Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +4 oC

Мүлік кепілін сақтандыру

Банктер банк қызметiн «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Банктер туралы заң) 1-бабының 1-тармағына сәйкес операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Банктiк қарыз операциялары Банктер туралы заңның 34-бабына сәйкес банктiң басқару органы бекiтетiн Ішкi кредит саясаты туралы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

Банк Қағидаларда жеке және заңды тұлғаларға кредиттер беру шарттарын, олардың төлем қабілеттілігін, қарыз берілетін тұлғалар құрамының санатын дербес айқындайды.

Iшкi кредиттік саясат туралы қағидалар банктiк қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi төмендету мақсатында жасалатынын атап өту қажет.

Банктер туралы заңның 34-бабының 11-тармағына сәйкес егер қарыз беру туралы шарттарда сақтандыру және (немесе) қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақсатында бағалау жүргізу шарттарын жасасу туралы талаптар көзделген болса, банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қарыз алушыға, кепіл берушіге сақтандыру ұйымын және (немесе) бағалаушыны таңдауда шек қоюға құқығы жоқ.

Сондай-ақ, қарыз алушыға банктік қарыз шартымен өз өмірін немесе денсаулығын сақтандыру міндеті жүктелмейді.

Сонымен қатар, банктер кредиттік тәуекелдi төмендетуге бағытталған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдар болып табылады. Банктер осы мақсатқа қол жеткізу үшін  кредиттер беру және оларды беру шарттары туралы шешімді дербес қабылдайды.

Осылайша, банктер сақтандыру шартының болуы туралы талаптарды белгілей отырып, өзінің кредиттік тәуекелдерін төмендетеді және қаржылық тұрақтылық деңгейін көтереді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 306-бабына сәйкес кепiл ұстаушыға оның иеленуiне берiлген кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру мiндетi шартпен немесе заң құжаттарымен жүктелуi мүмкiн. Кепiл берушiнiң пайдалануында қалатын кепiлге салынған мүлiктi сақтандыру кепiл берушiге жүктеледi.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, банктердің кепілге салынған мүлiктi сақтандыру туралы талаптардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына қарама-қайшы келмейтінін атап өткен жөн. 

 

              

       


Орналастырылған күні: 30.06.2017 18:04

Өзгертілген күні: 30.06.2017 18:05:35

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх