Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -1 oC

Мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасының іске асырылуы


Алматы облысы жер қатынастары басқармасы бойынша атқарылған жұмыстар

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, аталған бағдарламада елдің әрбір азаматына 10 сотық  жер бөлу туралы  мәселесі қарастырылған.

Бағдарламаның бағыттары аясында 2017 жылы тұрғын үй құрылысы облыстың келесі  аудан, қалаларында жүргізілуі жоспарланған:

- Балхаш ауданы (26,0 га),

- Жамбыл ауданы (297,0 га),

- Іле ауданы (62,0 га),

- Қарасай ауданы (211,5 га),

- Панфилов ауданы (183,0 га),

- Райымбек ауданы (25,0 га),

- Сарқан ауданы (26,6 га),

- Талғар ауданы (300,0 га),

- Ұйғыр ауданы (174,0 га),

- Қапшағай қаласы (112,8 га),

- Талдықорған қаласы (154,9 га).

Облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін 143382 азамат кезекте тұр. Оның басым бөлігі Алматы қаласының маңындағы аудандар және Талдықорған қаласы.

Бас жоспардың, егжей - тегжейлі жоспардың және жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылыммен қамтылған  дайын алаңдардың  жоқ болуы келіп түскен өтініштердің  қанағаттанбауының негізгі себебі болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдарға бағдарламаны іске асыруға қажетті жер учаскелері туралы толық ақпарат ұсыну бойынша бірнеше мәрте хат жолданған (берілетін жер учаскелерінің қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілуі және олардың меншік, уақытша жер пайдалану құқығында немесе мемлекет меншігінде екендігі туралы). Алайда, бүгінгі күнге жер учаскелері бойынша жер қатынастары басқармасына айқын ақпарат ұсынылған жоқ.

Жер заңнамасының нормаларын қатаң сақтау және аса бағалы егістік түрлерін (суармалы егістік) жеке тұрғын үй құрылысына табыстау фактілеріне жол берілмеу қажет.

Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру барысында мемлекет меншігі үшін жер учаскелерін  сатып алуға жұмсалатын қаражат сомасын азайту мақсатында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жарамды жер учаскелерін резервтеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Көксу, Қарасай, Жамбыл аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларында жергілікті халықпен кездесулер өткізіліп, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілген.


Алматы облыстық құрылыс басқармасы бойынша атқарылған жұмыстар

  

«2016 жылдың қорытындысы»  
2016 жылы тұрғын үй құрылысы бойынша Ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен жалпы ауданы 112,4 мың шаршы метр (7 несиелік, 3 жалгерлік, 21 коммуналдық тұрғын үй) 31 тұрғын үйдің құрылысына (1553 пәтер) 4,3 млрд. теңге бөлініп игерілді.
Барлық қаржыландыру көздері арқылы 1 млн. 200 мың шаршы метр, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен 30,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған болатын.
Пайдалануға берілгені:
Барлық қаржыландыру көздері арқылы 1 млн. 253 мың шаршы метр тұрғын үй (өткен жылдың тиісті кезеңіне 110,3%), оның ішінде:
· Бюджеттік қаражат есебінен - жалпы ауданы 44,6 мың шаршы метр (1 несиелік, 2 жалгерлік, 16 коммуналдық тұрғын үй) 19 тұрғын үй (442 пәтер);
· Тұрғындар  мен мемлекеттік емес кәсіпорындардың есебінен - 1 млн. 208 мың шаршы метр.
2016 жылы 26 инженерлік желілерге 7,4 млрд. теңге бөлінді (6,3 млрд.тг – Ұлттық қор, 1,1 млрд.тг – арнайы резерв), оның ішінде 19 нысан Ұлттық қордан және 7 нысан Үкіметтің арнайы резервінен, оның ішінде 4 нысан (Ескелді ауданы Шымыр ауылы – 84,2 млн.теңге, Панфилов ауданы Пенжім ауылы – 390,3 млн.теңге,  Қапшағай қаласындағы 12 «А» шағын ауданы - 204,5 млн.теңге және Талдықорған қаласындағы Ынтымақ ауылы – 1,1 млрд.теңге), ауданы 481 га құрайтын жер телімі 2268 участкелі 317 км инженерлік желілер қолданысқа берілді. 


 «2017 жылға міндеттер»
2017 жылы тұрғын үй құрылысы бойынша Ұлттық қордан, республикалық және жергілікті бюджеттен 5,7 млрд. теңге бөлінді.
Бөлінген қаржыға жалпы ауданы 111,2 мың шаршы метр 144 тұрғын үй (1296 пәтер) салу қаралған. Оның ішінде 2017 жылы жалпы ауданы 103,6 мың шаршы метр 103 тұрғын үй (1496 пәтер) пайдалануға беру жоспарланған, 41 үй (104 пәтер) 2018 жылға өтпелі.
ҚР ИДМ ТҮКШ істері комитетінің алдын-ала жоспары бойынша барлық қаржыландыру көздері арқылы 611,5 мың шаршы метр, оның ішінде бюджеттік қаражат есебінен 103,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру қаралған. 


Оның ішінде:
-       48,6 мың шаршы метр несиелік үй (672 пәтерлі 6 үй);
-      15,0 мың шаршы метр кезектегілерге арналған жалгерлік үй (сатып алу мүмкіндігінсіз Ұлттық қор есебінен) (240 пәтерлі 5 үй);
-       9,94 мың шаршы метр кезектегілерге арналған жалгерлік үй (жергілікті бюджет есебінен) (149 пәтерлі 86 үй);
-       30,1 мың шаршы метр коммуналдық үй (435 пәтерлі 6 үй);
-       «Бәйтерек Девелопмент» АҚ қатысуымен 20,7 мың шаршы метр үй (256 пәтерлі 4 үй);
-       75,0 мың шаршы метр коммерциялық үй (1965 пәтерлі 52 үй);
-       412,2 мың шаршы метр жеке меншік үйлер (тұрғындардың есебінен);
2017 жылдың қаңтар-сәуір айларында 141,3 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді, оның ішінде:
- бюджеттік қаражат есебінен жалпы ауданы  12,7 мың шаршы метр 2 коммуналдық үй пайдалануға берілді (тұрғын ауданы 8,7 мың шаршы метр 200 пәтер) (Райымбек ауданы Кеген ауылындағы 32 пәтерлі үй, Талдықорган қаласы Оңтүстік-батыс ауданындағы 168 пәтерлі үй  ( 43 таңба). 


- Тұрғындар  мен мемлекеттік емес кәсіпорындардың есебінен  128,6 мың шаршы метр тұрғын үй.
2017 жылы 13,8 млрд.теңге 23 инженерлік желілер нысандарының құрылысын аяқтауға және 4 жаңа нысанның құрылысына (8,1 млрд.теңге – Ұлттық қор, 3,2 млрд.теңге - РБ, 2,5 млрд.теңге - ЖБ) (Іле ауданы: Байсерке ауылы – 243,3 млн.теңге, Қараой ауылы– 1,8 млрд.теңге, Междуреченск ауылы – 2,0 млрд.теңге, Панфилов ауданы: Жаркент қаласы – 990,0 млн.теңге, Хоргос ауылы– 1,3 млрд.теңге, Ұйгұр ауылы: Шонжы ауылы – 1,8 млрд.теңге, Талғар ауданы Талғар қаласы – 2,2 млрд.теңге, Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы – 49,0 млн.теңге, Қорам ауылы – 50,3 млн.теңге, Сарқан ауданы Сарқан  қаласы – 33,8 млн.теңге, Райымбек ауданы Кеген ауылы – 3,6 млн.теңге, Көксу ауданы Балпық би ауылы – 13,4 млн.теңге, Қапшагай қаласы: Арна ш.а.– 625,6 млн.теңге, Арна ш.а. 2 кезек – 407,0 млн.теңге, 12 «Б» ш.а.- 400,8 млн.теңге, Талдықорған қаласы: «Жеміс тәлімбағы»ТК - 50,3 млн.теңге, жылуменжабдықтау (2 кезек) – 29,0 млн.теңге, телефонизация (2 кезек) – 16,4 млн.теңге, Оңтүстік-Батыс (3 кезек) – 175,9 млн.теңге, 159, 168, 64 пәтерлі Оңтүстік-Батыс ИКИ  – 91,1 млн.теңге, Оңтүстік-Батыс (8, 9 ш.а.) – 802,5 млн.теңге) және (Қапшағай қаласы – 23,4 млн.теңге, Бақанас ауылы – 50,0 млн.теңге, Қаракемер ауылы – 78,8 млн.теңге, Шымыр ауылы – 41,3 млн.теңге). Бөлінген қаражат 1115 га жер телімін 6712 участкені инженерлік желілермен қамтамасыз етіп,  494,6 км инженерлік желілерді тұрғын аудандарға жеткізеді. 


2017 жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша бөлінген 5,2 млрд. теңгенің 4,8 млрд. теңгесі немесе жоспардан 92,2% игерілді.
 


Орналастырылған күні: 28.06.2017 15:03

Өзгертілген күні: 03.07.2017 15:44:02


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх