Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +26 oC

2017 жылдың қорытындысы

Облыс аумағында  105 этнос өкілдері тұрады. 26 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың  аудандардағы - 38 және қалалардағы  7 филиалдары (жалпы саны –71)  тіркелген. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында тұрақты негізде  ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», құрамына өңірге танымал  37 адам енгізілген  «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, жетекші журналистер клубы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы,  «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істейді.

Алматы облыстық  Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық жоспарына сәйкес, есепті мерзімде этносаралық татулық және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған әртүрлі форматта республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жалпы саны: 200-ге жуық іс- шара ұйымдастырылды.

17 фестиваль, 31 форум, 13 конференция, 27 дөңгелек үстел,  37 кездесу, 18 кеңес, 24 семинар, 3 митинг, 1 ашық сабақ,  5 шығармашылық кеш, 9 байқау, 5 акция, 3 қайырымдылық концерт, 4 мега-жоба, 1 ғылыми-танымдық экспедиция, 1сессия және «Рухани жаңғыру» орталығының ашылуы.

Алматы облысы аумағында 627 Қоғамдық келісім кеңесі құрылған.

 Оның: 19-ы аудандық, 3 қалалық деңгейде, 252 ауылдық округтерде, 340 елді мекенде және 15 кәсіпорындарда.

Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметінің тағы бір бағыты – қайырымдылық десек, 2017 жылы «Қайырымды Ел» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бойынша облыс көлемінде 71 367 адамға 1 млрд. 314 998 335 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Облыста 265 Аналар кеңесі құрылған, оның: 1 облыстық, 16 аудандық, 3 қалалық, 245 ауылдық округтерде, жалпы мүшелерінің саны  876. Жыл бойы өткізілген іс шаралар саны – 271, 76 кеңес жиыны, 195 «Берік отбасы - берік мемлекет» жобасы аясында байқау, форумдар ұйымдастырылды.

Алматы облысы бойынша әлеуметтік мониторинг туралы этносаралық ахуалдың жағдайын, динамикасын, азаматтардың этносаралық мәселелер туралы пікірімен қалыптасқан этносаралық ахуалын зерттеу мақсатында 2017 жылы Қарағанды қаласының «ТИЕК жастарды дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігімен 3 000 респонденттің қатысуымен кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілді.

Әлеуметтік зерттеуге 18 жастан асқан әртүрлі категориядағы облыс тұрғындары қатысты. Сонымен қатар, сарапшы болып бекітілген Г.Құсмолдаева әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен облыс орталығы Талдықорған қаласында, Қаратал, Еңбекшіқазақ аудандарында  «face to face» тәсілін қолданып фокус топтың жұмысын ұйымдастырды. Өткізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша респонденттердің басым бөлігі позитивті әлеуметтік көңіл-күйге ие. Респонденттердің көпшілігі облыстағы этносаралық жағдайды ІІ тоқсанда-47,5%, ІІІ тоқсанда- 42,9% және IV тоқсанда 50,7%-ы «тыныш» деп бағалады. Сауалнамаға қатысушы респонденттер өзге этнос өкілдері арасындағы қарым-қатынасты II тоқсанда -35,6%,III тоқсанда- 47,9% және IV тоқсанда- 41,7% «өте жайлы» деп бағалады.

Медиация саласы бойынша: 272 кәсіби емес және 23 кәсіби медиатор тіркеліп, соттар мен әкімдіктерде жалпы 68 медиация кабинеттері ашылған. Алматы облысы бойынша  «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары жұмыс атқаруда. Жыл көлемінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен жалпы саны 1374 дау-жанжалдар шешімін тапты.

Медиа-жоспарға сәйкес республикалық, облыстық, аудандық және қалалық газеттерде 255 - тен астам мақала жарық көрді. «Қазақстан», «Хабар», «24 KZ»,  «Жетісу» телеарналарында – 319 телесюжеттер көрсетілсе, оның ішінде айына 1 рет шығатын «Жетісу» телеарнасының  «Единый народ» бағдарламасы.  Ресми сайттарға 190-ға жуық,  әлеуметтік желілерде Facebook - 99, INSTOGRAM - 50, Vk - 114 ақпарат орналастырылды.



Орналастырылған күні: 18.01.2018 15:02

Өзгертілген күні: 19.01.2018 11:17:50

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх