Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC

2017 жылдың қорытындысы

Алматы облысы бойынша 2017ж. өткен 2016 жылмен салыстырғанда эпидемиологиялық жағдай эпидпаротит, көкжөтел,  эхинококкоз жұқпаларының жоғарылауымен, ал вирустық «А» гепатиті, жіті ішек, менингококк, сальмонеллез, вирусты кене энцефалиті, төмендеуімен сипатталады, қызылша, қызамық жұқпалары тіркелген жоқ.

Вирустық гепатит «А» жұқпасының 63 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 28 (44,4%), 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 3,1 – 4,7 құрады. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 22,1% төмендеген. Вирустық «А» гепатитіне қарсы барлығы 2 жасқа толған балалардың 16385  жоспарлы, 1433 адам эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша иммундаумен қамтылды. Жұқпа ошақтарында қарым-қатынаста болған 990 адам анықталып, медициналық бақылауға алынған, оның ішінде биохимиялық әдіспен аминотрансфераза ферменттерінің белсенділігіне 168 адам тексерілген (16,9%).

Вирустық «В» гепатитінің – 2 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,10 құрады. Өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық бір деңгейде. 

Вирустық «С» гепатитінің – 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2  жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,10–0,34 құрады.

Созылмалы парентеральды гепатиттердің 587 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар  арасында - 18 (3,0%), 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 29,3 –14 жасқа дейінгі балалар  арасында 3,0 құрады. Оның ішінде созылмалы вирустық «В» гепатиті - 289, созылмалы вирустық «С» гепатиті – 298.

Жіті ішек жұқпасының 724 жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 445 (61,4%), 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 36,1 және 76,0 құрайды. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 8,7% төмендеген. Жұқпаның таралу жолы 90% анықталды, тағам арқылы – 97%, қарым – қатынас арқылы – 3%.       

Сальмонеллез жұқпасының 18 жағдайы тіркелді, 100 мың адамға шаққандағы көрсеткіш 0,9. 2016 жылдың тақылеттес уақытымен салыстырғанда сырқаттанушылық 4 жағдайға төмендеген.

Менигококкты жұқпаның 5 жағдайы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,2 – 0,8 құрады.   

Эпидемиялық паротиттің 10 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 6 жағдайы тіркелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіштері 0,5–1,0 құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 жағдайға жоғарылаған.

Эхинококкоз жұқпасының 159 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 48 (30%) жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші  – 7,9 құрады.

Вирусты кене энцефалитінің 4 жағдайы тіркелді, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 1 (25%) жағдайы тіркелді. 100 мың халыққа шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші 0,2 – 0,1 құрады, өткен жылмен салыстырғанда сырқаттанушылық 8 жағдайға төмендеген.

Бруцеллез сырқаттанушылығы 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 6,3% жоғарылаған (177-ден 188-ге). Бруцеллезбен науқастанғандардың 76,6% ауыл тұрғындары қамтып, сырқаттанушылық облыстың 101 елді  мекенінде тіркелді.

2017 жылы адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ. Сонымен бірге облыстың 4 ауданында (Ақсу, Қаратал, Кербұлақ, Райымбек) ауылшаруашылық малдары арасында құтырма ауруына күдікті 15 жағдай тіркелді,  11 жағдайда құтырма ауруының диагнозы зертханалық жолмен расталды. Ошақтардың барлығы ветеринарлық қызметпен бірлесіп тексеріліп, тиісті шаралар атқарылды, қарым  қатынаста болған 92 адам есепке алынып, олардың антирабиялық екпелерінің күнбе  күн алынуына тізім бойынша бақылау жүргізілуде.

Облыс аумағында оба, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы тіркелген жоқ.  Департаменттің  зоологиялық-паразитологиялық тобымен көктемде-күзде іссапарлар ұйымдастырылып, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына, туляремия және басқа карантиндік инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайының қолайсыздығына байланысты аудан аймақтарындағы табиғи ошақтарының белсенділігіне геоақпараттық жүйе бойынша мониторинг жүргізіледі. Көктем,  күз айларында тексеру барысында сыртқы ортадан алынған оң нәтижелі  сынамалар электрондық картаға енгізіліп тұрады.

Адам иммунтапшылық вирусы жұқпасымен (АИТВ) 318 жағдай тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 15,9 құрады. 15-49 жас топтары арасында АИТВ жұқпасының таралу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 0,027 құрады.

Аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мақсатында бруцеллез, сібір жарасы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы мен құтырма аурулары бойынша бейнероликтер түсіріліп, облыстық «Жетісу» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ құтырма, бруцеллез және сібір жарасы жұқпаларының алдын алу және сақтық ережелерін насихаттау мақсатында департаментпен күнтізбелер жасалып, халыққа таратылуда.

Туберкулездің 965 жағдайы тіркелді, 100 мың халыққа шаққандағы көрсеткіш 48,2 құрады, сырқаттанушылық 8,8%-ға, оның ішінде өкпе туберкулезімен сырқаттанушылық 9,9%-ға төмендеді (көрсеткіші 41,4). Эпидемиологиялық қолайсыздықты туындатып отырған Алакөл, Балқаш, Қаратал, Саркан, Талғар аудандары. Балалар арасында сырқаттанушылық 3 жағдайға өскен (53 жағдай, көрсеткіші – 9,1). 

Талғар, Панфилов аудандарында санаторлық типті балабақша, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Көксу, Райымбек, Сарқан аудандарында және Қапшағай, Талдықорған, Текелі қалаларындағы мектепке дейінгі мекемелердің жанынан санаторлық топтар ашылып, жұмыс істеуде.

2017 жылы аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының қадағалауында 5843 тағам өнімдерін өндіретін,  сататын объектілер болды. Облыс аумағында өндірілетін және сатылатын азық–түлік өнімдерінің сапасы  қалыпты   деңгейде. 2017 жылдың 12 айында  5479 тағам сынамалары зерттеліп,  олардың 113(2,1%) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша  нормативтік құжаттардың   талаптарына сәйкес келмеді (2016ж. – 3,6%). Барлық қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары мамандарымен бактериялды ластанған тағам сынамаларының себебін анықтау технологиялық үдерістердің сатысын қадағалаумен жүргізілді. Бактериалды ластанушылықпен  айқындалған бұзушылықтар бойынша, жауапты тұлғаларға  48 айыппұл 2267940т көлемінде салынып,  шаруашылық субъектілеріне 48 нұсқау берілді.

2017 жылы сауда айналымынан 215999кг. азық-түлік өнімдері тәркіленіп, жойылды, оның ішінде   жақын және алыс шет елдерден әкелінгені -212078кг., Қазақстан Республикасынан шығарылғаны - 3921кг. 

2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда эндемиялық зобпен сырқаттаушылығы саны 5854-н 5983-ке дейін өсті. Науқастанушылық саны балалар арасында  жоғарылаған. Есепті кезеңде сауығуымен және тұрғылықты орнының ауысуымен облыс бойынша  диспансерлік бақылаудан   803 адам, оның ішінде  220 бала,  174 жасөспірім, 409 ересек шығарылды.

Алматы облысында йодпен байытылған сүт өнімдерін өндіру жалғастырылуда («Адал Сүт» ЖШС Еңбекшіқазақ  ауданы (тапсырыс бойынша), «Үштөбе Айдын» ЖШС Қаратал ауданы сүт зауыттарында, Талдықорған қаласындағы  «Ляззат-2006» ЖШС сүт цехы мен ЖК Л. Жолтабарованың наубайханасында).

4139 сауда нысандарында, оның ішінде 54 облыс базарларында  йодталған ас тұзы және басқа да йодпен байытылған тағам түрлері (ашытқы, сүт және сүт өнімдері, сусындар және т.б.) сатылуда.       

Облыс бойынша Қапшағай қаласындағы  «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС, Қарасай ауданындағы «Азия АгроФуд» ЖШС және Сарқан ауданындағы «Турка» ЖШС ұн тартатын 3 объектілерде   темірмен және дәруменді-минералдық қоспалармен фортификацияланады.

2017 жылы облыс бойынша  «Ұлттық     сараптама орталығы»     ШҚ РМК филиалының зертханаларында 230 тағам (24 - ашытқы,  11 - нан,  16 –сүт, 179 - тұз) сынамаларының йодтық құрамы зерттелді, тұздың  1 сынамасынан НҚ талаптарына сәйкес еместігі анықталды.

Алматы облысы   қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің  бақылауында барлығы 2168  білім беру ұйымдары бар.  Ыстық тамақтану  554  (73,6%)  мектепте ұйымдастырылған, 95 (12,6%) - буфеттік. Барлық 554 (100%)  асханалар жекеменшік кәсіпкерлерімен жалға алынып жұмыс істеуде.  Мектептер медициналық кабинеттермен 99%, медициналық кадрлармен 100% қамтамасыз етілген.

Облыстық департаментінің қадағалауында ойыншықтар сататын 46 объекті бар. 2017 жылдың қортындысы бойынша ойыншықтардың 89 сынамасы алынған, сәйкессіздік анықталмаған.

  Оқу процессі 3 аусымда 29 мектепте жүргізіледі, олар: Еңбекшіқазақ-3,  Іле -12, Қарасай -10, Панфилов -1, Талғар -3 аудандарында. 

 Қазіргі уақытта 741 елді-мекендердің 634-і (85,5%) орталықтандырылған,  95-і (12,8%)  орталықтандырылмаған, 9 (1,2 %) елді  мекен тасымалды сумен қамтылады, және 3 – і өзен суынан қолданады. Микробиологиялық көрсеткіш талаптарына сәйкес ауыз суының меншікті салмағы 2,8% құрады. 

Радиациялық ахуал бірқалыпты, радиациялық фон  0,11-0,18 мкЗв/сағ. құрады.

Облыс бойынша 178 рентген кабинеттері  жұмыс істеуде, олардың 44-не, дозиметриялық өлшемдерді қолдана отырып, санитариялық-гигиеналық тексерулер жүргізілді.

Облыста өнімдердің (тауарлардың) бақылау сынамаларын сатып алып, Кеден одағының техникалық регламенттерінің және ұлттық заңнаманың талаптарына сәйкестігіне санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі жүргізілуде.

2017 жылдың 12 айында өнімдер қауіпсіздігінің мониторингісі шеңберінде өнімдердің (тауарлардың) 2368 сынамаларына сараптама жүргізілді, оның ішінде 2,9% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді.Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 75,4% тамақ өнімдеріне тиесілі,  24,6% өнеркәсіптік тауарлар тобына тиесілі.Сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 30% сүт және сүт өнімдеріне тиесілі, ет және ет өнімдеріне – 22%, құс еті- 6%, жеміс-көкөніс өнімдеріне және кондитерлік өнімдерге - 4%, май, шырын өнімдеріне, ұн-жарма өнімдеріне- 2%, ойыншықтарға- 17%, жасөспірімдер мен балаларға арналған тауарларға-6%, жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне-2% тиесілі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша шаруашылық субъектілеріне 32 ұйғарым берілді. Нұсқаманы орындамағаны үшін 21 шаруашылық субъектілері 3665420 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерімен айналымнан 682145 теңге көлемінде 2286,51кг өнім алынып, өнім берушілерге қайтарылды.

2017 жылдың  Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен өзара ынтымақтастық туралы 7 меморандумға қол қойды, кәсіпорындарда темекі шегуге тыйым салу туралы 77 меморандумға қол қойылды.

2017-2019 жж. арналған «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және салааралық өзара әрекеттестікті дамыту» жобасы шеңберінде «Қауіпсіз өнімді таңда!», «Сенің денсаулығың сенің қолыңда», «Таза қолдар», «Болашаққа қадам», «Физикалық белсенділік», «Ұнды байыту» акциялары өткізілді.

СӨСҚПО-мен бірлесіп, мінез-құлықтың қауіп-қатер факторларына қарсы бағытталған іс-шараларына белсенді қатысты.
Талдықорған қаласының LED-экрандарында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша бейнероликтер трансляцияланды.

Мектеп оқушылары үшін «Қант, тұз және транс-майларды азайту» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының веб-сайттары мен әлеуметтік желілерінде, облыс әкімінің ресми сайтында антибиотиктерді дұрыс пайдалану туралы мақалалар мен бейнероликтер орналастырылды.

Департаменттің этика жөніндегі уәкілі қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргізді, онда 236 мемлекеттік қызметші қатысты. Сондай-ақ, ұжымда моральдық-психологиялық ахуалы, мемлекеттік қызметшінің киімінің стилі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Орналастырылған күні: 18.01.2018 15:04

Өзгертілген күні: 19.01.2018 11:19:31


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх