Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +28 oC
Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы


Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы

 «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 100-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2011 жылғы 9 тамыздағы 
№ 920 қаулысымен   
бекітілген    

Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы

      Жекешелендіру объектілерін сату қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және екі кезеңді рәсімдер арқылы аукцион, тендер және конкурс нысанында сауда-саттықта жекешелендіру объектілерін сату тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату және акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықты куәландыратын туынды бағалы қағаздарды сату тәртібін реттейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ағымдағы баға – жекешелендіру объектісінің аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;
      2) бастапқы баға – әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;
      3) аукцион – тізілімнің веб-порталын пайдалана отырып, электрондық форматта өткізілетін қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жария түрде мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
      3-1) аукцион залы – аукционды өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін тізілім веб-порталының бөлімі;
      4) аукцион нөмірі – қатысушыға электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
      5) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      6) алғашқы баға – тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға;
      7) екi кезеңдi рәсiмдер арқылы конкурс – кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен сатушы конкурс жеңiмпазын айқындайтын сауда-саттық нысаны;
      8) ең төменгі баға – жекешелендiру объектiсiн одан төменге сатуға болмайтын баға;
      9) жабық тендер – қатысушылардың шектеулi тобы қатысатын тендер;
      10) жекешелендіру объектісі – мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын немесе мемлекеттiк мекеме; жекешелендiрiлуi тұйық технологиялық тізбекті бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бiрлiктерi; мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкi; акционерлік қоғамдардың акциялары; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы қатысу үлестері; акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларына құқықтарды куәландыратын туынды бағалы қағаздар;
      11) жеңiмпаз – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең үздік шарттар ұсынған тендерге қатысушы; екi кезеңдi рәсiмдер арқылы ең үздік шарттар ұсынған конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;
      12) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      13) коммерциялық тендер – жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушы жеңiмпаз болып танылатын, тендердiң шарттарын орындауға келiскен қатысушылар арасындағы сауда-саттық;
      14) қаржы кеңесшiсi – жекешелендiру объектiлерiн сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткiзу кезiнде сатушы тартатын тұлға;
      15) қатысушы – аукционға, тендерге немесе eкi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсқа қатысу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;
      15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін, бірақ 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша сомасы;
      16) сату бағасы – сауда-саттық нәтижесінде белгіленген жекешелендіру объектісінің түпкілікті бағасы;
      17) сатушы (мүлікті иеліктен айыруды жүргізетін адам) – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган;
      18) сатып алушы (ие болушы) – мемлекеттiк мүлiктi иелiктен шығару процесiнде мүлiктi сатып алатын жеке тұлға немесе мемлекеттiк емес заңды тұлға;
      19) сауда-саттық – жекешелендіру түрі;
      20) сауда-саттықтың ағылшындық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын әдiсi;
      21) сауда-саттықтың голландтық әдiсi – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетiлетiн әдiсi;
      22) тендер – қатысушылар өздерiнiң ұсыныстарын жазбаша жабық конвертте мәлiмдейтiн сауда-саттық нысаны;
      22-1) Тізілімнің веб-порталы – www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі – Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;
      23) ұйымдастырушы – жекешелендіру объектілерін дайындауды және сатуды ұйымдастыратын сатушы не мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада айқындалған тәртіппен тартылатын заңды немесе жеке тұлға;
      24) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      25) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      27) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2014 № 813 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Объектіні жекешелендіру туралы шешімді 10 күн мерзімде жекешелендіру объектілері туралы ақпаратты (сату кестесі) тізілімге енгізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган не жергілікті атқарушы орган қабылдайды.
      Мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды немесе табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында басым немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдардың мемлекетке тиесілі акцияларын жекешелендіру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
      Кәсіпорында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру туралы шешім қабылдау кезінде осы кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органы шешімнің жобасын мемлекеттік материалдық резерв, жұмылдыру даярлығы және қорғаныс саласындағы уәкілетті органдармен келіседі.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2-1. Мемлекеттік мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді республикалық мүлік бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган, коммуналдық мүлік бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
      Ескерту. Қағида 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Эмиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелмеген акцияларды сатуға жол берілмейді.
      4. Акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесін сату «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптарды сақтай отырып, жүргізіледі.
      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, қатысушының үлесін сатып алу немесе қатысушылардың бірі оның бір бөлігін сатуы кезінде үшінші тұлғалардың алдында артықшылықпен пайдаланады.
      5. Мемлекеттік заңды тұлға мемлекеттік мүлікті сатуға ұсынған кезде басқаруында осы мемлекеттік заңды тұлға бар мемлекеттік органның жазбаша келісімі қажет. Бұл ретте сатушыға жекешелендіру объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды беру қажет.
      Қажет болған жағдайда сатушы жекешелендіру объектісінің техникалық және функционалдық сипаттамаларын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттарды сұратады.
      Мемлекеттік мүліктің баланс ұстаушысы жекешелендіру объектісінің сақталуына және сатып алушыға меншік құқықтары өткенге дейін жекешелендіру объектісі бойынша мәліметтердің дұрыстығына жауап береді.
      Хабарлама жарияланғаннан кейін баланс ұстаушы жекешелендіру объектісін сатып алуға ниет білдірген жекешелендіру объектісін көруге еркін қатынауды қамтамасыз етеді.
      Акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті сату кезінде мәліметтердің дұрыстығына акционерлік қоғамның немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшылығы жауап береді.
      6. Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді.
      Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
      7. Сатушы жекешелендiру объектiлерiн сатуды Заңда және осы Қағидада белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
      8. Сатушының функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес жекешелендіру объектісінің құнына бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия шешімінің негізінде әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіру жүргізу түрін, сауда-саттық шарттарын және нысандарын анықтау;
      3) сауда-саттық өткізу мерзiмiн белгiлеу;
      4) сауда-саттықты дайындауды және өткізуді жүзеге асыру;
      5) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде жекешелендіру объектілерінің алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын, кепілдік жарнасының сомасын айқындау;
      6) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою;
      7) мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржасында сатуды жүзеге асырады;
      8) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату кезінде брокерлік компанияның ұсынымдары бойынша сауда-саттық жүргізу әдісін анықтайды;
      9) мемлекеттік меншікті жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссияның шешімі негізінде тендер шарттарын анықтау;
      10) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі мен ұзақтығын, сатудың шекті мерзімдері мен биржалық сауда-саттықтан алу күнін анықтау;
      11) жекешелендіру объектілерін сауда-саттықтан алу туралы шешім қабылдайды;
      12) сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, сондай-ақ егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешеленетін кәсіпорынның жасасқан шарттарының кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы туралы ақпаратты дайындау және ұсыну;
      13) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға хабарлайды;
      14) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      15) ұйымдастырушы тартылған жағдайда онымен сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге шарт жасасу;
      16) сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу барысын бақылауды жүзеге асыру;
      16-1) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      17) сауда-саттық жеңімпаздарымен сатып алу-сату шарттарын жасасу және олардың орындалуын бақылау;
      18) қатысушылармен, сатып алушылармен, ұйымдастырушымен сауда-саттық өткізу рәсімдеріне байланысты есептесулерді жүзеге асыру;
      19) жекешелендіру жүргізу үшін қажет басқа да іс-шараларды жүргізу болып табылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      9. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес қызметтiң жүзеге асырылуы объектiнi сауда-саттықтарда сатудың шарты болып табылатын түрлерiмен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлғалар;
      2) ұйымдастырушы сауда-саттықтың қатысушысы ретінде тіркелуге жатпайды.
      Стратегиялық объектіні сату кезінде сауда-саттыққа шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға, резидент еместердің қатысуы бар заңды тұлғалар мен олармен аффилиирленген адамдарға жол берілмейді.
      10. Мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде сатып алушы акционерлік қоғам егер соңғысы сатып алушының акцияларына иелік етсе, акционерлік қоғам акцияларының жиырма бес пайыздан астамын сатып ала алмайды.

2. Комиссия

      11. Сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу үшін сатушы міндетті тәртіппен мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына сатушының және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері немесе олардың аумақтық бөлімшелерінің өкілдері енгізіледі. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды. Сатушының өкілі комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы комиссия мүшесі болып табылмайды.
      Комиссия шешімдері қатысатын комиссия мүшелерінің жалпы санынан қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төраға дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі сатушы үшін ұсынымдық сипатта болады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi;
      2) осы Қағиданың 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендіру объектісі бойынша жекешелендіруді жүргізу түрі, сауда-саттық шарттары, нысандары мен әдістері туралы шешім қабылдайды;
      3) Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы шешім қабылдайды;
      4) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағаларын белгілеу туралы шешім қабылдайды;
      5) ең төменгі сатылу бағасын өзгерту, сондай-ақ ең төменгі бағасы бойынша шектеулерді жою туралы шешім қабылдайды;
      6) кепілдік жарна сомасы туралы шешім қабылдайды;
      7) тендер шарттары туралы шешім қабылдайды;
      8) жекешелендіру объектілерін сауда-саттыққа одан әрі қоюдың орындылығы туралы шешім қабылдайды;
      9) биржалық сауда-саттыққа акцияларды қою мерзімі және ұзақтығы, сатудың шекті мерзімі және биржалық сауда-саттықтан алу күні туралы шешім қабылдайды;
      10) тендер өткізеді;
      11) сауда-саттыққа қатысушылардың құжаттарын қарайды және оларды сауда-саттыққа (аукционды қоспағанда) жібереді;
      12) сауда-саттық (аукционды және коммерциялық тендерді қоспағанда) жеңімпазын жариялайды;
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      13. Сауда-саттықты өткізуге дайындықты сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаның уақтылы жариялануын қамтамасыз ететін, өтiнiмдер қабылдауды және жабық тендер мен екі кезеңді рәсiмдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушыларды тiркеудi жүргiзетiн, тендердің және екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурстың келіп түскен материалдарын комиссияның қарауына беретін сатушы жүзеге асырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.07.2014 № 813 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Сауда-саттықты өткізуге дайындық

      14. Сауда-саттықтарды өткiзуге дайындық мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) қажеттi материалдарды жинау жүргiзiледi;
      2) жекешелендіру объектiсiнiң құнын бағалау туралы бағалаушы ұсынған есепті ескере отырып, жекешелендіру объектiсiнiң алғашқы, бастапқы және ең төменгі бағалары айқындалады;
      3) осы Қағиданың 1-тармағы 7) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбiр жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары мен әдiсi айқындалады;
      4) жекешелендiру объектiлерi жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлiнедi;
      5) кепiлдiк жарнаны енгiзу тәртiбi айқындалады;
      6) сауда-саттықты өткізу мерзiмі белгiленедi;
      7) қажет болған кезде ұйымдастырушы тартылады;
      8) сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жарияланады;
      9) кепiлдiк жарналар қабылданады;
      10) қатысушыларды тiркеу жүргiзiледi;
      11) сатып алу - сату шартының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.03.2014 № 198 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      15. Кепілдік жарна мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың (бұдан әрі - бірыңғай оператор) деректемелеріне хабарламада белгіленген нысанда және тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес енгізіледі. Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Сауда-саттықта жеңген және сатып алу - сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу - сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады;
      17. Сатушы мынадай жағдайларда:
      1) сауда-саттыққа қатысушыға - сауда-саттықтарға қатысудан ол өткiзiлуiне үш күннен аз қалғанда бас тартқан жағдайда;
      2) жеңiмпазға - ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қоюдан не сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартқан жағдайда;
      3) сатып алушыға - ол сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
      Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
      Аукционға немесе тендерге қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелмеген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың кепілдік жарналары жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
      Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару өтінішінде көрсететін деректемелерге қайтарылады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      18. Сауда-саттық өткiзiлетiндiгi туралы хабарлама олар өткiзiлгенге дейiн кемiнде күнтізбелік он бес күн бұрын, ал акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестердi сату кезiнде - сауда-саттық өткiзiлетін күнге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жариялануы тиiс.
      Қор биржасында бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама сауда-саттықты өткізу мерзімі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
      Хабарлама қазақ және орыс тiлдерiнде мерзімді баспа басылымдарында және Тізілімнің веб-порталында жарияланады.
      Монополияға қарсы заңнаманың талаптарына жататын акцияларды, ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы үлестерді, мемлекеттік кәсіпорындарды мүліктік кешендер ретінде сату туралы хабарламаны объекті (сату кестесі) бойынша ақпарат тізілімге енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін жариялауға жол беріледі.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      19. Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
      1) сауда-саттықтың өткiзiлетiн күнiн, орнын және уақытын;
      2) сауда-саттықтың нысаны мен әдiсiн;
      3) жекешелендiру объектiсi туралы мәлiметтерді (акцияларды сату кезінде акциялар эмитентінің атауы мен олар туралы мәліметтер, сатылатын акциялардың саны);
      4) бастапқы, ал аукцион сауда-саттықтың голландтық әдiсiн қолдана отырып өткiзiлген кезде, сатуға қойылатын жекешелендіру объектiлерiнiң ең төменгі бағасын;
      5) кепілдік жарнаның мөлшері мен бірыңғай оператордың банктік деректемелерін;
      6) өтiнiмдердi қабылдайтын орны мен мерзімін;
      7) сауда-саттықтарды өткiзу, оның ішінде сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу, сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары туралы тәртіпті;
      8) сауда-саттықтарды ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      9) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
      Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды сату туралы хабарлама мынадай мәліметтерді:
      1) сауда-саттықтың басталатын күнi мен уақытын;
      2) сауда-саттықтың өткізілетін орнын;
      3) акциялар эмитентінің атауын;
      4) эмитент туралы мәліметтерді;
      5) сатылатын акциялардың санын;
      6) сауда-саттықты ұйымдастырушының телефоны мен орналасқан жерiн;
      7) сатушының шешiмi бойынша қосымша ақпаратты қамтуы тиiс.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      20. Әрбiр жекешелендіру объектiсі бойынша сату туралы хабарлама жарияланғанға дейiн сатушы тізілімге мынадай құжаттардың:
      1) жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің;
      2) жекешелендіру объектісі фотосуретінің (тек жылжымайтын мүлік, көлік, жабдық және басқа да материалдық мүлік үшін) электрондық көшiрмелерінің енгізілуін қамтамасыз етеді.
      Жекешелендіру объектiсін сату туралы хабарлама жарияланғаннан кейiн сатушы тізілім веб-порталы арқылы ниет бiлдiрушiлердің барлығының жекешелендiру объектiсi туралы ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.03.2014 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      21. Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион, коммерциялық тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын және жабық тендер мен екі кезеңде ететін рәсімдер арқылы конкурс басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.02.2015 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      22. Жабық тендерге немесе екі кезеңді рәсімдер жолымен өтетін конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды:
      1) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді;
      2) жеке тұлғалар үшiн:
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн не көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      банктен ағымдағы шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын;
      заңды тұлғалар үшiн:
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, жарғының көшiрмесiн немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн;
      салыстыру үшiн түпнұсқасын мiндеттi түрде көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесін немесе көрсетілген құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасын;
      банктен банктік шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасын.
      Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарып беріледі;
      Банктен банктік (ағымдағы) шоттың бар-жоғын растайтын анықтаманың түпнұсқасы қайтарылмайды.
      3) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесін. Қатысушы сауда-саттықтан кейін жүгінген кезде төлем құжатының түпнұсқасы қайтарылады;
      4) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың түпнұсқасын, сондай-ақ салыстырғаннан кейін қайтарылып берілетін түпнұсқасын қоса бере отырып, заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсыну қажет.
      Акционерлік қоғамдар олардың акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (ақпараттық хабарлама жариялану сәтіндегі) үзінді-көшірменің түпнұсқасын ұсынады.
      Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі нотариалдық куәландырылған аудармасымен бірге құрылтайшы құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелерін ұсынады.
      Тендерде қатысу үшін ұсыныстар жабық конвертте жазбаша ұсынылады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.04.2013 № 374 (ал

Орналастырылған күні: 15.11.2015 14:58

Өзгертілген күні: 15.11.2015 14:59:32


Саймасай ауылындағы А. Байтұрсынов мектебі туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет 24-69-21 / 1424
Наверх