Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +3 oC
Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды

Мобильдік ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерін көрсетуді бастайды

Шалғай елді мекендердің тұрғындары өз елді мекендерінен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерін ала алатын болады. Егер бұрын мобильдік ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерін көрсетсе, енді 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерімен бірге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлері сапарға шығатын болады. 

Мобильдік ХҚКО-лардың басты міндеті - бұдан бұрын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елді мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, біз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Сондықтан да біз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерінің Мобильдік ХҚКО-лармен бірге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуін ынтызарлықпен қолдадық. 
ЗТМО қызметкерлерінің халыққа барынша маңызды әлеуметтік қызметтерді көрсететіндігін атап өту керек, атап айтсақ олардың ішінде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерін тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлері азаматтарға зейнетақы төлемдерін, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін шоттар ашуға көмектеседі, зейнетақыны жеткізетін болады және т.б. 
Мобильдік ХҚКО спараларының кестесі әкімдіктермен алдын ала келісілетін және аудандық әкімдіктердің сайттары мен өңірлік БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдік ХҚКО сапарларының кестесін«ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдік ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдік ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкін болады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 70 мобильдік ХҚКО қызмет ететіндігін атап өту керек. 
2014 жылы мобильдік ХҚКО-тар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай ішінде мобильдік ХҚКО-лар шалғай елді мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Алматы облысы бойынша Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Панфилов, Іле аудандарында мобилді ХҚКО бар.

«ХҚКО» РМК-ның Алматы облысы бойынша қалалық және аудандық бөлімдері төмендегі кестеге сәйкес, шалғай орналасқан елді мекендерге, атап айтсақ Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Панфилов, Іле аудандарына 16.03.2015 жылдан бастап ХҚКО-ның қызметкерлері, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» және «Қазпошта» АҚ бірлесе, ауылдық  мекенжайларға шығады.

Аудандық бөлім атауы

Шалғайдағы елді мекендердің атауы

Аудан орталығынан орналасқан қашықтығы

Азаматтарды қабылдау орны және уақыты

1

Шелек секторы

Енбекшіқазақ ауданы

 

Малықбай ауылдық округі

57 км

Әкімдік сағ 10.00

05.03.2015

17.03.2015

Нұра ауылдық округі

91 км

Әкімдік сағ 10.00

10.03.2015

24.03.2015

Қазақстан ауылдық округі

87 км

Әкімдік сағ 10.00

13.03.2015

27.03.2015

2

Талғар аудандық бөлімі

Қайнар ауылдық округі

45 км

Әкімдік сағ 09.45

02.03.2015

16.03.2015

30.03.2015

Нұра ауылдық округі

70 км

Әкімдік сағ 10.00

05.03.2015

12.03.2015

19.03.2015

26.03.2015

3

Панфилов аудандық бөлімі

Қонырөлен ауылдық округі

90 км

Әкімдік сағ 09.30

10.03.2015

17.03.2014

Сарыбел ауылдық округі

46 км

Әкімдік сағ 09.30

11.03.2015

25.03.2015

Басқұншы ауылдық округі

42 км

Әкімдік сағ 09.30

12.03.2015

26.03.2015

Айдарлы ауылдық округі

70 км

Әкімдік сағ 09.30

13.03.2015

31.03.2015

4

Іле аудандық бөлімі

Междуреченск ауылдық округі

41 км

Әкімдік сағ 10.00

16.03.2015

30.03.2015

Куртинский ауылдық округі

120 км

Әкімдік сағ 10.00

05.03.2015

27.03.2015

5

Жамбыл аудандық бөлімі

Үлкен ауылдық округі

400 км

Әкімдік сағ 13.00

13.03.2015

Матибұлақ ауылдық округі

132 км

Әкімдік сағ 10.30

17.03.2015

Ақтерек ауылдық округі

95 км

Әкімдік сағ 10.30

17.03.2015

Беріктас ауылдық округі

82 км

Әкімдік сағ 10.30

24.03.2015

Дегереск ауылдық округі

80 км

Әкімдік сағ 10.30

18.03.2015

Айдарлы ауылдық округі

147 км

Әкімдік 11.30

20.03.2015


Орналастырылған күні: 03.12.2015 17:32

Өзгертілген күні: 05.12.2015 11:44:23

Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх