Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама саласындағы мемлекеттік қызметтер

Кажетті құжаттар

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет құны және төлеу тәртібі

Қызмет көрсету нәтижесі

1

Мұрағаттық анықтамалар беру

standart.png     reglament.png     egov.png


Қызметті мемлекеттік органда немесе ХҚКО-да алу (қажетті құжаттар):

  1. Өтініш.
  2. Қызметті алушының жеке куәлігі немесе уәкілеттілігін растайтын құжат, немесе өкілдің нотариалды куәландырылған сенімхаты.

Қызметті портал арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу (болған жағдайда растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі).

15 күнтізбелік күн

Тегін

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарнасы мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге  ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, Қарулы Күштерде, әскери бөлімдер мен құралымдардағы қызметін, экологиялық апат аймақтарында тұрғанын, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы.

2

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру
standart.png     reglament.png     egov.png


Қызметті мемлекеттік органнан қалай алуға болады (Қажетті құжаттар)

  1. Жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхат немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлғаға) - көрсетілетін қызметті алушының өкiлi жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  2. Өтiнiш;
  3. Мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
  4. Қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шарттың көшірмесі;
  5. Мәдени құндылықтардың беткі жағы мен кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы екі фотосуреті;
  6. Заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
  7. Сараптауға жататын мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттар.

Қызметті портал арқылы қалай алуға болады (Қажетті құжаттар)

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
  2. Сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтарға меншік құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;
  3. Сұрау салуға қоса тіркелетін, қабылдаушы тараптың мәдени құндылықтардың мақсаттары мен болу талаптары туралы шартының электрондық көшірмесі;
  4. Сұрау салуға қоса тіркелетін, мәдени құндылықтардың беткі және кері жақтары суреттелген А-5 форматындағы электрондық фотосуреті;
  5. Заңды тұлғалар үшін – сұрау салуға қоса тіркелетін, уақытша әкету кезеңіне мәдени құндылықтардың сақталуы үшін белгілі бір адамға жауапкершілік жүктеу туралы ұйым басшысының бұйрығы;
  6. Көрсетiлетiн қызметтi алушы сараптамаға жататын мәдени құндылықтар ретiнде қаралатын заттарды (көрсетiлетiн қызметтi берушiге қолма-қол ұсынады).

10 жұмыс күні

Тегін

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру не куәлік беруден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады. Куәлік белгіленген нысан бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.

3

Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм беру
standart.png     reglament.png     egov.png


Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Жеке басты куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалдық куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін) (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  2. Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасы.

Қызметті портал арқыылы алу үшін (қажетті құжаттар):

  1. Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтiніш;
  2. Өтінішке қоса тiркелетiн, тарих және мәдениет ескерткiшi туралы мәтiндiк және бейнелiк ақпаратты қамтитын жобалау құжаттамасының электрондық көшiрмесi.

15 жұмыс күні

Тегін

Жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiнде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргiзуге келiсiм хатын беру.


Орналастырылған күні: 28.03.2016 11:45

Өзгертілген күні: 12.10.2017 18:01:07

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх