адамдарының туған жерлерінде 13 шығармашылық концеттері берілді.

Облыстардың өзара ынтымақтастықтығын дамыту мақсатында облысымыздың мәдениет, архив қызметкерлері мен өнер ұжымдары Шығыс Қазақстан облысымен тәжірибе алмасты.

ЭКСПО халықаралық көрмесіне орай облысымызда 11 мыңға жуық шаралар ұйымдастырылып, шілде айының 11-15 күндері Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында Алматы облысының мәдениет күндері жоғары деңгейде өткізілді.

Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы, Б.Римова атындағы облыстық драма театры, «Алатау әуендері» МКҚК  «Құлансаз» ансамблі «Жетісу керуені» қайырымдылық жобасымен облысымыздың 6 аудандарының шалғай елді мекендеріне гастрольдік сапарлармен барып қайтты.

Есептік мерзімде облыс өнерпаздары  7 халықаралық және республикалық байқауларға қатысып, 17 жүлделі орындарға ие болды.

Қырғыз  елінің Ыстықкөл аймағындағы  Жеті өгіз өлкесінде өткен Халықаралық конкурс-фестивалінде  қазақ  халқының  дәстүрлі  өнерін  ұлықтап,  филармонияның дәстүрлі  әншісі  -  Эльмира  Дәуренбекова Бас жүлдені қанжығасына  байлады.

«Қазақстан» Ұлттық арнасының ұйымдастыруымен 3000 мың адам қатысқан республикалық «Мен Қазақпын» халықаралық мегажобасында ән жанры бойынша Сүйінбай атындағы облыстық филармониясының әншісі Бейбіт Мұсаев бас жүлдеге, терме жанры бойынша Қарасай ауданынан Баймұхамбет Мұқатай 1-ші орынды иеленді.

Жас таланттарды қолдау мақсатында Халықаралық «Ақ көгершін»,«Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауы, Республикалық «Жас қанат» жастар шығармашылығы байқауына облыс атынан өнерпаздарымыз қатысып, «Бахар» ән-би ансамблі І дәрежелі және Талдықорған қаласынан «Солнышко» үлгілі би ансамблі Бас жүлдеге ие болса,  Халықаралық «Атадан мұра» байқауында жеке дауыстағы әншілеріміз жүлдел І-ІІ орындарға ие болып қайтты. Қапшағай қаласынан «Шабыт» ән-би ансамблі Финляндия мемлекетінде өткен фестивальге қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.

«Алтынай» МХБА бишілері «Шашу» ІІ Халықаралық  өнер фестиваліне қатысып, Астана қаласы әкімінің дипломымен марапатталып қайтты.

Жыл басынан бері облысымызда сырттан келген түрлі бағыттағы 27  өнер ұжымдарының гастрольдік концерттері өтті.

Халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» ақциясы өтіп,  айтулы күндері дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылды.

І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінде Алаштың 100 жылдығына арналған «Алашорда қозғалысының ұлт тарихындағы орны» атты республикалық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.

Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық «Мәңгілік елдің мәңгілік сарына» дәстүрлі музыка фестивалі, «Ретро Жетісу» атты вокалды-аспаптар ансамбльдер арасында  облыстық ретро фестивалі өтіп,  «Ауыл кеші көңілді» атты телебағдарлама жобасы бойынша 9 ауданның түсірілімі аяқталды.Ауылдық мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында «Ауылым-алтын бесігім» байқауы өтіп, нәтижесінде ауылдық 33 мәдениет үйлерінің базалары нығайтылды.

Еңбекшіқазақ ауданында демеушілер есебінен Ж.Жабаев ескерткіші Ж.Жабаев атындағы «Жастар» саябағында, Еңбек Ері С. Есбергенов ескерткіші Сөгеті ауылында және жергілікті бюджет есебінен ақын Т.Молдағалиевке еңселі ескерткіштер бой көтерді.

Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2 қазан мен 27 қараша аралығында 5 бағыт бойынша: Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Балхаш, Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді  аудандары мен Қапшағай қаласына  экспедиция ұйымдастырылды. Экспедициялық зерттеу нәтижесінде жиналған деректерге  сүйене отырып, бұрын белгісіз болған, Алматы облысының киелі орындар тізбесіне енгізілмеген 12 нысан анықталды.

Облыс аумағындағы барлық музейлер арасында «Туған өлке» атты көрмелер ұйымдастырылып,  Көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Айша Ғалымбаеваның 100 жылдығына орай халықаралық пленэрі өтті.

«Жетісудың киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында  аудандарда қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыруға ұсыныстар әзірлейтін арнайы 3 адамнан жұмыс топтары құрылып, аудан, қала бойынша қасиетті, киелі нысандардың тізімі, фотосуреттері, аңыз әңгімелері аудандардан жинақталып алынды.

Облыстық архив мекемелерінде жалпы 5337 қор, 1 458 960 сақтау бірліктері сақталуда.Сақтандыру қорын құру бойынша аса құнды құжаттарды   сканерден 2017 жылға 196 000 парақ өткізіп, 2000 микрофиша дайындалды және 708 сақтау бірлігінен     112 054 парақ цифрланды.

Архив мекемелерінің  оқу залдарында 89 зерттеуші, 1134 тізімдемелер мен жұмыс істеп, 6339 іс берілді. Архив мекемелері «Тарихи тұлғалар», «Архивтер сөйлейді», жобаларының негізінде мемлекеттік сақтауға 4 жеке тектік қорлар қабылданып жеке қор иелерімен 18 кездесулер өткізді және әр түрлі тақырыптарда 35 семинар-кеңестер,   70 мақалалар, 39 көрме, 103 дөңгелек үстел, 24 ынталы ақпар және мектеп оқушыларымен студенттерге 21 экскурсия, 18 кездесулер, 4 арнайы сабақтар ұйымдастырды.

Ағымдағы жылы басқарманың бастамасымен мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен облыстық мекемелердің іс жүргізушілерінің арасында  «Үздік іс жүргізушісі» және аудандық құқықтық органдар, мемлекеттік органдар және мемлекеттік мекемелер арасында «Үздік ведомстволық архив», аудандық архив филиалдарының арасында «Үздік филиал» атты байқаулар өткізілді, байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Басқарманың сараптау тексеру және әдістемелік комиссияларының барлығы  18  отырыстарында басқармалық  құжаттар бойынша  499 тізімдеме, оның ішінде  307 тұрақты сақтау мерзімі бойынша  32 167 іс,  жеке құрам бойынша 192 тізімдеме, 10 926 iс, 185 жоюға жіберілген құжаттардың актісі 718 022 құжаттар мен істер, 45 iстер номенклатуралары,  246 сараптау комиссияларының, ведомстволық архивтер туралы ережелері келісілді.

Архив мекемелері  тақырыптық 177 сұраныстардың  132 оңды, 35 047 әлеуметтік-құқықтық сұранымның  27 175 оңды, ҚР СІМ және Консулдық қызмет департаментінен келген 38 сұранымның 27 оңды, жауаппен орындалды.


Орналастырылған күні: 16.01.2018 15:18

Өзгертілген күні: 19.01.2018 11:30:02

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх