Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +12 oC

«Green Village» (Жасыл қалашық) жобасын іске асыру бойынша ақпарат

«Green Village» (Жасыл қалашық) жобасын іске асыру бойынша ақпарат

 

Жоба атауы: «Жаңғырылатын энергия көздерін қолдану арқылы  қолдану арқасында Жасыл қалашық құру».

Жоба мақсаты: Қазақстан Республикасының ауыз сумен және электр қуатымен қамтылмаған ауылдарды  қамтамасыз ету.

Өтініш беруші:  Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Корея Республикасының Сыртқы істер және сауда министрлігі.

Жобаның орындаушысы: Daegu City Gas Co; Ltd, (Корея Республикасы) және «Достык Энерго» АҚ.

Құрылыс бағасы: Корея мемлекеті тарапынан  74 млн. теңгеге грант.

Қалған соманы корея тарапының шығындары іс-сапар қаражаты, оқуға жіберу т.б. құрайды

Белгіленгеен қуаттылығы: 52 кВт (күн панельдері).

Пайдалануға беру уақыты: Жоба жоспар бойынша 2 жыл ішінде  жүзеге асырылады (2010-2012 жж.)

Құрылыс кезеңдері:

1 кезең: 2011 жылдың тамыз айы, 2 кезең: 2012 жылдың қаңтар айы.

Жоба бойынша қысқаша ақпарат:

Корея Республикасының үкіметаралық бағдарлама және үкіметаралық коммисияларының көмек бағдарламасы аясында «Daegu City Gas» кореял компаниясы тарапынан «Достык Энерго» акционерлік қоғамына «Green Village» жобасында бірлескен ынтымақтастықты жүзеге асыру ұсынылды.  Жобаның негізгі мақсаты - ауыз су мен электр қуаты тапшылығы бар ауылдық жерлерде қайта қуаттанатын күн-электр жүйесі мен жеке су сору жүйесін орналастыру.

2010 жылдың сәуір айында «Daegu City Gas Co»,  Ltd Корея Республикасы Үкіметінің іріктеу комитетінің оң шешімін алды.

 «Достык Энерго» АҚ өз тарапынан Алматы облысы әкімдігі ұсынған тұрғылықты жерлер (ауылдар) тізімін әрі қарай зерттеп, корея жағының талаптарына сай келетінін іріктеді.

2010 жылдың 16 шілдесінде Daegu City Gas Co., Ltd мен Кореялық халықаралық ынтымақтастық  бойынша Агенттік (KOICA) арасында жобаның іске асырылуына ақша бөлу туралы келісім-шартқа қол кою рәсімі өтті. Сол сәттен бастап «Жасыл қалашық» жобасы ресми ашық болып саналды.

2010 жылдың 25 тамызында Алматы қаласында «Daegu City Gas Co.», Ltd және «Достык Энерго» АҚ арасында өзара ынтымақтастық бойынша Меморандумға қол қойылды. Кездесу бағдарламасы бойынша таңдалған Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Сарыбұлақ ауылы  қажетті зерттеу жұмыстары мен анализдер өткізу үшін зерттелді.

2010 жылдың қазан айында «Daegu City Gas Co.» Ltd компаниясының  инженерлері мен жобалау-эксперттері Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыбұлақ ауылына жинақтау мақсатымен келген.

2010 жылдың 4-8 қазанында «Daegu City Gas Co.» Ltd компаниясының инженерлер мен жобалау-эксперттері жобалау учаскесінде жобалау құжаттамасын жасау үшін  барлық керекті өлшемдер, талдаулар алды.

2010 жылдың желтоқсанында  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі  атынан «Достык Энерго» АҚ, Алматы облысы әкімдігі мен  «Daegu City Gas Co.» Ltd компаниясы, Қазақстандағы Корея халықаралық ынтымақтастық агенттігі (KOICA, Корея Республикасы) арасында Ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

2011 жылдың 27 маусымында  бірінші кезеңіндегі жоспарланған жұмыстарды атқару бойынша келісмшартқа қол қойылды.

2011 жылдың 6 шілдесінде ұңғыма бұрғылау жұмыстары аяқталып, энергиямен және сумен қамтамасыз етуді қадағалау жүйесін  басқару орталығының құрылысы осы кезеңде ЖСҚ-ны әзірлеу және құжаттамаға сәйкес басқа да рәсімдерді өткізу  басталды.

 ·      1 кезеңде жоспарланған жұмыстар 2011 жылдың 16 тамызында аяқталды.

Алайда, екінші кезеңнің  орындалуы қондырғылардың салықтық босату рәсімдерінің және кедендік тазарту мерзімдерінің.

·      2 кезең жұмыстары 2012 жылдың қаңтар айында аяқталды.

Қазіргі кезде 52 кВт қуаттылығы бар күн электр станциясының монтаждау жұмыстары аяқталып, күн сәулесі панельдері, батареялар, инвертор-трансформатор (ұңғыма бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, энерго-су қамтамасыз ету басқармасының Орталығы тұрғызылып, күн сәулесі мен аккумулятор батареялары орнатылып, су жүйесі барлық 16 үйге жүргізілді. Электр станциясына Сарыбұлақ ауылының барлық үйлері қосылып, сумен қамтамасыз етілді.

 


Орналастырылған күні: 01.11.2016 14:56

Өзгертілген күні: 09.12.2016 19:36:38

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх