Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +19 oC
Талдықорғанда менеджмент жүйелері бойынша оқыту семинары өтті

Талдықорғанда менеджмент жүйелері бойынша оқыту семинары өтті

Осымен бесінші жыл Талдықорғанда ақысыз түрде кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу бойынша оқыту семинары өткізілді. Осы жылы, 17 қырқүйек күні, семинарға облыстың әр түрлі мекемелері мен ұйымдарының, соның ішінде мемлекеттік органдар мен Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының 100 өкілі қатысты.
Қатысушыларға:
- ISO 9004 «Сапа менеджменті. Ұйым сапасы. Тұрақты табысқа жету бойынша ұсынымдар»;
- ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар мен нұсқаулар» тақырыптары ұсынылды.
Дәріскер ретінде сәйкестікті растау органдары мен сынау зертханаларын бағалау бойынша эксперт-аудитор – Құрманғалиев Серік Шолпанкулович аталған тақырыптарды сөз етті.
Семинар қатысушыларына ISO 9004 және ISO 50001 жаңа стандарттарының талаптары ашылды. Көрсетілген стандарттар сапа менеджменті негізінде тәсілді пайдалану арқылы күрделі, талап етілетін және тұрақты өзгеретін ортада кез келген ұйымның тұрақты жетістігіне қол жеткізу жөніндегі ұсынымдарды қамтиды. Сондай-ақ, барлық қажетті құралдарды дұрыс және тиімді пайдалануға және энергетикалық менеджментті басқару жүйесінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Семинар барысында тыңдаушылар практикалық қызметте туындаған сұрақтар қойып, білікті жауаптар алды.
Семинар қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.


Орналастырылған күні: 18.09.2019 11:16

Өзгертілген күні: 18.09.2019 11:17:58

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх