Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +7 oC

"Нұрлы жол" бағдарламасының іске асырылуы

2017 жылдың 1 шілдесіне



Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы бойынша атқары

лған жұмыстары:



2015 жылы "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша жылумен жабдықтау бойынша               6 жобаның іске асырылуына 1 млрд. 671 млн. теңге бөлініп, игерілді.

5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 1 жоба бойынша (Қапшағай қаласындағы Қонаев көшесі бойынша жылу желілерін қайта жаңғырту) қазіргі уақытта мердігер ұйыммен сот болып жатыр.

2016 жылға 10 жобаны іске асыруға 4,0 млрд.теңгеге бөлінді,   оның ішінде сумен жабдықтау саласы бойынша 9 жоба, жылумен жабдықтау – 1 жоба.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2016 жылы 1 млрд. 869 млн.теңге немесе 50,4% қаражат игерілді, қалған қаражаттар ағымдағы жылы игерілетін болады (1 млрд. 838 млн.теңге).

Барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілді.

Осы нысандар іске қосылғаннан кейін сумен және жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасы 5 ауылдық елді мекен мен 3 қаланың 263 мың тұрғындары үшін жақсарады.

Барлығы 195,1 шақырым сумен жабдықтау желілері жаңғыртылып, салынады, желілердің тозуы 30%-ға төмендеп, желілердегі жоғалтулар (потери в сетях) 2,5%-ға қысқарады.

2017 жылы 5 жобаның іске асырылуына 3,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 4 жоба сумен жабдықтау саласында (Ақсу ауданы - Көшкентал ауылы, Кербұлақ ауданы - Шұбар ауылы, және Талдықорған қаласында 2 жоба) 1 жоба жылумен қамту бойынша (Қапшағай қаласы).

Нәтижесінде 60,1 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынады. Сапалы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерімен 20 мың адам қамтамасыз етілетін болады.

Барлық жобалардың іске асырылуы және бөлінген қаражаттардың тиімді жұмсалуы Басқарманың бақылауында.

2015-2019 жылдары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырылуы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын салу бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуі үнемі бақылауда.

2016 жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік ифрақұрылымдық даму бағдарламасы аясында (бұдан әрі – «Нұрлы жол» бағдарламасы) Ұлттық қордан сумен жабдықтау саласында 9 жобаны іске асыруға 4,0 млрд.теңге бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау мерзімі – 2017 жыл. 01 шілдедегі жағдай бойынша 2,1 млрд.теңге немесе бөлінген қаражаттың 68% игерілді.

Осы нысандар іске қосылғаннан кейін сумен жабдықтау қызметтерінің сапасы 5 ауылдық елді мекен мен 3 қаланың 263 мың тұрғындары үшін жақсарады. Барлығы 195,1 шақырым сумен жабдықтау желілері жаңғыртылып, салынады, желілердің тозуы 30%-ға төмендеп, желілердегі жоғалтулар 2,5%-ға қысқарады. Тұрақты 43 жұмыс орны ашылады. 237 адам уақытша жұмысқа орналастырылды (құрылыс кезінде).

2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау саласында 4 жаңа жобаның іске асырылуына 2,1 млрд. теңге бөлінді (Ақсу ауданы - Көшкентал ауылы, Кербұлақ ауданы - Шұбар ауылы, және Талдықорған қаласында 2 жоба).

Бүгінгі күнге 1 нысан (Кербұлақ ауданы Шұбар ауылы) бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде, 3 нысан (Ақсу ауданы - Көшкентал ауылы, Талдықорған қаласы - 2 жоба) бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық процедуралар өткізілуде (конкурстар табиғи монополиялар субъектілерімен өткізілуде).

Аталған 4 жобаны іске асыру барысында 60,1 шақырым сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және салу, және сапалы орталықтандырылған сумен жабдықтаумен 20 мыңнан астам тұрғындарды қамту жоспарланған. Қазіргі уақытта 93 адам уақытша жұмысқа орналастырылды (құрылыс кезінде).

2017 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтылуы 83,7%  немесе 612 елді мекенді құрайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №297 бұйрығына сәйкес және облыстағы елді мекендерді мерзімінде жер асты сулары қорларымен қамту мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен 2015 жылы 15 сәуірде №70 қабылдап алу-беру актісі негізінде жобалау-сметалық құжаттамалар (жалпы құны 434,306 млн.теңге) қабылданды. Нәтижесінде 2015 жылы облыстың 95 елді мекені үшін жерасты суларының қорлары бекітілді.

2016 жылы 35 елді мекенді және 3 жерасты суларының кен орындарын жерасты су құорымен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 630,5 млн.теңге бөлініп, игерілді. Барлық 35 елді мекен және 3 жерасты суларының кен орындары бойынша іздестіру-барлау жұмыстары толық аяқталып, жерасты суларының эксплуатациялық қорлары саналған есептер қабылданды.

2017-2019 жылдары облыстағы 38 елді мекенді жерасты суларының қорымен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 1 373,7 млн.теңге қаралған, оның ішінде 2017 жылға – 432,7 млн.теңге. Қазіргі уақытта іздестіру барлау жұмыстары жүргізілуде.


    

Білім беру нысандар құрылысы бойынша

2015-2019 жылдар аралығында  инфрақұрылымдарды дамыту «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламысы аясында Ұлттық қор есебінен  41 білім беру (38 мектеп, 3 бала-бақша, соның ішінде:7 мектеп, 3 бала-бақша пайдалануға өткізілді) нысанының құрылысына   44,4 млрд. теңге қаражат бөлініп және 36,3 млрд. теңге игерілді. Қалған 31 мектеп 2017 жылы пайдалануға беріледі.

2015 жылы 6 мектеп және 3 бала-бақша құрылысына Ұлттық қор есебінен 3,9 млрд. теңге бөлініп игерілген.

2016 жылы 27 мектеп және 3 бала-бақша құрылысына Ұлттық қордан 23,6 млрд. теңге бөлініп игерілген, соның ішінде:

-6 мектеп және 3 бала-бақша құрылысын аяқтауға- 5,1 млрд. теңге;

-21 мектеп құрылысының басталуына – 18,4 млрд. тенге.

-       7 мектеп және 3 бала-бақша пайдалануға берілген (7 мектеп: Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылындағы 300 орындық орта мектеп және Байтерек ауылындағы 600 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданының Жанақұрылыс ауылындағы 600 орындық орта мектеп, Іле ауданының Боралдай кентіндегі 600 орындық орта мектеп және Жапек батыр ауылындағы 600 орындық орта мектеп, Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылындағы 900 орындық орта мектеп, Қарасай ауданындағы Үштерек ауылындағы 300 орындық орта мектеп, 3 бала-бақша: Қарасай ауданы Қырғауылды ауылындағы 320 орындық, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылындағы 280 орындық  және Қаратал ауданындағы Үштөбе қаласындағы 320 орындық бала-бақшалар). Қалған 20 мектеп 2017 жылға өтеді.

2017 жылы 31 мектеп құрылысының аяқталуына (пайдалануға беріледі) Ұлттық қор есебінен 16,8 млрд. теңге бөлінді.

 2017 жылдың 01 маусымның жағдайы жоспары бойынша 8,8 млрд. теңге  игерілді  немесе 100%.

 

Кәсіпкерлік және  индустриялық-инновациялық даму басқармасы бойынша атқарылған жұмыстары 

2015 жылы "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында Алматы облысы бойынша жылумен жабдықтау бойынша 6 жобаның іске асырылуына 1 млрд. 671 млн. теңге бөлініп, игерілді.

5 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 1 жоба бойынша (Қапшағай қаласындағы Қонаев көшесі бойынша жылу желілерін қайта жаңғырту) қазіргі уақытта мердігер ұйыммен сот болып жатыр.

2016 жылға 10 жобаны іске асыруға 4,0 млрд.теңгеге бөлінді,   оның ішінде сумен жабдықтау саласы бойынша 9 жоба, жылумен жабдықтау – 1 жоба.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес 2016 жылы 1 млрд. 869 млн.теңге немесе 50,4% қаражат игерілді, қалған қаражаттар ағымдағы жылы игерілетін болады (1 млрд. 838 млн.теңге).

Барлық жобалар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізілді.

Осы нысандар іске қосылғаннан кейін сумен және жылумен жабдықтау қызметтерінің сапасы 5 ауылдық елді мекен мен 3 қаланың 263 мың тұрғындары үшін жақсарады.

Барлығы 195,1 шақырым сумен жабдықтау желілері жаңғыртылып, салынады, желілердің тозуы 30%-ға төмендеп, желілердегі жоғалтулар (потери в сетях) 2,5%-ға қысқарады.

2017 жылы 5 жобаның іске асырылуына 3,7 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 4 жоба сумен жабдықтау саласында (Ақсу ауданы - Көшкентал ауылы, Кербұлақ ауданы - Шұбар ауылы, және Талдықорған қаласында 2 жоба) 1 жоба жылумен қамту бойынша (Қапшағай қаласы).

Нәтижесінде 60,1 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынады. Сапалы сумен жабдықтау және кәріз жүйелерімен 20 мың адам қамтамасыз етілетін болады.

Барлық жобалардың іске асырылуы және бөлінген қаражаттардың тиімді жұмсалуы Басқарманың бақылауында.

2015-2019 жылдары «Нұрлы жол» инфрақұрылымды даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырылуы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық нысандарын салу бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуі үнемі бақылауда.





Орналастырылған күні: 28.06.2017 10:49

Өзгертілген күні: 28.07.2017 12:02:49

Елді мекендерге бұрылыс салу туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх