Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +15 oC

Арнайы-тактикалық жаттығу

2017 жылдың 4 қазанында Талдықорған қаласының  телекомуникация тораптарының қызметкерлері «Азаматтық қорғау құрылымдарының дайындығы мен төтенше жағдайлар салдарын жою міндеттерін орындау және Азаматтық қорғаныс» тақырыбында арнайы-тактикалық жаттығу өткізді.

Жаттығудың мақсаты : төтенше жағдайларынан «Алматытелеком» ӨТД-нің қызметкерлерін қорғау,  қабылдау әдістемесін жетілдіру және ұйым жұмысының тұрақтылығын арттыру. «Алматытелеком» ӨТД-да бақылау, байланыс және ескерту жүйелерінің сенімділігін тексеру.

Арнайы-тактикалық жаттығуға Алматы облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасы бастығы Жуков Игорь Евгеньевич, №21 МӨСБ  және жедел-құтқару жасағы  және «Алматытелеком» ӨТД қызметкерлері қатысты.

Жаттығу екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең-  жедел ӨТД-ның жұмыс орнын тексеру, өрт туралы уақтылы хабарландыру, өрт сөндірушілерді шақырту, ғимаратта өртті сөндіру, қызметкерлерді уақтылы эвакуациялауды есептеу. Екінші кезең - 3 байланыс желісінен тұратын авариялық-құтқару тобы қосылыстың үзілген сымдарын қалпына келтіреді. Сымсыз интернет, дауыстық байланыс пен спутниктік арнайы төтенше штабқа және төтенше жағдай орын алғанда тұрғындарға ақпарат береді.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда «Алматытелеком» ӨТД-нің қызметкерлері мен байланыс арнасындағы қызметкерлері кез-келген зақымды жоюға дайын, ал байланыс қызметі аймақтағы төтенше жағдайлардың салдарын қалпына келтіру үшін басқа қызметтермен өзара әрекеттесуге әрқашан дайын.

         

Алматы облысы ТЖД
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметі»
мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
 

 

 

 


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 05.10.2017 16:15

Өзгертілген күні: 09.10.2017 16:55:50

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх