Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +14 oC

Талдықорған қаласындағы 3 күндік оқыту семинары

2018 жылдың 15 маусымында ISO 45001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар» стандартына сәйкес мамандардың біліктілігін арттыру» тақырыбында 3 күндік оқыту семинарын аяқталды.

Семинарға «АСПМК-519» ЖШС, «Темирбетон» ЖШС, «ТК Метакон» ЖШС, «Инфраэнерго» ЖШС, «Каратал Транзит» ЖШС, «Энерго – РЭМ ЖШС, «Farm Agro» ЖШС кәсіпорындарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кәсіби қауіпсіздік және денсаулық саласындағы сертификатталған менеджменттері бар мамандар қатысты.

Семинар барысында төмендегі мәселелер анықталды:

- ISO/FDIS 45001 «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі. Қолдану жөніндегі нұсқаулыққа қойылатын талаптар» - жаңа талаптар. Еңбекті қорғау және денсаулық сақтау бойынша басқару жүйесінің жаңа шарттары;

- ұйымның мазмұны. Мүдделі тараптардың қажеттіліктерін түсіну. Қолдану аясын анықтау. Көшбасшылық және міндеттілік. Ұйымдастыру функциялары, міндеттер, жауапкершілік және өкілеттік. Жұмыс орнындағы тәуекелді анықтау, тәуекелдерді бағалау және тиімді бақылауды жүзеге асыру.

Семинардың мақсаты ISO 45001 жаңа халықаралық стандартымен таныстыру болып табылады. Стандарт бөлімдері кәсіпорынды басқару жүйесіне қосымша емес, оның бөлшегі болу қажет (OHSAS 18001 стандартына сай).

Ұйымның орындауы қажет стандарттың негізгі талаптары қызметкерлердің ғана емес, сондай-ақ компанияның қызметімен (жеткізушілермен, мердігерлермен, серіктестермен) байланысты барлық адамдарға қатысты. Еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығының аясынан тыс мәселелерге ерекше назар аудару қажет.

Сонымен қатар, қатысушылар Оқу, сертификаттау және ғылыми жұмыс департаменті басшысының орынбасары, кәсіби қауіпсіздік және денсаулықты басқару жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор – Каримова Гүлмайды Қонысбайқызына тікелей сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды. Қатысушылар атап өткендей, семинар барысында көтерілген тақырыптар өзекті болып табылады және мамандар өздерінің күнделікті жұмысында кездесетін көптеген мәселелер бойынша түсініктеме береді.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 19.06.2018 09:04

Өзгертілген күні: 19.06.2018 09:07:18

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх