Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC
Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс (D-4).

Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс (D-4).

«Алматы  облысы  әкімінің  аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (D-4).

040000, Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, тел./факс: 24-73-90 электрондық пошта: oblastnoi_otdel_kadr@zhetysu-gov.kz.

Функционалдық бағыттары: бөлім құзырындағы міндеттердің бөлінісіне және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі-экономикалық, қаржылық, бухгалтерлік, құқық; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы, ғылыми дәрежесінің болуы; компьютерде жұмыс істей білу.

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы 71 750 - 96 735 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтініш; өкiлеттi орган белгiлеген нысандағы сауалнама; бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы  23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат) қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландырудың соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен-жайға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде азаматтардың өздерi әкеліп берген немесе поштамен жiберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оны жоғарыдағы көрсетілген мекенжай бойынша өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында қандидаттармен әңгімелесу отырысына байқаушылар қатыстырылады.

Аталмыш лауазымдарға орналасқан тұлғалар үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және басқа да  жеңілдіктер берілмейді.

«Жетісу» газеті, 29.10.2015 жылы

Конкурсқа қатысушылардың 

ТІЗІМІ

Үміткердің аты-жөні

Ескертпе

 

«Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ,

қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

 (D-4 санаты)

 

1.

Кожабекова Гульмира Елубековна

 

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің

ТІЗІМІ

«Б» корпусының D санаты бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын конкурстық комиссияның шешімімен әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімін ұсынамыз:

Рет саны

Үміткердің аты-жөні

 

Күні

Уақыты

 

«Алматы облысы әкімінің аппараты» ММ,

қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

(D-4 санаты)

 

1.

Кожабекова Гульмира Елубековна

16.11.2015ж.

15:00 сағ.

         

Әңгімелесу мына мекенжай бойынша болады:

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38, 438-кабинет.


Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған үміткерлердің

ТІЗІМІ

«Б» корпусының D-3, D-4, D-5 санаттары бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын конкурстық комиссияның 2015 жылғы 17 қарашадағы қорытынды отырысының оң шешімін алған үміткерлердің тізімін ұсынамыз:

Үміткерлердің аты-жөні

 

 

Алматы облысы әкімінің аппараты

 қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы

 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына

1.

Кожабекова Гульмира Елубековнаны - лауазымға тағайындау жөнінде ұсыныс берілді.

 



Орналастырылған күні: 04.09.2015 18:00

Өзгертілген күні: 18.12.2015 14:31:19

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх