Қаріп көлемі: A A A
Сайттың түсі: A A
Қаріп түрі:
Нашар көретіндерге арналған нұсқа Мобильді нұсқа
Талдықорған +30 oC
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі

Орналастырылған күні: 16.05.2016 11:58

Өзгертілген күні: 16.05.2016 12:00:17

  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті 2016 жылдың 20 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заңына
(бұдан әрі - АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерістер енгізуімен байланысты, қаржы мониторингі субъектілерінің тізімінің кеңейтілуі туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3 бабы 1 тармағы келесі мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- ломбардтар;

- бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

- төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

Осы баптың 1-тармағының 17) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері туралы тиісті мәліметтерді уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.

Қосыша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің (www.kfm.gov.kz) ресми сайтына өтініз немесе 8 (7172) 74-97-52, 74-97-49, 74-97-39 «Қолдау қызметі» телефоны арқылы хабарласыңыздар.


Есік қаласындағы мектеп туралы
Кезек реті туралы ақпарат
Наверх