Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +8 oC

Кәсіпкерлер назарына!

2014-2015 жылдары басталған кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шараларды іске асыру мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мен бақылауға жататын объектілер саны облысымызда 12 мыңнан 4 мыңға дейін немесе 3 есеге қысқартылды.

Нәтижесінде облыстағы 8,5 мыңнан астам объектілер ерекше тәртіптегі тексерулерден босатылып, тек қана жоспардан тыс тәртіпте тексерулерге жатқызылды.

Қоғамдық денсаулық сақтау органдары қадағалау мен бақылау функциясын түбегейлі өзгертіп, бақылау және қадағалауды ең аз қажеттілік және жеткіліктілік, тексерілетін адал субъектілерді көтермелеу қағидаттарына ауысу нәтижесінде, жеке кәсіпкерлік субъектілердің тексерулері жылдан жылға азаюда (2016 ж- 2789, 2017 ж 10 айында – 1928).

Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау органдары шаруашылық субъектілер қызметінің эпидемиялық маңыздылығын, бизнес категориясы мен бизнесті тіркеу мерзімін, соңғы тексеру қорытындыларын ескере келе, субъектілерді ерекше тәртіптегі санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудан босату түрінде іс-шаралар атқаруда.

Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамаларға енгізілген тұзетулер негізінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрлері мен саны 7 ден 5-дейін қысқартылды.

Қолданыстағы 36 Санитариялық қағидаларға ревизия жасап, оның 26-да үй-жайлардың құрамын және олардың аудандарын әрі қарай оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Барлығы ревизияланған 26 санитариялық қағидалардың 6035 санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен 156 қосымшаларының 330 талаптары мен 22 қосымшаларын алып тастау, құрылыс нормаларына, техникалық регламенттерге, Су кодексіне, Атом энергиясын пайдалану туралы Заңына, көлік және коммуникация министрінің бұйрығына ауыстырып, енгізу әдістермен оңталайндыру ұсынылды.

Қадағалау мен бақылау функциясының қысқарту кезінде, қадағалау мен бақылау тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделерінің теңгерімі қағидатын сақталуына бағытталып атқарылуда.

Қазіргі кезде, азайған бақылау мен қадағалау функцияларының орнына, қоғамдық денсаулық сақтау органдарының бастапқы функциясы болып, ол алдын алу шараларына бағыттанады.

Сондықтан, басымдықтардың бір негізгі бағыты, ол халық, субъектілер  арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын белсендіру.

Осы жылдың 9 айында атқарған кешенді іс-шаралары нәтижесінде облыс бойынша жұқпалы және паразитарлық сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық ахуалы тұрақты болып қалуда. 

 


Орналастырылған күні: 17.11.2017 16:02

Өзгертілген күні: 17.11.2017 16:03:51

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх