Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған -7 oC

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік қызметтер

Кажетті құжаттар

Қызмет көрсету мерзімі

Қызмет құны және төлеу тәртібі

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушi

1

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

standart.png reglament.png    

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық және және тұрғын үй инспекциясы бөлімдер

Қызметті онлайн алу

Порталда авторлану және «Қызметті онлайн алу» батырмасы бойынша өту.

Өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінімге құжаттарды қоса тіркеу.

Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" тарауында) сіздің кезегіңіз келгенде келіп түсетін, өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.

*Қазіргі сәтте қызмет мына қалалардың тұрғындары үшін қолжетімді: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Орал, Өскемен, сондай-ақ Ақтөбе облысының Байғанин және Хромтау аудандарының тұрғындары.

ХҚКО-на тапсыратын қажетті құжаттар:

нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруіне келісімін көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы талап етіледі);

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттарды ұсынады;

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы куәліктердің (2007 жылғы 13 тамызға дейін) көшірмелері;

жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасын ұсынады.

30 күнтізбелік күн

Тегін

Кезегінің реттік нөмірін көрсетіп, есепке қою туралы хабарлама немесе есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап

2

Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру

standart.png reglament.png  

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық және және тұрғын үй инспекциясы бөлімдер

Қызметті мелелкеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат немесе Паспорт (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы ұсынылады);

Жұмыс орнынан анықтаманы;

Мекенжай анықтамасы ұсынылады.

10 жұмыс күні

Тегін

Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру.

3

110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру

standart.png reglament.png    egov.png

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық және және тұрғын үй инспекциясы бөлімдер

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.

Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу .

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.

Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.

Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабарламаларым»тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар):

2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

Техникалық шарттардың көшірмесі;

Пайдаланушыны қосу схемасы;

Жүйелік оператордың қорытындысы;

Энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).

Қызметті портал арқылы алу үшін (қажетті құжаттар):

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

Техникалық шарттардың көшірмесі;

Пайдаланушыны қосу схемасының электрондық көшірмесі;

Жүйелік оператор қорытындысының электрондық көшірмесі;

Энергия беруші ұйымның қорытындысы (110 кВ және одан төмен объектілер үшін) (міндетті емес).

30 күнтізбелік күні

Тегін

110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру 1-қосымшаға сәйкес.

4

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру

standart.png  reglament.png

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

Тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық және және тұрғын үй инспекциясы бөлімдер

Қызметті онлайн алу («электрондық лицензиялау» www.elicense.kz порталында)

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту, осыдан кейін жаңа терезеде «электрондық лицензиялау» порталы ашылады.

Жүйеге кіру немесе  «электрондық лицензиялау» порталында тіркелу .

«Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылатын «электрондық лицензиялау» порталының бетінде қызметтің кіші түрін  таңдау және «Әрі қарай» батырмасы бойынша өту.

Қызметтің паспортында құжаттар пакетімен танысу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.

Қажетті деректерді көрсетіп, өтінішті толтыру және өз ЭЦҚ қою.

Берілген өтініштің мәртебесін Жеке кабинетте «Менің өтінішім» тарауында қадағалау. Рұқсатты алу туралы «Менің рұқсаттама құжаттарым», хабарлама алу туралы -  «Менің хабарламаларым»тарауынан біле аласыз.

Қызметті мемлекеттік органнан алу үшін (қажетті құжаттар)

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік актісі;
әзірлік актісіне 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-1-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленген температуралық кестеге сәйкес, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 15-3-бабының 2-тармағына сәйкес күзгі-қысқы кезең электр қуатының балансына сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

*Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.
 

Қызметті портал арқылы алу үшін (қажетті құжаттар)

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініш;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актінің электрондық көшірмесі;

Әзірлік актісіне, 3-қосымшада көрсетілген энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;

Станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңге бекітілген кестелерге сәйкес, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.

30 күнтізбелік күні

Тегін

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорты, әзірлік паспортының беруден бас тарту, не белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ дейін және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортының күшін жою туралы хабарлама.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру (МО)

standart.png

Тұрғын – үй, коммуналдық шаруашылық және және тұрғын үй инспекциясы бөлімдер


Орналастырылған күні: 21.12.2015 17:07

Өзгертілген күні: 19.10.2017 15:37:37

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх