Алматы облысының әкімдігі Ресми сайт

Мүлікті электрондық аукцион арқылы сату туралы ақпарат

Мүлікті электрондық аукцион арқылы сату туралы ақпарат 17.06.2019 11:49 Мүлікті электрондық аукцион арқылы сату туралы ақпарат

Электрондық аукцион – электрондық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығымен бекітілген борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі электрондық аукцион ұйымдастырушысын жүргізу және анықтау Ережесінің 2-тармағының 10) тармақшасымен борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқорға кірудің бірыңғай орны www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының 99 бабына сәйкес банкроттың мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес не тікелей сату әдісімен электрондық аукцион өткiзу арқылы жүзеге асырады.

Электрондық аукцион арқылы сатылатын, банкроттың мүлігі бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімінің сайтында «Электрондық сауда алаңы» бөлімінде қол жетімді (сайтқа сілтеме: www.gosreestr.kz).

Банкроттың мүліктерінің тізілімін көру үшін «Сауда-саттықтары түрі» қойындысында «Аукцион» - «Борышкердiң (банкроттың) мүлкiн сату жөнiнде аукцион» таңдау қажет.

Карты области
О регионе
ПОЧЕТНЫЕ ГРАЖДАНЕ КАЗ.jpg