Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC
Облыстық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп

Облыстық мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2014 жылғы қызметі туралы есеп

Облыстың жергілікті атқарушы органдары, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысына сәйкес қызмет көрсетеді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.

Қызмет көрсету облыстық басқармалар, аудандық, қалалық және ауылдық аймақтар әкімшіліктері дәрежесінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алу бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент бекітіледі және қызмет көрсету кезінде сол стандартқа сәйкес қызмет көрсетулері қажет.

Бекітілген стандарттарға сәйкес, 2014 жылы облыста жергілікті атқарушы органдармен 120 мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері өңделді және бекітілді.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын сақтау жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн және көрсетiлетiн қызметтi берушiлер қызметiнiң тәртiбiн, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнде өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен, халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара iс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт.

 Жергілікті атқарушы органдармен бекітілген тізілімге сәйкес 130 қызмет көрсету түрі атқарылуда:

- 68 қызмет көрсету қалалар мен аудандар деңгейінде (ауылдық округтер);

- 62 қызмет көрсету облыстық басқармалар деңгейінде;

- 45 қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі.

 Алматы облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау ережелеріне сәйкес, облыстың жергілікті атқарушы органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылаудың сапасына  ай сайын мониторинг жүргізеді. 

2014 жылы барлығы 8 373 610 қызмет көрсетілді:

-  қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдарымен 2 млн. аса қызмет көрсетілген;

  -  халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы - 106874;

  -  «Электрондық үкімет» порталы арқылы - 69 мың;

 2014 жылы алынған деректерді  талдау(анализ) көрсетілген қызмет санының ең көбі денсаулық сақтау 70%, ветеринария 18%, халықты  жұмыспен қамту 4,9%, білім 4%  салаларында атқарылғандығын көрсетті.




Облыста «Е-лицензиялау» мемлекеттік қоры арқылы коррупцияны азайту және тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сапасын жақсарту мақсатында лицензияның 7 түрі, 23 рұқсаттама берілді және электронды түрде 12 мемлекеттік қызмет жүргізілді, оның ішінде 10 түрі электронды үкімет порталына шығарылды.

2014-жылдың ішінде жоғарыда көрсетілген жүйелер арқылы 290 лицензия, 47-астам  рұқсаттамалар, 69 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Қазіргі уақытта ХҚКО арқылы 33 мемлекеттік қызмет түрі(2013 жылда 24,7 мың астам қызмет көрсетілді) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтерге аса мұқтаж мекендерге ҚҚМ (қоғамға қолжетімді мекен)терминалдары арқылы мемлекетті қызмет алу уақытын қысқарту шаралары жасалды.

Мемлекет Басшысымен қойылған, халықтың көпшілігіне, сондай-ақ алыс елді мекен тұрғындарына мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында, қазіргі уақытта Балқаш, Қаратл, Жамбыл, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында 5 Мобильді ХҚКО қолданылып жатыр.

Берілген жоба, алыс ораналасқан ауылдық округтер мен елді мекендерде тұратын азаматтарды мемлекеттік қызмет ала алу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге бағытталған. ауылдық аймақтағы әкімшіліктердің  келісімімен Мобильді ХҚКО-ның шығу графигі жасалған. берілген графиктерге сәйкес ХҚКО-ның қызметкерлері елді мекендерге бару арқылы, мемлекеттік қызмет алу үшін азаматтардың  құжаттарын қабылдайды және  кеңес беререді, сондай-ақ оларды табыстайды.




Облыс әкімшіліктері тұлғаларды мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуының алдын алуға және тәртіптік жауапкершілікке шақыруға байланысты іс-шаралар жүргізілді. 

Жыл қорытындысында орнатылған мерзім бұзылуының 26 факторы тіркелген.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуына жол берген тұлғаларға қатысты .

Есепке алынған уақыт ішінде көрсетілген мемлекеттік қызметтерге шағым түскен жоқ.

Тізілімге сәйкес лицензияның 8 түрі беріледі. 2014 жылда 290 лицензия берілді.

За 2014 год выдано 290 лицензий.

Тегін түрде 105 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, ақылы түрде  - 25.

Қағаз түрінде 83 қызмет және 47-сі  электронды түрде көрсетіледі.

Алматы облысында 2014 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында 94 семинар-мәжілістер, оның ішінде 14-көшпелі(выездных), 179 бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілімдер, ведомстволық бағынышты бөлімшелерде ішкі бақылау орындалды.

Мемлекеттік органдардың қатысуымен квартал сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасы қарастыру жөнінде жиналыстар жүргізіледі.

Алматы облысы әкімінің аппаратында,  көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық деректердің қалыптасуын және бірыңғай есептің сапасыз жүргізілу деректерін анықтау мақсатынд, мемлекеттік  органдарының мониторингі жасалады.

ҚР Президенті қойған тапсырмаларды іске асыру аясында Электрондық үкіметті дамыту, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру, және мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде барлық лицензиялар мен рұқсаттамалар, әлеуметтік-маңызды қызметтерді электронды түрге көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.  

Автоматтандырылған қызмет түрлері әрдайым ұлғаяды 2011 жылы ЭҮП-ға 1 қызмет шықты, 2012 жылы - 11 қызмет, 2013 жылы «Электрондық қызмет» Порталына www.egov.kz 7 қызмет шықты, 2014 жылы - 12.

       Сонымен қатар, 8 лицензияны тек электронды түрде беру бөлігінде уәкілетті МО 100%-дық қамтудан бөлек, 2014 жылы қосымша рұқсат беру рәсімдерін ары қарайғы автоматтандыру  және 23 рұқсаттама құжаттарын беру бойынша қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда «Е-рұқсат» МДҚ АЖ тәжірибелік пайдалануға енгізу жүргізілді.

Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың және бизнестiң арасында жергiлiктi атқарушы органдардың электрондық қызметтерiн танымалдандыру жөнінде іс-шараларды өткiзу мақсатында полиграфиялық материалдар,электрондық үкімет порталында электрондық мемлекеттік қызмет алуды, «Е-әкiмдiк», «Е-лицензиялау», «Электрондық үкiмет», ЭЦҚ, жобалар бойынша роликтер әзірленген. Аталған роликтер (аудио- бейне материалдар) қалалық, аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және жергілікті телеарналарда орнастырылған.


Орналастырылған күні: 14.01.2015 18:16

Өзгертілген күні: 25.03.2016 11:53:38

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх