Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қорытынды есеп

Орналастырылған күні: 04.08.2017 15:22

Өзгертілген күні: 04.08.2017 15:23:31

2017 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Орналастырылған күні: 25.04.2017 12:09

Өзгертілген күні: 25.04.2017 12:09:59

Алматы облысының сыртқы экономикалық қызметі, ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттар


Алматы облысы әлемнің 94 мемлекетімен сауда-серіктестік қатынаста. 2016 жылдың қаңтар-тамыз айларында сыртқы сауда айналымы 629,0 млн. АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт -124,3 млн. АҚШ доллары, импорт – 504,6 млн. АҚШ доллары.


Өңіраралық деңгейде бауырластық қатынастар құрылып, өзара ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған.


2016 жылдың сәуірінде Алматы облысының инвестициялық мүмкіншіліктерін көрсету мақсатында ҚХР ШҰАР Үрімші қаласында ұйымдастырылған халықаралық бизнес-форумның аясында Алматы облысы мен Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы арасында достық қарым-қатынасын орнату туралы Келісімге қол қойылды.


2016 жылдың маусымында Алматы облысында «Жетісу Инвест - 2016: Жібек жолын жаңғырту арқылы жаңа мүмкіншіліктерге» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумға 400-ден астам бизнес-құрылымдар мен халықаралық қаржы мекемелердің өкілдері қатысты. Шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялары өкілдерінің дипломатиялық бизнес-клубы ұйымдастырылды. 

 
Осы форумның шеңберінде панельдік сессиялар ұйымдастырылып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік, туризм, көлік логистикасы мен жаңғыртылған қуат көздерін дамыту мәселелері талқыланды.
Форумның нәтижесінде Алматы және Жамбыл облыстары әкімдіктері арасында ынтымақтастық туралы және әртүрлі салада қызмет ететін компаниялармен жалпы құны 900 миллионнан астам АҚШ долларын құрайтын бірнеше меморандумдарға қол қойылды.


Президент Н. Назарбаевтың Сербия Республикасына ресми сапарының шеңберінде 2016 жылғы тамызда Алматы облысы мен Воеводина автономиялық аумағы арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды.

2016 жылдың қазанында Қытай Халық Республикасымен өңіраралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында облыстың делегациясы Сычуань өлкесінде өткен «Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының» төртінші форумына қатысты. Осы форумның шеңберінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік университеті мен Сычуань унверситеті және Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы мен Сычуань өлкесі қытай медицина басқармасы арасында өзара ынтамқтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Орналастырылған күні: 07.11.2016 14:54

Өзгертілген күні: 08.11.2016 10:15:40


Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх