Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +21 oC

Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырыс өтті

2018 жылғы 23 қарашада облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Алматы облысының барлық мүдделі ведомстволары қатысты. Ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің отырысында Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті негізгі инфекциялық емес аурулардан болатын өлім-жітімнің алдын алу және азайту; ЖКО-ның алдын алу, абаттандыру, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын жайластыру, өңірде жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы; мектептерде мектеп спорт секцияларының желісін кеңейту; ДДҰ "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектептер"жобасын іске асыруға білім беру ұйымдарын тарту мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша келесі шешімдер шығарылды: жол картасын іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар мен құрылымдар тарапынан ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту; мектептерде спорт секцияларын кеңейтуді қамтамасыз ету; "Денсаулық"мемлекеттік бағдарламасы нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты күшейту.


Орналастырылған күні: 27.11.2018 11:38

Өзгертілген күні: 27.11.2018 11:40:20

Кезек реті туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
Мемлекеттік бағдарламалар
Наверх