Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -9 oC
Техникалық реттеу сұрақтарын түсіндіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қарасай ауданының кәсіпорындарын аралау

Техникалық реттеу сұрақтарын түсіндіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Қарасай ауданының кәсіпорындарын аралау

Техникалық реттеу сұрақтарын түсіндіру және кәсіпкерлікті  қолдау  мақсатында Қарасай ауданының кәсіпорындарын аралау

АҚПАРАТ – РЕЛИЗ
Алматы облысы
Қарасай  ауданы
06.06. - 08.08.2017 ж.  

                                         

                                                            

Техникалық реттеу сұрақтарын түсіндіру және кәсіпкерлікті  қолдау  мақсатында Қарасай ауданының кәсіпорындарын аралау

                                                               

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамызында   № 874  бекіткен Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған   мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында және 2017 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға  және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне  таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі  өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, Қарасай ауданының кәсіпкерлік бөлімімен  «Gold Сапа» ЖШС,  «СП Кока Кола Алматы  Ботлерс» ЖШС,  «Азия Агро Фуд» АҚ,  «АРА» АП ЖШС,  «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ, «Алматинский продукт» ЖШС, «Эфес Казахстан» Алматинский филиал ШК» АҚ, «ISKER COMPANY» ЖШС, «Каскеленский УПП КОС» ЖШС. аралау өткізілді.

Аралау барысында Қазақстандағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕЭО), кәсіпкерлікті дамыту және қолдауымен техникалық реттеу сұрақтары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жургізілді.

 «Хамле Компаний ЛТД» ЖШС,  «СП Кока Кола Алматы  Ботлерс» ЖШС,  «Азия Агро Фуд» АҚ,  «Gold Сапа» ЖШС,  «Алматинский продукт» ЖШС,  «Эфес Казахстан ШК» Алматы филиалы АҚ мамандары «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР  021/2011); «Тамақ өнімдерін таңбалау» (КО ТР  022/2011); «Көкөністер мен жемістердің  шырын өнімдері техникалық регламенті» (КО ТР 023/2011 техникалық регламентімен танысты.

Кедендік одақтың «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті  (КО ТР 005/2011) талаптарына сәйкес барлық кәсіпорындарға таңбалау бөлігі туралы ақпарат жеткізілді.

Презентация кезінде техникалық реттеу және метрология Комитеті - www.memst.kz  сайтына, Еуразиялық экономикалық комиссия - www.eurasiancommission.org  сайтына және НТҚМ бірыңғай  қоры - www.egfntd.kz сайттарына шолу жасалды.

«Қаселен КСК ОӨК» мамандарына (ҚР СТ «Нашар көретін мүгедектерге компьютерлік жұмыс орындарына арналған сөйлеу синтезаторы. Техникалық талаптар» жобасы; ҚР СТ «Нашар көретін мүгедектерге арналған жұмыс орны. Дамыту және қызмет көрсету тәртібі» жобасы) ұсыныс, пікірленін жолдау және танысу үшін ұлттық  стандарттардың жобалары ұсынылды.

Ақпараттық жүйеде қызмет көрсету «Интернет-дүкен», қолданыстағы нормативтік құжаттардың өзектендіру, сондай-ақ  «Онлайн-қолжетімділік» жаңа қызметінде НТҚ қарау бойынша түсініктемелер берілді, өнімді каталогтау жүйесі туралы  ақпараттар  ұсынылды.

Сондай-ақ,  ұлттық стандарттарды әзірлеу және қолданысқа енгізу туралы Ережелері, ДСҰ хабарламалары бойынша ақпараттар ұсынылды. Аралау барысында сұрақтарға жауап берілді, сонымен қатар техникалық регламенттер талабына сай шығарылатын өнімдердің сәйкестігін растау, таңбалау ЕЭО өтпелі ереженің қолданылуы бойынша.

Өндіруші-кәсіпорындарды аралау Бағдарлама мақсатының негізгі  жетістіктері үшін  жүргізіледі,  филиалдың,   аудандық  кәсіпкерлік бөлімінің,  жұмыстарының  бөлігі ғана болып табылады:

-       ЕАЭО және ұлттық заңнама шеңберінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер  енгізу және қабылдау бойынша ақпараттандыру.

- Еуразия экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттерінің күшіне енуіне байланысты техникалық реттеу сұрақтары бойынша күрделі мәселелерді қарау;  

-       отандық  нарықты зиянды  және сапасыз  өнімнен сақтау.

Кездесу қорытындысында кәсіпорынмен одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға  қол жеткізілді.


Файлы:  Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить / Загрузить (0 Б, )

Орналастырылған күні: 09.06.2017 17:21

Өзгертілген күні: 09.06.2017 17:25:51

Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Наверх