Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC

Кеңейтілген семинар-кеңес өтізілді

Кеңейтілген семинар-кеңес өтізілді

 

2017 жылғы 19 мамырда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, білім беру басқармасымен бірлесіп, Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайының базасында 19 аудан, қалалар білім бөлімдері, сауықтыру лагерлердің басшылығы, аудандық, қалалар денсаулық сақтау ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді. Сонымен қатар, семинар-кеңестің жұмысына ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен баланың денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары және осы департаменттің мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы қатысты.

Барлығы 350 қатысушыларға санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар талаптары, балалардың жазғы сауықтыру демалысы, жаппай тағамнан улану мен жіті ішек ауруларының, кене энцефалитінің алдын алу шаралары туралы мәліметтер берілді.  Семинар-кеңеске қатысқан мемлекеттік органдардың өкілдері өз құзіреттеріне сәйкес өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары мен балаларды тасымалдау қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздіктің негізгі ережелері, медициналық қызметтің көрсетілуі мәселелері туралы сөз қозғады. 


Орналастырылған күні: 23.05.2017 16:22

Өзгертілген күні: 30.05.2017 16:25:01

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх