Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

Кеңейтілген семинар-кеңес туралы

2017 жылғы 12 мамырда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, білім беру басқармасымен бірлесіп, Талдықорған қаласындағы облыстық жаңа ақпараттық технологиялар орталығы базасында интерактивті жүйе арқылы облыстың 173 мектеп басшылығы, 19 аудан, қалалар білім бөлімдері, сауықтыру лагерьлердің басшылығы, аудандық, қалалар денсаулық сақтау ұйымдарының қатысуымен кеңейтілген семинар-кеңес өткізілді.

Онлайн режимінде 6264 қатысушыларға санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндіріліп, балалардың жазғы сауықтыру демалысы, өзара әрекеттесу бойынша өзекті мәселелері, жаппай тағамнан улану мен жіті ішек ауруларының, кене энцефалитінің алдын алу шаралары, жаңа 2017/2018 оқу жылына қажетті және уақтылы шараларды өткізу, Астанадағы ЭКСПО көрмесіне жолданатын ұйымдасқан балалар топтарын қаупсіз жеткізу, медициналық бақылау туралы хабарландырылды.


Орналастырылған күні: 22.05.2017 11:10

Өзгертілген күні: 30.05.2017 14:43:08

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх