Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Облыстық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Облыстық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Облыстық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2015 жылғы қызметі туралы есеп

Облыстың жергілікті атқарушы органдары, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысына сәйкес қызмет көрсетеді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қызмет көрсету облыстық басқармалар, аудандық, қалалық және ауылдық аймақтар әкімшіліктері дәрежесінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алу бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент бекітіледі және қызмет көрсету кезінде сол стандартқа сәйкес қызмет көрсетулері қажет.

Бекітілген стандарттарға сәйкес 2015 жылы облыста жергілікті атқарушы органдармен 159 мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері өңделді және бекітілді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

Жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізілімге сәйкес 161 қызмет көрсету түрі атқарылуда:

- қалалар мен аудандар деңгейінде (ауылдық округтер) 71 қызмет түрлері көрсетіледі;

- облыстық басқармалар деңгейінде 67 қызмет түрлері көрсетіледі;

- аудандар мен қалалық денсаулық сақтау саласында 14 қызмет түрлері көрсетіледі;

- 47 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі.

         Ақысыз негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 105, ақылы негізде 25.

Қағаз түрінде 83 және электрондық түрде 47 қызметтер түрлері көрсетіледі.

Алматы облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылаудың сапасына  ай сайын мониторинг жүргізеді. 

2015 жылы 7 773 417 қызмет көрсетілді:

-  қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 1,4 млн. аса қызмет көрсетілген;

  -  халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 166 230;

-  «Электрондық үкімет» порталы арқылы – 682 292 мың;

 2015 жылы алынған деректерді  талдау(анализ) көрсетілген қызмет санының ең көбі денсаулық сақтау 70%, ветеринария 18%, халықты  жұмыспен қамту 4,9%, білім 4%  салаларында атқарылғандығын көрсетті.




Облыста «Е-лицензиялау» мемлекеттік қоры арқылы коррупцияны азайту және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту мақсатында лицензияның 15, рұқсаттаманың 44 түрі берілді және электронды түрде 13 мемлекеттік қызмет жүргізілді, оның ішінде 11 түрі электронды үкімет порталына шығарылды.

2015 жылдың ішінде жоғарыда көрсетілген жүйелер арқылы 1 216 лицензия, 42 722 рұқсаттамалар, 69 904 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Алматы облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында 2015 жылы қызмет алышыларды ақпараттандыру жоғарылату бойынша 261 семинар-жиындар мен «дөңгелек столдар», брифингтер, есеп беруші органдарға ішкі бақылау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Тоқсан сайын мемлекеттік органдардың қатысуымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сұақтары бойынша жиналыстар жүргізіледі.

Облыс әкімшілігі аппаратында мемлекеттік органдарда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасыз есеп жүргізуі және статистикалық мәліметтердің мониторингісі жүргізіледі.

Мемлекет Басшысымен қойылған тапсырмасын, орындау негізінде Электрондық үкіметті дамыту және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, әлеуметтік маңызы бар қызметтерді лицензиялар мен рұқсаттамаларды электрондық түрге ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.

Афтоматтандырылған жүйелер бойынша көрсетілетін қызметтер ардайым көбеюде, яғни 2013 жылы ЭҮП арқылы 64 қызмет көрсетілсе, 2014 жылы – 11104, 2015 жылы 682 292 қызметтер көрсетілді.

Сонымен қатар, бағыныстағы мемлекеттік органдардың 15 лицензиялары электрондық түрде 100% қамтылғанымен, 2015 жылы кейбір рұқсат беру рәсімдерінің автоматтандыруы және оларды мемлекеттік органдардағы 44 рұқсат беру құжаттарын «Е–рұқсат» ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстары жүргізілді.

Мемлекет Басшысымен қойылған, халықтың көпшілігіне, сондай-ақ алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында, бүгінгі таңда 5 мобильдік ХҚКО Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кербұлақ, Талғар және Ұйғыр аудандарында жұмыс істейді.

Айтылған жоба алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін бағытталған. Ауылдық округ әкімдіктерінің келісімімен мобильдік ХҚКО шығу графигі бекітілген. Бекітілген график бойынша ХҚКӨ-ның қызметкерлері елді мекендерге шығып, тұрғындардан құжаттар қабылдап оларға концултатиялық көмектер көрсетеді.




Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың және бизнестiң арасында жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық қызметтерiн танымалдандыру жөнінде іс-шараларды өткiзу мақсатында полиграфиялық материалдар,электрондық үкімет порталында электрондық мемлекеттік қызмет алуды, «Е-әкiмдiк», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкiмет», ЭЦҚ, жобалар бойынша роликтер әзірленген. Аталған роликтер (аудио- бейне материалдар) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және жергілікті телеарналарда орнастырылған.

Сонымен қатар, облыс әкімшілігімен мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетуін ескерту бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту және профилактикалық жұмыстар атқарылды.

2015 жыл қорытындысында орнатылған мерзім бұзылуының 27 факт тіркелген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза түрінде іс-шаралар қабылданды.

Есепке алынған уақыт ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым түскен емес.

Әкімдіктердің интернет-ресурстарында электрондық мемлекеттік қызметтердің қолдануы, және электрондық қолтаңба алу туралы нұсқамалар қойылған.


Файлы:  Загрузить (45 КБ, doc)

Орналастырылған күні: 02.03.2016 11:50

Өзгертілген күні: 25.03.2016 11:55:43

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх