Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +6 oC

Қызмет туралы ақпарат


Қызмет туралы ақпарат

V шақырылған Алматы облыстық мәслихатының қызметі туралы

АҚПАРАТ

2012 жылғы 15 қаңтар - сайланған күннен бастап бүгінгі күнге дейін V шақырылған облыстық мәслихатпен 40 сессия өткізіліп, 239 шешім қабылданды, сонымен қатар облыстық мәслихатпен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты көптеген маңызы зор сұрақтар қаралып өз шешімін тапты.

         Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 18 қаңтардағы "Әкiмдердiң мәслихаттар алдында есеп беруiн өткiзу туралы" N19 Жарлығына сәйкес облыс әкімі 2012 жылдың шілдесі, 2013 жылдың тамыз мен 2014 жылдың қазан айларында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы туралы облыстық мәслихаттың депутаттары алдында есеп берді.

         Сол сияқты Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңымен көзделген бақылау функцияларын жүзеге асыру барысында,  облыстық мәслихаттың депутаттарымен 2012, 2013 жылдар аралығында ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының, 2012, 2013 жылдарға арналған облыстық бюджеттердің атқарылуы туралы облыстық қаржы басқармасының, 2012, 2013, 2014 жылдарға арналған облыстық бюджеттердің атқарылуына бақылау нәтижелері туралы облыс бойынша тексеру комиссиясының, "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасын 2012 жылы жүзеге асыру нәтижелері туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының, "Қол жетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы облыстық құрылыс басқармасының,  ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыс туралы облыстық жер қатынастары басқармасының, Алматы облысының әлеуметтік маңызы бар объектілерінің және жылу көздері мен жылыту жүйелерінің күзгі-қысқы жылыту мерзіміне дайындығы туралы облыстық энергетика, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасының, қылмыстың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыс туралы облыстық ішкі істер департаментінің есептері тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

         Сонымен бірге облыстық мәслихатпен Алматы облысының шекараларын өзгерту, Талдықорған қаласының бас жоспарын бекіту, әкімшілік-аумақтық бірліктің атауын өзгерту, тарихи-мәдени  мұра объектілерінің қорғау аймақтарының,  құрылыс салуды реттеу аймақтары мен қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарының  шекараларын бекіту, әкімшілік-аумақтық құрылым мәселелері қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

         Облыстық мәслихаттың депутаттарымен Алматы облысының бюджетін қалыптастыру мен бекіту мәселелері бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесе келе кең көлемді жұмыс атқарылып 2012-2014 жылдарға арналған облыс бюджетіне 2012 жылы 6 мәрте өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе, 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджетіне 2013 жылы 9 рет, 2014-2016 жылдарға арналған бюджетке 6 рет енгізілді.

         Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында маңызды рөл атқарып жатқан бағдарламалық құжаттарды бекіту және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі облыстық мәслихатпен жүргізіліп жатқан зор мағыналы жұмысқа тоқталатын болсақ облыс әкімдігінің ұсыныстары бойынша 2012-2013 жылдар аралығында Алматы облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму жоспарына 2 мәрте өзгерістер енгізіліп, Алматы облысының «Қол жетімді  баспана - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары, Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Алматы облысының іс-шаралар жоспары, Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылық профилактикасының 2011 - 2013 жылдарға арналған салалық бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жоспары, Текелі қаласын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары және аудан орталықтарын, тірек ауылдық елді мекендерін дамыту жөніндегі кешенді жоспарлары бекітіліп жүзеге асырылуда.

         Жоғарыда айтылғанмен қатар 2012-2013 жылдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың ұсынысы бойынша Алматы облысының орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары, «Алматы облысының (қаласының, ауданының) құрметті азаматы» атағын беру Ережесі, Алматы облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлемақы ставкалары, Алматы облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары, Алматы облысының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету Қағидалары бекітілді.          

         Бүгінгі таңда Алматы облыстық мәслихатының құрамында 44 депутат өз қызметін атқарады, олардың ішінде: 20 инженер, 7 экономист, 4 дәрігер,  4 ауылшаруашылығы саласының маманы, 4 мұғалім, 1 заңгер және 4 басқа мамандықтар өкілдері.

         1 депутат облыстық мәслихатта, 1 депутат саяси партияда, 12 депутат мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс жасаса, 28 депутат кәсіпкер, 2 депутат зейнеткер.

         Ұлттық құрамы бойынша:  37 қазақ немесе (84%),   орыс немесе 4 (9%), өзге ұлт өкілдері 3 немесе (7%). Барлық депутаттар дерлік "Нұр Отан" партиясының мүшелері.

         5 тұрақты комиссия жұмыс жасайды:

1)    Бюджет, қаржы және тарифтік саясат жөніндегі;

2)    Әлеуметтік саясат, тіл және ұлтаралық қатынастары жөніндегі,

3)    Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі;

4)    Депутаттық өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау және саяси партиялар, қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі;

5)    Аграрлық сала, экология және жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарт жобасын қарау жөніндегі.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол-болашаққа бастар бол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қаралған республиканың инфрақұрылымдық дамуынның бағытарына сәйкес тұрақты қомиссиялары төмендегідей қайта құрылды:

1.     Бюджет, тарифтік саясат және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша;

2.     Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды  дамыту мәселелері бойынша;

3.     Индустриялық, энергетикалық инфрақұрылымдарды дамыту, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау мәселелері бойынша;

4.     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту мәселелері бойынша;

5.     Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту, халықты әлеуметтік қорғау, тіл, спорт, мәдениет және этносаралық қатынастар мәселелері бойынша;

6.     Аграрлық сала, жер қатынастары және экология мәселелері бойынша

Орналастырылған күні: 01.09.2015 00:59

Өзгертілген күні: 01.09.2015 10:37:41



Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх