Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған 0 oC

«Менингококк инфекциясы, шаралар жалғасуда»

Алматы облысы бойынша соңғы 10 жылда менингококк инфекциясының сырқаттанушылығы бір жылда 1 - 18 жағдай аралығында тіркелуде. Ауырғандар медициналқ көмекке кеш жүгіну және сырқаттанушылықтын жедел ағымымен байланысты өлім жағдайлары да орын алған.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 2018 жылдың 7 маусымына менингококк инфекциясының нақтамасы расталған 7 жағдай тіркелді, өлім жағдайы 4.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметімен облыс бойынша жұқпа ошақтарында барлық кешенді іс – шаралар ұйымдастырылды және медициналық қызметтің жұмысы үйлестірілді. Жұқпаның таралуының алдын алу үшін оперативті басқарушылық қабылдау мақсатында сырқаттанушылықтың тіркелуі бойынша күнделікті мониторинг жүргізілуде. Сырқаттанушылыққа күдікті барлық жағдайлар бойынша жергілікті орындарда эпидемиологтармен тексеру жүргізілуде, үй ошағы, оқу немесе жұмыс орны, достары мен туыстары арасында қарым – қатынаста болғандар анықталуда. Менингококк инфекциясының ошағында жыл басынан барлығы қарым – қатынаста болған 586 адам анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің зертханасында барлық қарым – қатынаста болғандар тексерілді. Соңғы жылдары 7 жағдайдан сырқаттанғандардың жұқпа көзі болып табылатын 13 бактериотасымалдаушы анықталды. Сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында барлық анықталған қарым – қатынастағыларға антибиотикопрофилактика жүргізілуде, осы мақсатта медициналық ұйымдарда дәрілердің қажетті қоры болуы тиіс. Шаралардың уақытылы ұйымдастырылуына байланысты науқаспен қарым – қатынаста болғандар арасында сырқаттанушылық тіркелген жоқ.

Биылғы жылы сырқаттанушылықтың тіркелуі рамазан айна сәйкес келуіне байланысты, сырқаттанғандардың арасында «ораза» ұстаған адамдар анықталды және олар айналасындағыларға қауіп туғызып, бірнеше рет мешітке барған. Осы жағдайға байланысты Алматы облысының дін істері басқармасы, имамдармен намаз оқу үшін мешіттерде санитариялық – гигиеналық қолайлы жағдайлар жасау, желдету және ылғалды жуу жұмыстарын жүргізу туралы бірлесіп жұмыс жасалды. Келушілерді аурудың бірінші симптомдары пайда болған кезде дәрігерге жүгіну қажеттілігі және оның ұсынымдарын ұстану, айналасындағыларды мүмкін болатын қауіп қатерден қорғауға ислам қарсы емес, керісінше қолдайтыны туралы ақпараттандырды.    

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің негізгі басым бағытының бірі түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады. Тек менингококк инфекциясы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына 3 брифинг өткізілді, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында инстаграмм және фэйсбук әлеуметтік желілері қолданылады. Департаменттің жеке ohranniki_zdorovya парақшасы ашылып, 734 шығарылым қойылды, 8051 жазылушылары бар.

Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі және жергілікті қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің медициналық қызметімен эпидемиологиялық ахуал бойынша ақпарат алмасу, әскери бөлімдерге инфекцияның енуінің алдын алу үшін профилактикалық шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Себебі әскери бөлімдер казармада тұратын әскери қызметкерлердің ұжымының көптігімен қиындық тудырады.

Шетелге шығатын адамдарды қажетті және қол жетімді менингококк инфекциясының алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру бойынша облыстың туризм басқармасы және туристік фирмалар ақпараттандырылды.

Алматы облысының жергілікті Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен орта және жоғарғы оқу орындарының басшыларымен семинар – жиналыстар өткізілді. Түсіндіру жұмыстары жатақханаларда оқуларын жалғастырып жатқан студенттер арасында да жүргізілуде.

Жазғы лагерлерді ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлінген, аумақтағы сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты жартылай мектеп жанындағы лагерлердің жұмысы 2018ж. 18.06. дейін ауыстырылды. Қала сыртындағы лагерлерге балалар дәрігерлік қараудан кейінгі медициналық анықтамасы болған жағдайда қабылдануда. Жұмысын бастаған лагерлер балалар мен қызметкерлерге профилактикалық тексеру жүргізу үшін медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілген.

Қалыптасқан жағдайға байланысты өздеріңіз бен жақындарыңыздың денсаулығы үшін сақтық шараларын күшейтуге Сіздердің назарларыңызды аудартамыз. Аурудың белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет, онымен сіз алғашқы кезекте уақытылы көмек алу үшін өзіңізге көмектесесіз және айналаңыздағы адамдарды қатерге тікпейсіз. Өзбетінше ем жасамаңыз, ем дәрігермен тағайындалуы тиіс, оның үстіне антибиотиктер және олар бақылауда болуы қажет.

Инфекциялық сырқаттанушылықтар, оның ішінде менингококк инфекциясы бойынша туындаған сұрақтарға облыс орталығы Талдықорған қаласында орналасқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы базасындағы тәулік бойы Саlle center (8 728 2 411212) және аудан, қалалық медициналық ұйымдардың қауырт желілерінен мамандардан кеңес ала аласыздар.  


Файлы:  Загрузить (1.57 МБ, docx)

Орналастырылған күні: 12.06.2018 09:31

Өзгертілген күні: 12.06.2018 09:33:03


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424



Алматы облысының инвестициялық порталы

Наверх